Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі


Еңбек және қоршаған ортаны қорғау



бет3/4
Дата23.04.2022
өлшемі46,62 Kb.
#140613
1   2   3   4
Байланысты:
Керамикалық кірпіш
Керамикалық қабырғалық бұйымдар, 1.Характеристика продукции (номенклатура), 10. Экономическая часть, тест тапсырмалары, 14 апта тапсырмалар, Day 3. Template for Language Analysis sheet
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау
Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сәйкестендіру ҚР МЖ 04-2003 өнім жіктеуіші бойынша, жинақтығында тану үшін жеткілікті болатын таңбалау мен ілеспе құжаттар бойынша, белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) кодтарын және Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші (ЭҚТ ӨЖ) кодтары бойынша оларға сәйкес келетін кодтарды пайдалану арқылы жүргізіледі.
Құрылыс нысандарын - ғимараттарды, құрылымдарды, құрылыстарды салу кезінде және әр түрлі жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшін орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары осы Техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары (оның ішінде импортталатындар) сатылу кезінде:
-тұтынушыны зиян келтірудің ықтимал қатерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті ілеспе құжаттамамен (пайдалану жөніндегі нұсқамалар, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттама және басқалары);
- тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өткізгеннен кейін оның әлеуетті қауіптілігі туралы тұтынушыларды сақтандыру үшін шаралар қолдануы мақсатында ақпараттандыру бойынша нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Азаматтардың тұрмыстық мұқтаждары үшін сатылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары:
- қауіпсіз, сақтау немесе жарамдылық мерзімі бітпеген, ыдысы және орамы бүлінбеген (нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес), пайдалану құжаттамасының толық жинағы болуы тиіс;
- егер дайындаушыдан, тұтынушыдан немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарынан нақты материалдар мен бұйымдардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат алынған болса, іске асырылуға (сатылуға) жіберілмейді;
- құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану жөнінде қауіпсіз пайдалану ережелері туралы тұтынушыларға арналған нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
- оларды сату кезінде іс-әрекеттер тәртібі туралы, әрі қарай тексеру мақсатында тұтынушылар шағымын тіркеу туралы сатушыларға арналған ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет