Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы теректі аудандық білім беру бөлімі


-ші бөлім Педагог кадрлармен жұмыс, олардың біліктілігін арттыру, аттестаттау



бет7/12
Дата14.11.2019
өлшемі2,27 Mb.
#51780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
НОВЫЙ ОТЖ 2019-2020


3-ші бөлім

Педагог кадрлармен жұмыс, олардың біліктілігін арттыру, аттестаттау.



Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

    1. - Педагогикалықұжымды мектептің жылдық жұмыс жоспарымен таныстыру және бекіту;

- Мектептің іс-шараларын нақты ұйымдастыру, жоспарлау.

1.2. Жас мұғалімдермен жұмыс жоспарын бекіту.

1.3. Аттестаттау комиссиясының құрамын және жоспарын бекіту

1.4. Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту

1.5. «Мектепке жол» жалпыға бірдей міндетті білім беру айлық жоспарын бекіту.

1.6. Мектеп бойынша кезекшілік графигін жасау, бекіту.

1.7. Педагог кадрлардың курстан өтуіне сұраныс жасау және курстан өтуін қамтамасыз ету.

1.8. Сабақ кестесін құру, бекіту.

1.9. Күнтізбелік жоспарларды бекіту

1.10.Педагог кадрлардың курстан, аттестаттаудан өтуге, газет-журнал беттеріне жариялымдар беругеперспективалық жоспар жасау, бекіту.

1.11. Мұғалімдердің және оқушылардың жеке бас іс қағаздарын толықтыру,реттеу

1.12. Құжаттарды толтыру мен сақтауға қойылатын талаптармен таныстырулар

1.13. Тарификация жасау, өткізу

1.13. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарын бекіту

1.14. Ғылымиәдістемелік семинар жоспарын жасау, бекіту



Тамыз

Қыркүйек

Қаңтар


Жұбаниязов Е.М.

Мектеп әкімшілігі

ӘБ жетекшілері

Сыныпжетекшілері

Пән мұғалімдері


2

2.1. Білім және Ғылым министрлігінің және облыстық білім департаментінің 2018 – 2019 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру, іс жүзіне асыру.

2.2. Сынып жетекшілерімен жоспарлау, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

Тамыз

Қыркүйек

ДО, Сарсенова А.М.,

Маштаев А.Т.

Малаева Г.М.

3

3.1.Бұйрықтардың басылымы:

- Аттестаттау комиссияны құру туралы;

- Сараптама топтарын құру туралы;

- Біліктілік категориясына ұсынылған педагог қызметкерлердің аттестаттау туралы.

3.2. Аттестаттау бойынша қабырға көрнекіліктерін жаңарту

3.3. Мұғалімдерді ақпараттандыру шаралары

- педагогика

- психология

- нормативтік құжаттармен таныстыру

3.4. Құжаттарды құру, шығармашылық есептерді ұйымдастыру, педагогикалық іс – тәжірибені тарату бойынша аттестаттауға ұсынылған мұғалімдерді әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету.

3.5. II біліктілік категориясын беру үшін бұйрық және аттестаттау комиссияның қорытынды отырысының хаттамаларын толтыру.

3.6. Облыстық, аудандық аттестаттау комиссиясы құжаттарды қарауы үшін аттестатталушы педагог қызметкерлердің портфолиясын дайындау, тапсыру.


Қыркүйек

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Үнемі
Наурыз
Наурыз

Жұбаниязов Е.М.

Сарсенова А.М.,

Маштаев А.Т.

ӘБ жетекшілері

Аттестаттау комиссиясы


4

4.1. Мектепшілік аттестаттау комиссиясының отырысы (негіз: ҚР білім және ғылым министрінің 27.01.2016 жылғы № 83 бұйрығы)

4.2. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі. Мұғалім портфолиясы (ашық сабақ және мұғалімнің шығармашылық лабораториясымен танысу)

4.3. Педагог қызметтерінің іс-жүзіндегі жұмыстарын бағалау аттестаттау комиссияның отырысы

Қыркүйек Желтоқсан

Наурыз

Мамыр

Сарсенова А.М.

Аттестаттау комиссиясы

5

5.1. Мұғалімдердің аудандық, облыстық, республикалық семинарларға, пед.оқуларға қатысуын қамтамасыз ету

5.2. Жаңа технологиялар, оларды бейімдеу туралыақпараттар беру

5.3. Ашық сабақтар, семинар, практикумдар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

5.4. Тәлімгер жұмысын ұйымдастыру

5.5. Кітапханадағы оқу-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау

5.6. Мұғалімнің табыстарының диагностикасы

5.7. Педагогикалық кадрлардың рейтингісін шығару

Жыл бойы
Айына 1 рет

Жоспарға сәйкес

Қыркүйек

2 айда бір рет

Мамыр

Маусым

Сарсенова А.М.,

Маштаев А.Т.

Малаева Г.М.

Рамазанова Г.С.

Нуртазиева А.Н.

ӘБ жетекшілері


6

6.1.Қысқы каникул уақытында сынып жетекшілерінің тәрбие бағытындағы материалдарының мазмұнын қайта қарау, толықтыру.

6.2 Тәрбие жұмысын жандандыру туралы кейбір сынып жетекшілерімен әңгімелесу.

Қантар

Малаева Г.М.

Рамазанова Г.С.

7

Жоғарғы оқу орындарымен байланыс . Ғалымдарды тарту арқылы олимпиадаға және ғылыми жобалар сайысына дайындықтарын күшейту

Ақпан

Сарсенова А.М.,

Маштаев А.Т.

8

8.1. Біліктілік категориясына ұсынылған педагог қызметкерлердің өтініштерін қарастыру.

8.2. Біліктілік категориясын растау немесе тағайындау аттестаттауға жататын педагогикалық қызметкерлердің тізімін құрастыру.

Мамыр

Жұбаниязов Е.М.

Сарсенова А.М.,




    1. Мұғалімдердің аттестаттауын дайындау және өткізу

Мақсаты: Аттестатталушы мұғалімдердің әрекетінің тиімділігін және біліктілікті арттырудың сапалы дайындығын ұйымдастыру.

Міндеттері:

  1. Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық қызметкерлердің шығармашылығын іске асыруға арналған жағдайларды құру.

  2. Оқу жылы бойы аттестатталушы мұғалімдердің жұмысының жүйесінің мониторингі және зерттелуі.

  3. Мектептің ұстаздары мен басқа да қызметкерлеріне олардың кәсіби деңгейлеріне сәйкес біліктілігін санаттарын тағайындау.

Аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен жұмыс

    1. Мұғалімдердің аттестаттауын дайындау және өткізу

Мәселесі: Аттестатталушы мұғалімдердің өздігінен білім алуындағы төмен белсендігі және өз тәжірибесін таратуы.

Міндеттері:

  1. Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық қызметкерлердің шығармашылығын іске асыруға арналған жағдайларды құру.

  2. Оқу жылы бойы аттестатталушы мұғалімдердің жұмысының жүйесінің мониторингі және зерттелуі.

  3. Тиімді педагогикалық еңбектің ынталандыру жүйесін ендіру.

Аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен жұмыс

р/с

Жұмыс мазмұны

мерзімі

Өткізуге жауапты

Күтілетін нәтиже

1

Аттестатталушылардан өтініштерді қабылдау және оларды тіркеу.

тамыз, 2019

мамыр, 2020



АК хатшысы

қызметкердің өтініші

2

Ағымдағы оқу жылында жоспар бойынша аттестацияға кіретін педагогикалық қызметкерлердің тізімдерін құрастыру

тамыз, 2019

мамыр, 2020



комиссия төрағасы

аттестатталушылардың тізімі

3

Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің аттестациядан өту бойынша болашақ жоспарын құру

қыркүйек

комиссия төрағ, орынб.

жұмыс жоспары

4

«Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің аттестациясы» стендін безендіру

қыркүйек

комиссия төрағ, орынб.

стенд саны

5

Аттестатталушы комиссиялардың мүшелеріне арналған «Педагогикалық қызметкерлердің аттестация бойынша нормативті құжаттар» нұсқама жүргізу.

қыркүйек

АК төрағасы

таныстыру

6

Аттестациялау комиссиясының отырысы

кесте бойынша

АК төрағасы

шешімдерді қабылдау

7

Аттестатталушы мұғалімдердің педагогикалық қызметінің нәтижелерінің сараптамасы (санақтық мәліметтердің талдауы, бақылау үзіктерін өткізу, оқушылардң дайындық сапасын бағалау, ашық сабақтар мен ашық шараларға қатысу)

кесте бойынша

АК мүшелері

шешімдерді қабылдау

8

Аттестацияға шығатын мұғалімдерге, оқушыларға арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларын дайындау.

наурыз

АК төрағасы

жағымды нәтиже

9

ББ қызметкерлерінің біліктілік деңгейін бағалауға арналған қажетті материалдардың тізімін бекіту, оның жұмысының тиімділігі.

қыркүйек

АК мүшелері

шараларды іске асыру

10


Аттестатталушының әрекетінің нәтижелерін жүйелеу және жалпылау. Аттестация нәтижелері бойынша құжаттарды дайындау.

жыл бойы

АК мүшелері

материалды толықтыру

11

Өтініш білдірген санатқа сәйкес аттестаттау парақтарын ресімдеу, аттестатталушыны өтініш білдірген санаттың талаптарымен таныстыру.

наурыз

АК мүшелері

аттестациялау парағының болуы

12

Жыл бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының қорытындысын жүргізу

маусым

АК мүшелері




Аттестаттау комиссиясының отырысы



Мазмұны

Айы

Жауаптылар

1 отырыс

1

Жаңа оқу жылына аттестаттау комиссиясының құрамын анықтау. Қайта таңдау. АК құрамын тағайындау бойынша мектептің бұйрық жобасын дайындау.

тамыз

АК мүшелері

2

Біліктілік санаттарын арттыруға, растауға үміткерлердің өтініштерін қарастыру.

АК мүшелері

3

2019 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша білімі мен санаты, еңбек өтіліне сәйкес барлық педагогикалық қызметкерлердің мінездемелерін зерттеу.

төраға,

АК мүшелері



4

Біліктілік санаттарын арттыруға, растауға өтініш білірген мұғалімдердің аттестаттаудан өту кестесін құрастыру.

АК мүшелері

5

Аттестатталушы мұғалімдердің тізімдерін бекіту.




2 отырыс

1

Өткен оқу жылы бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының қорытындысы.

қыркүйек

төраға орынбасары.

2

2017-2018 оқу жылында аттестациялау комиссиясының жұмыс жоспарын бекіту

АК мүшелері

3 отырыс

1

Өтініш білдірген әр педагогикалық қызметкерге аттестаттау бағдарламасын әзірлеу және бекіту

қараша

АК мүшелері

2

Аттестаттау-біліктілік тестілеудің бірінші кезеңіне мұғалімдері дайындау (мерзімінен ерте).

АК мүшелері

4 отырыс

1

Сарапшылық қорытындыны дайындау және оны бекіту

желтоқсан

АК мүшелері

2

Аттестаттау нәтижелері бойынша сарапшылық топтың төрайымын тыңдау.

АК төрағасы

5 отырыс

1

Жыл бойынша педагогикалық қызметкерлердің аттестаттау нәтижесін талдау.

мамыр

төраға орынбасары.

2

Алдағы оқу жылына біліктілік санаттарын арттыруға өтініштерді қабылдау.

АК төрағасы

ЖАС МАМАНДАРМЕН АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

«Зерде» жас мұғалімдер мектебінің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

 №

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

Күтілетін нәтиже

1.

Жасмамандарбойынша  банк деректерінжәнеолармен  атқарылатынжұмыс  жоспарынқұру .

- Еңбек тәртібімен таныстыру.

- Мұғалім имиджімен ,мектеп формасымен таныстыру.

- Тәлімгерлерді анықтау.

- Педагогикалық  қызметке  дайындық деңгейін анықтау

- Әдістемелік көмекке   қажетсінулерін анықтау үшін сауалнама алу

-Тақырыптық -  күнтізбелік және күнделікті сабақ  жоспарын құруға  көмек көрсету

-Әдістемелік тақырып таңдауға бағдар беру - Тоқсандық қорытынды, баға шығару туралы бағдар беру.



Қыркүйек


ӘБжетекшілері

Серік Б.Ж.



Жас  мамандар   әдістемелік көмек алады;

Тақырыптық- күнтізбелік жоспарларын реттейді.



2.

«Сынып жетекшісінің ата-анамен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістері» атты кеңес өткізу

- Жас сынып жетекшілеріне көмек . - Сынып сағаттарының деңгейін (жетістігі/кемшілігі) анықтау - Ата- аналар жиналысының дәстүрлі емес формаларымен таныстыру

-Тәрбие жұмысы папкасын жинақтау



Қазан

Серік.Б.Ж Рамазанова Г.С

Нуразиева А.Н



Сынып сағаты мен ата- аналар жиналысының өткізілу формаларымен танысады.

Тәрбие жұмысы папкасын жинақтайды.



3.

«Ашық сабақтар: ізденіс және бағыттар» атты онкүндік іс-шара

- Жас мамандардың тәлімгерлердің және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сабақтарына қатысуы(алдыңғы сабақтардың тақырыптары бойынша)

-Тәлімгерлердің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің , мектеп әкімшілігінің жас мамандардың сабақтарына қатысуы

- Үнемі мұғалімдердің  сабақтарына қатысу.



Қараша

Сарсенова А.М.

Серік Б.Ж.

Маштаев А.Т. ӘБ  жетекшілері

Тәлімгерлер



Іс- тәжірибемен бөліседі;

Сабақтардың және іс – шаралардың әзірлемелер, инновациялық технологияларды қолданады.



4.

«Жылдың ең үздік жас ұстазы» мектепішілік байқауы.

-«Талантты ұстаз – дарынды балаларға» мектепішілік  педагогикалық олимпиадаға қатысу.

-«Екі жұлдыз» байқауын ұйымдастыру

- «Сабақ берудегі сапалық көрсеткіш»

Қараша

Желтоқсан




Сарсенова А.М

Малаева Г.М Серік Б.Ж. ӘБ жетекшілері



Жұмыстанатын әдістемелік тақырыбын анықтайды;

Өз жұмысын және тоқсандық нәтижелерін талдайды.



5.

«Lesson Study - сабақты зерттеу әдісі » коучинг

- Сабаққа педагогикалық талдау жасау әдістерінің түрімен таныстыру

-Өзара сабаққа қатынасу дәптерін жүргізу.- Өз сабағын талдай білу



Қаңтар

РамазановаГ.С

Серік Б.Ж.



Lesson Study туралы түсінік қалыптасады;

Сабақты бақылау, қадағалау әдістерімен танысады.



6.

Өз  бетімен білімін көтеру бойынша жас  мамандардың жұмысын жетілдіру

-Зерттеу жұмысын жаңадан  бастағандардың  семинарларға баруы.             

- Ғылыми -  практикалық конференция  шеңберінде дөңгелек  үстелде сөйлеуі



Наурыз, сәуір

Жас маман.ь Маштаев А.Т. Серік Б.Ж. ӘБ жетекшілері

Жұмыс туралы есеп жазады. Конференция,семинар, байқауларға қатысады. 

7.


Дөңгелек үстел «Біреуді үйрету үшін, алдымен өзің үйрен»

Мақсаты: Жас мұғалімдер мектебінің  жұмысын қорытындылау.

-Жұмысының талдауымен ӘБ – те сөз сөйлеу.

-Атқарылған жұмыс туралы тәлімгерлердің есебі.



- Жыл қорытындысы : мадақтау, марапаттау.

- Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді анықтау.



Мамыр

Сарсенова А.М.

Маштаев А.Т.

Рамазанова Г.С

Серік Б.Ж



Жас маман Тәлімгерлер

Өз  жұмысының талдауы. Жас маманның портфолиосы. Жұмысы туралы есеп



4-ші бөлім

Білім беру процесін жақсартуға бағытталған педұжымның қызметі.



Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

Есеп түрі

1

Білім берудің мектепке дейінгі және бастауыш, бастауыш және негізгі, негізгі және орта мектеп сатыларының арасындағы оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдарының қызметі 0-1, 4-5, 9-10 сыныптардағы оқу тәрбие процесіндегі сабақтастық

Қазан

Сәуір

Сарсенова А.М.

Маштаев А.Т.


Анықтама

2

Қосымша білім беруді жетілдіру:

  • факультатив жұмыстары

  • үйірме жұмыстары

  • - экскурсиялар

Қыркүйек

Наурыз

Сарсенова А.М.

Маштаев А.Т.

Малаева Г.М.

Аныктама

3

Бейінді оқыту.

Жыл бойы

Сарсенова А.М.

Анықтама

4

Дарынды балалармен жұмыс. Мектепішілік олимпиадалар, байқаулар, конкурстар. Оқушылардың ғылыми қоғамы.

Караша,

Сарсенова А.М. Маштаев А.Т.

Анықтама

5

Оқушылардың өзін - өзі басқаруын дамыту бойынша іс – шаралар.

Жыл бойы

Малаева Г.М.

Есеп

6

Оқушылардың аралық, қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу.

Сәуір, мамыр, маусым

Сарсенова А.М.

Анықтама

7

Оқушылармен спорттық – сауықтыру жұмысы.

Жыл бойы

Малаева Г.М.

Есеп

8

Кәсіпті бағдарлау жұмысы.

Жыл бойы

Маштаев А.Т.

Анықтама

9

Мектеп кітапханасының кітап оқуды насихаттау бойынша жұмысы.

Қыркүйек, қантар

Амиргалиева Б.Н. кітапханашы

Анықтама

10



Оқушылардың сабаққа қатысуын талдау

ауысым бойынша, жыл бойына

Нуртазиева А.Н. Нурпейсова Д.С. Сынып жетекшілер

Сабаққа қатысу журналын толтыру

11

Үйде оқытылатын сырқат балалармен жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау

Қыркүйек желтоқсан мамыр

Сарсенова А.М. Сынып жетекшісі

Анықтама

12

Тәртібі қиын оқушылармен жеке жұмыс. Осы оқушылардың бос уақытын өткізу жүйесін, жасалған жұмыстарды талдау

қараша

Малаева Г.М. Рамазанова Г.С. Сынып жетекшілері Комиссия

Арнайы дәптер толтыру, анықтама, папка

13

Дарынды балалармен жұмыс

Жыл бойы

Маштаев А.Т.

Анықтама, есеп

14

ҚР Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығы дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру

Қаңтар

Рамазанова Г.С. Пән мұғалімдері

Анықтама

5-ші бөлім

Тәрбие жұмысының жүйесін құруға бағытталған педұжымның қызметі.

Ақсуат ЖОББ мектебінің жыл бойы атқарған жұмыстарының тәрбие жұмысы бойынша сараптамасы

2017 – 2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ – ның алдын алу» туралы Заңы Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысы «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығын басшылыққа ала отырып құрылды.



Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Көркем – шығармашылық қызмет арқылы өз бетімен жұмыстана білетін, жауапты жеке тұлға тәрбиелеу»

Мақсаты: Шығармашыл, өз бетімен жұмыстанатын, адамгершілігі мол, өзін және өзгелерді бағалайтын тұлға қалыптастыру үшін жағдай туғызу.

Міндеттері:

1.Әлеуметтік ортамен балалар ұжымын ұйымдастыруда оқушылардың өз бетімен жұмыстануын, жауапкершілігін, белсенділігін көтеру.

2.Мұғалімдердің біріккен шығармашыл қызметі, спорттық секциялар мен үйірмелерді ұйымдастыру арқылы шығармашылық ахуал туғызу жолымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.

3.Жасөспірімдердің рухни адамгершілік, танымдық, салауаттылығын дамыту үшін жағдай туғызу.

4.Жалпы және ғылыми білім беретін пәндердің тәрбиелік мәнін күшейту.

5.Мектеппен отбасы байланысын нығайту.

6. Оқушы балалар мен жастардың арасында діни экстремизмге қарсы шаралар мәнін күшейту.

Күтілетін нәтиже:

Баланың қызығушылығын дамыту үшін мектеппен отбасы ынтымақтастығын нығайту.

Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары 8 бағытты қамтыды және жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кеңінен жоспарланды.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 8 бағыттарына сәйкес жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді:

  • 1-бағыт. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі аясында қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

  • 2- бағыт. Рухани-адамгершілік тәрбие

  • 3- бағыт. Ұлттық тәрбие

  • 4- бағыт.Отбасы тәрбиесі

  • 5- бағыт.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  • 6- бағыт.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  • 7-бағыт.Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие

  • 8-бағыт.Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты

Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары Ақсуат ауылының инспекторы лейтенант Б.Галиевпен бірлесіп жасалды. Жыл басында атаулы мерекелік апталықтар сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.

1-бағыт. «Мәңгілік ел» патриоттық акт аясында қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбиені қалыптастыру. 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мен өз Отанымның патриотымын!» атты салтанатты жиынмен ашылып, 1-11-сыныптарда «Мәңгілік ел » патриоттық акциясы шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттары өткізіліп. Қазан - қараша айларында Елбасының «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар» мақаласы аясында өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың жоспары жасақталып бекітілді.Қыркүйек айында әлеуметтік педагог Д.Нурпейсова 5-10 сыныптар арасында «ЭКСПО – дан алған әсерім» ЭКСПО халықаралық көрмесіне барып келген оқушылармен кездесу өткізді, оқушылар өз ойларын ортаға салды.Мектеп кітапханасшысы Амиргалиева Б.Н. ұстаздармен 9-11 сынып оқушыларымен «Латын әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір сатысы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Тарих пәнінің мұғалімдері ұжымға «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты конференция оздырды, Муратов Р.С пен Муканалиева А.М екі тілде баяндама жасады, Курманов Е.Ж латын әліпбиіне көшуде болашақта елімізде қандай өзгерістер болуына болжау жасауда әріптестер талқылады. Қараша айында 1-11 сыныптарда «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты ашық тәрбие сағаттар өтті. «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» арналған онкүндік іс-шаралар жоспары құрылып,1-4 сыныптарда «Елімнің тұңғыш Президенті», 5-7 сыныптарда «Елін сүйген Елбасы», 8-11 сыныптарда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көсбасшысы» ашық тәрбие сағаттар өтті. 9-11 сыныптарға Тұңғыш Президент күніне арналған Губашева Г.К мен Ильясова Х.Н ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көсбасшысы» конференция өткізілді. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тақырыбында апталық оздырылды. Апталық барысы лездемемен ашылып, барлық сыныптарда тәрбие сағаттары оздырылды.1-4 «Тәуелсіз елім Қазақстан!», 5-7 «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең», 8-11 «Қазақстанның тәуелсіздігі еліміздің басты бағыты» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттар өтті. «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»атты мерекелік сазды кешпен апта соңы қорытындыланды. Сонымен қатар, осы кеште мектепішілік бірыңғай «ЖасҰлан» ұйымына мектебіміздің білімді, талантты оқушылары ант қабылдап, ұйым қатары 34 оқушымен толықты. Патриот айлығы аясында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесін өткізуге іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Айлықтың мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезімді ұялату, елін, жерін сүюге баулу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды . Айлық жоспар лездемеде оқушыларға таныстырылды. Іс-шаралар жоспарға сай уақтылы өткізілді. Барлық сыныптарда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына арналған «Әлемді аман алып қалғандар» атты ашық тәрбие сағаттары оздырылды. «Ұлы Жеңіс!» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында шығарма, суреттер байқауы ұйымдастырылды, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. 04 мамыр күні мерекеге арналған спорттық шаралар оздырылды. Дене шынықтыру пән мұғалімі А.Ж. Байдукешев 5-8 сыныптар арасында «Футбол», Н.В.Дуйсенгалиев 9-11 сыныптар арасында «Эстафеталық ойындар» ұйымдастырды.05 мамыр күні «Жырлаймыз Ұлы Жеңісті!» тақырыбында саптық шеру патриоттық әндер фестивалі оздырылды, қатысқан оқушы саны 14. Мектебіміздің 3-қабатында «Жеңіс даңғылы» «Аллея Победы» атты көрме ұйымдастырылып, стенд жасақталды. 06 мамыр күні мектебімізде салтанатты «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» тақырыбында тыл еңбеккерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

09 мамыр күні мектеп ұжымы және мектеп оқушылары «ҚаҺарман ұлт» Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіштер мен тақтатастарға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Құқықтық тәрбие

20 қараша күні «Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық онкүндік іс-шараларының жоспары құрылып бекітілді. 20-30 қараша аралығында МДТІЖ орынбасары Малаева Г.М, мектептің әлеуметтік педагогы Курманов Е.Ж «Балалар түнгі мезгілде», «Көше», «Жасөспірім» түнгі рейдтарын ұйымдастырылды. Қамтылған мұғалім саны 52. 20-30 қараша аралығында «Жас Ұлан» ұйымының бастауымен «Біз құқықтық қоғамда өмір сүреміз» атты суреттер, плакаттар сайысын өткізді 5-9 сыныптарға. 20-24 қараша күндері «Құқығынды білу-өзіңді қорғау», «Бақытты балалық шақ» тақырыптарында тәрбие сағаттары оздырылды. 23 қараша күні мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдері Курманов Е.Ж. және Муратов Р.С. «Менің құқығым» интеллектуалды ойын 9-10 сыныптар арасында ұйымдастырды Не?Қайда?Қашан? атты. Қамтылған бала саны 45. 24 қараша күні мектеп психологы Дарменова А.С. «Жаман әдеттен аулақ бол» атты тренинг өткізді 8-11 сыныптарға. Қатысқан оқушы саны 75. «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дәріс оқылды. 27 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет және орыс тілі мен орыс әдебиеті пән бірлестінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-8 сынып аралығында «Біз әлемді өзгертеміз», «Зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында эссе байқауы оздырылды. Қатысқан бала саны 12. 16 қараша күндері «Бала құқығы-адам құқығы» жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Қатысқан ата-ана саны 148. МДТІЖ орынбасарлары Г.Малаева және Г.Рамазанова . «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» атты дөңгелек үстел өткізді 8-11 сыныптарға. Қамтылған оқушы саны 66.29 қараша күні «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ауылдық полиция инспекторы Б.Галиевтің қатысуымен  кездесу өткізілді, кездесу барысында полиция инспекторы Б.Галиев Теректі ауданы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқықбұзылықтар туралы мәлімдеді, аудан бойынша қанша оқушы тіркеуге алынғаны жөнінде айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті: 5-10 сыныптар арасында ерікті «Адал Ұрпақ» клуб ұйымы құрылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру негізінде «Парасатты азамат» бұрыштары ұйымдастырылды. 18 қазанда 9-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізіліп, жақсы жазылған жұмыстар әділ қазылар анықтап, мадақтама тапсырылды.(20 оқушы қамтылды). 19 қазанда 8-11сыныптар үшін,  жасөспірімдер арасында заң нормаларын түсіндіру негізінде мектеп инспекторымен бірге  «Мектеп жемқорлыққа қарсы» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.(198 оқушы қамтылды). 10.11.2017ж  9-11 сыныптар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында практикалық пікірталас өткізілді. Сынып 2 топқа бөлінді. І топ: «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік», ІІ топ: «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» туралы талдады. Пікірталасты тарих пәні мұғалімдері Курманов Е.Ж пен Муратов Р.С. жүргізді. (87 оқушы қамтылды). 1-4 сыныптар арасында еліміздің сайлау қағидаттарына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» тақырыбымен сюжеттік-рөлдік ойынын өткізді.(86оқушы қамтылды)

5-8 сыныптар арасында«Мемлекеттік қызмет - өмірлік  ұстаным» мемлекеттік қызмет ардагері Саматова Моншак апай қатысуымен сынып сағаты өткізілді. Жауаптылар 6А,8А сынып жетекшілері Баймуратова Ж.С мен Муратов Р.С . (84 оқушы қамтылды). 23 қарашада ерікті  «Адал ұрақ» клуб мүшелерімен 9-11 сыныптар арасында «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ісшараның мақсаты: ҚР құқықтық мемлекет екендігін сипаттау, талдай алуға, өз ойын еркін жеткізуге, қорытынды жасай алуға баулу. (84- оқушы қамтылды). 29 қарашада мектепте «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» 1-4 сынып оқушылары арасындағы суреттер көрмесі байқауы өткізілді.( 86-оқушы қамтылды)

«Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгез қараудың  алдын-алу»  жұмыс жоспары жүйелі түрде жасалған. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу мақсатында «Қоғамда қатыгездікке жол жоқ!» тақырыбында арнайы сайт ашылды. Кәмелетке толмағандардың жеке қиындықтарын шешу, көмек көрсету мақсатында олардың ата-аналары (заңды тұлғалар) үшін «Сенім жәшігі» орнатылды.

1-11 сыныптарда «Қатыгездіксіз балалық   шақ» тақырыбы аясында балалардың жас ерекшелігіне сәйкес сынып сағаттары өткізілді.

Әлеуметтік педагог Смағұлова Назгүл Бекзанқызы жағдайсыз, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың оқу үлгеріміне, сабаққа, қосымша үйірмелерге және секцияларға қатысуына бақылау жасап отырды.

Сонымен қатар сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына көп көңіл бөлу керектігі ескертілді. Сондай-ақ ұстаздар және оқушылар арасында «Жүректен жүрекке» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Астана қаласы, Алматы ауданы Ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция лейтенанты Байкөкшинов Мирас Кенжетайұлы, полиция капитаны Алипова Балжан аула клубтарында кәмелетке толмаған оқушылармен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, мектеп психологы Нуриддинова Б. 9-11 сынып оқушыларымен «Қылмыс және жазалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мектепте «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылған. Онда «Бала құқығы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы», «Тәрбиелеу мен жол бермейтін қатыгездік туралы» материалдар және ата-аналар мен оқушылар үшін сенім телефондары жинақталып ілінді.

Сынып ата-аналар жиналысын қорытындылау мақсатында ақпан айында  мектепішілік ата-аналар комитетінің отырысы өтті.

Әлеуметтік-қауіптік жағдайдағы оқушылар сыныптағы, мектептегі қоғамдық іс-шараларға тартылды. Мектептегі «Қызғалдақ» қыздар клубының жұмыс жоспарына сай  8-11 сынып қыз балалары арасында қыздар жиналысы өткізіліп, қоғамдық ұйымдардың қолдауымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызының басқаруымен қыздардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесі, шахмат үйірмесі, спорт үйірмелері, би-драма үйірмелері  өз жұмысын жалғастырып отыр.

Мектептегі ер балалардың тәлімгері болып тағайындалған мұғалімдер:  Ташенов Серік пен Байдол Қайраластың ұйымдастырумен ер балалар арасында жиналыстар өткізіп тұрады.

«Игілікке шақыру, игілікте жарысу, жақсылық істеуге асығу» атты тақырыпта 9-10 сынып ер балалар арасында тренингті Жанатхан Қуанбек өткізді.

Мектеп сайтында қатігездікті алдын-алу мақсатында әр түрлі жолдаулар мен ақпараттарды жаңғыртып отыру қарастырылған.

Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды сыныпішілік, мектепішілік іс-шараларға тарту әдістерін қолдану бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.

Жоғарғы сынып оқушылары арасында «Бала құқығы туралы» Заң, «Неке және отбасы» Кодексі, «Бала құқығы туралы» Конвенция құжаттары түсіндірілді.

2 – бағыт. Рухани-адамгершілік тәрбие: 2017 жылы тамыз - қыркүйек айлары аралығында өткізілген «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп оқушыларына демеушілік пен қайырымдылық көмектер көрсетілді.Кәсіпкерлер өз тарапынан үндеуге өз үлестерін қосып, оқушыларға қолдау көрсетті. Осы республикалық акциясының өтуіне мектеп ұжымы, ауыл әкімшілігі және демеушілердің де ат салысуының арқасында биылғы жылдың тамыз, қыркүйек айларында жалпы сомасы 159941 теңге көлемінде көмек көрсетіліп, 44 оқушы қамтылды. Соның ішінде, мұқтаж болған 4 оқушыға мектеп ұжымының атынан 24000 теңге көлемінде мектеп формалары мен оқу құралдары сатып алынды. «Ақсуат» ЖШС директоры Джумагалиев Б.К. демеушілік көрсетіп, мектептің 41 оқушысына 80000 теңге көлемінде оқу құралдарын табыстады.

Қазан айында «Мейірбандық күндер» облыстық қайырымдылық айлығын өткізу жөнінде бұйрықты басшылыққа ала отырып іс-шаралар жоспары құрылды.Жоспар лездемеде оқушыларға таныстырылды.Іс-шаралар жоспарға сай уақытылы өткізілді.Іс-шаралар бойынша төмендегі кестеде көрсетілген. Ақсуат ауылында тұратын жалғыз басты Казгулова Зоя әжей, Кузенбаев Қалеш атаға «ЖасҰлан» ұйымының 12 оқушылары барып үйін, аулаларын тазалап берді., 6-8 сыныптар арасында «Мейірімді бола білейік» атты дөңгелек үстел оздырылды. Мектебіміздегі ерекше білім қажет ететін 22 арасында «Әрбір бала бір жұлдыз, әр жұлдыдың орны бар» байқау ұйымдастырылды, байқау барысында әр оқушы өз талантарын көрсетті (ән, би, аспапта ойнау), байқау соңында мақтау қағазымен марапатталды. Айлықтың қорытындысы «Шын жүректен» мерекелік концерт қорытындыланды.Қайырымдылық акциясы аясында барлық сыныптарда «Қариясы бар –ел қасиетті»тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, 6а,б,в сынып жетекшілердің бірлесе ұйымдастыруымен мектепішілік «Қариялар азайып бара жатыр» атты әдеби- сазды кеш оздырылды.Әр сынып оқушылары өздерінің аталарымен, әжелерін мерекелік концертке шақырып, сыйлықтарын ұсынды.

Қазан айында «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» мерекелік кеш оздырылды..Ұстаздар күніне орай мектебімізде 10-11 сынып оқушыларының бастамасымен өзін-өзі басқару күні оздырылды.Бұл аталмыш күнде лездеме оздырылып, мектеп оқушылары ұстаздарды құттықтады. 10 қаңтар-10 ақпан аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына байланысты жоспары жасақталып, бекітілді.Мектепке бекітілген шағын аудан учаскелеріндегі үйлерді аралау және 0-18 жасқа дейінгі балаларды есепке алу, оқумен қамтылған балалар мен жасөспірімдерді анықтау рейдтер жүргізілді, қатысқан мұғалім саны -45. Қазіргі таңда қадағалаусыз және панасыз қалған, дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген оқушылар анықталған жоқ.Ақция аясында мектеп дәлізіне бұрыш жасақталып, хабарландыру, плакаттар орнату жұмыстары ұйымдастырылды.Ірі өндірістік компанияларға, кәсіпкерлерге үндеу хаттары таратылды. 22-24.01 күндері барлық сыныптарда «Қамқорлық» қайырымдылық акция аясында 1-11 сыныптарда «Жүрегім толы мейірім» тақырыптарында сынып сағаттары оздырылды. 20 оқушыға мектеп ұжымы демеушілік көмек көрсетті, яғни 2 оқушыға аяқ-киім, 1 шалбар, 17 оқушыға мектеп құралын табыстады. Мектеп басшысы Айгуль Максутовна Сарсенова 2 ауысымда безендірілген бұрышта оқушыларға салтанатты түрде сыйлықтарды табыстады. Өкінішке орай мемлекеттік органдың, бизнес құрылымдардың өкілдерін, меценаттар мен демеушілерге үндеу хат жолдағанымен ешқандай көмек көрсетілмеді.

15-20 қаңтар күндері 1-4 сыныптарда «Сыпайлылық әліппесі», 5-7 сыныптарында «Мейірімділік пен сыпайылылық ережелері», 8-11 «Мейірімділік пен сенім есігін ашады» атты тәрбие сағаттар өтті.

Адамгершілік жыныстық тәрбиесі аясында:

Қыркүйек айында мектепішілік «Ақжүніс» қыздар клубтары мен «Сұңкар» ұлдар клубтарының жылдық жоспары жасақталды.Клуб жетекшілері бекітіліп, тоқсан сайын отырыс ұйымдастырды. Қыркүйек айында 6-7 сыныптарға мектеп медбикесі А.Насигазиева «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында сұхбаттасты, қыздар өз ойларын ортаға салып талқылады.16-21 қазан күндері 1-7 сыныптарда «Ұл мен қыздар арасындағы достық», 8-11 «Гендерлік тәрбие бұл ...» тақырыптарында тәрбие сағаттары оздырылды. 5-11 сыныптарда «Ақжүніс» қыздар ұйымының жоспары құрылып, ай сайын жиналыстары оздырылып тұрды. Жиналысқа 5-11 сынып қыз балалары, мектеп медбикесі, ауылдық акушер-гинеколог дәрігер қатысып, қыз балалар тәрбиесі, тазалығы турасында ақыл-кеңестер берілді. Ұйымда қаралған мәселелер: «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар», «Бізге бәрі қызық», «Подростковая беременность и ее проблемы», «Гигиена девочек» .

Ақпан айында «Қызым саған айтам...» атты 5-8 сынып қыздарына арналған қыз балалар жиналысы өтті. Жиналысқа 38 қыз қатысты. Қыздарға мектеп формасы жөнінде айтылып, мектеп ішіндегі тәртіптері туралы, бояну, т.б түрлі тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды. Бейнероликтер көрсету арқылы қыз балалардың жат қылықтан аулақ болулары ескертілді

Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шаралары:

Қыркүйек айында 1-11 сыныптар бойынша отбасында теріс діни көзқарасы бар намаз оқитын және хиджаб киетін оқушыларды анықтау мақсатында мәлімет жинақталды, Ақсуат ЖОББ мектебінде хиджаб киетін, намаз оқитын оқушылар анықталған жоқ. Мектеп кітапханасшысы Б.Амиргалиева «Дін –ислам діңгегі» атты кітаптар көрмесін өткізді. Қазан-ақпан айларында мектеп психологтары А.Нуртазиева мен А.Дарменова 7-8 сыныптарға «Діни экстремизм туралы не білеміз?» тақырыбында сауалнама жүргізді. Қараша айында ата-аналар жиналысында 1-11 сыныптарында «Ата-аналармен діни сауаттылығы »туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Қаңтар айында дінтану пәнінің мұғалімі Е.Курманов 9-11 сыныптарға «Қазақстандағы теріс ағымдағы діни экстремизм және терроризм қауіп-қатері» тақырыбында бейнефильм көрсетті және соңында өз ойларымен бөлісті. 9-14 сәуір күндері 8-11 сыныптар арасында «Экстремизм және ланкестік» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізді.
3- бағыт. Ұлттық тәрбие. Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, ҚР этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау мақсатында қыркүйек айында «Тіл -татулық тірегі» тақырыбында онкүндік өтті. 18-23 қыркүйек күндері 1-4 сыныптарда «Тіл – достық көпірі», 5-7 «Тіл – халықтың тірі жаны», 8-11 сыныптарда «Мемлекеттік тілмен болашаққа» тақырыптарында тәрбие сағаттары, «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мерекелік шара өтті. Қыркүйек айында «Мемлекеттік рәміздер – Ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында кітапханашы Амиргалиева Б.Н Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау мақсатында кітаптар көрмесін өткізді. Қаңтар айында 9-11 сыныптарда «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған конференция оздырылды. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бірлігіміз жарасқан!» атты мерекелік шеру ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өздеріне берілген Қазақстанды мекендейтін әр ұлттың киімдерін киіп, өнерлерін көрсетті. Сәуір айында «Туған жерге тағзым» жобалар байқауы бойынша 5-6-сыныптар «Туған өлке топонимикасы», 7-8-сыныптар «Туған өлке табиғаты», 9-сыныптар «Ақсуат мектебінің тарихы», 10-11-сыныптар «Туған өлке тарихы» (соғыс, тыл, еңбек ардагерлері туралы) тақырыптарында мәліметтер, деректер, материалдар жинап, зерттеу жобаларын жүргізді.

4- бағыт. Отбасы тәрбиесі Мектебімізде 2017-2018 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының әлеуметтік паспорты жасақталды. Жалпы оқушы саны 264 болса, ата-ана саны 128. Мектеп бойынша толық емес отбасында 32 оқушы тәрбиеленіп отыр, оның ішінде ана тәрбиесінде 29 оқушы, әке тәрбиесінде оқушы. Әлеуметтік паспорт бойынша бірнеше ата-аналардың жұмыссыз екені анықталып отыр. Жұмыссыз ата-аналар 112 болса, жұмыссыз әке саны 21. Мектепте ата-анасында баспанасы жоқ, әғни пәтер жалдап жүрген 6 оқушы тіркеліп отыр. Қыркүйек айының І аптасында 1-сыныптың жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытылуына байланысты ата-аналарына психологиялық көмек түрінде «Өз балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында мектеп психологы Нуртазиева мен сынып жетекшісі Серік Б.Ж ұйымдастыруымен конференция өткізді. ІІ аптасында барлық сыныптарда отбасы күніне арналған тәрбие сағаттар оздырылды.Қараша айында 1-6 сыныптар арасында «Менім отбасым» суреттер байқауы өткізіліп, жеңімпаздар мектепішілік лездемеде мақтау грамоталарымен марапатталды.05-10 наурыз аралығында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 1-4 сыныптарда «Ана – әлемдегі ең жақсы сөз», 5-7 сыныптарда «Ана, аяулы ана!», 8-11 сыныптарда «Тіршіліктің тірегі - ана» тәрбие сағаттар оздырылды, ата-аналардың қатысуымен.6 наурыз күні 8-11 сыныптардың арасында «Мектеп аруы - 2018» байқауы оздырылды. Байқауға 6 ару қатысып, әділқазылар қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпазы болып 9а сынып оқушысы Бакбасова Асылжан «Мектеп аруы-2018» атағына ие болды. Сәуір айында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Байдукешев А.Ж пен Дуйсенгалиев Н.В 5-7 сыныптар арасында «Толағай» отбасылық жарыс ұйымдастырды. Жарыс 5 турдан тұрды. Жарысқа 5 отбасы қатысты, 3 орын 5а сынып Жаманқұловтар, 2 орын 6в Бегалиевтер, 1 орын Тельмановтар отбасылары жеңіп алды.

Ата-аналар жиналыстары мен ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау:

Сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары уақытылы жоспарға сай өткізіліп тұрды.

23-25 қыркүйек аралығында 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда қаралған мәселелер: мектеп ережесімен таныстыру, бекіту; жаңа оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау; «Отбасы - бақыт мекені» ойталқы; ОЖСБ, ҰБТ туралы ата-аналарға түсінік беру мәселелері қаралды.

23-25 қараша аралығында 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда қаралған мәселелер: І тоқсан қорытындысы; «Жазасыз тәрбие беру» баяндама; «Жасөспірім және құқық бұзушылық» ойталқы, ағымдағы мәселелер.

18-20 қаңтар аралығында ата-аналар жиналысы оздырылды. Қаралған мәселелер: ІІ тоқсан қорытындысы, «Менің баламның қауіпсіздігі» пікірталас, 11 сыныптарға «Сапалы дайындық – сағыңды сындырмайды»ҰБТ мәселесі.

06-08 сәуір аралығында ата-аналар жиналысы оздырылды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер ІІІ тоқсан қорытындысы, Білім сапасын бақылау мен бағалау мәселелері қозғалды.

22-24 мамыр аралығында өткен ата-аналар жиналысында қаралған мәселелер: ІVтоқсан, жылдық қорытындысы, жазғы демалысты ұйымдастыру, оқушының өмір қауіпсіздігі, құқықбұзушылықты алдын алу.

Биылғы оқу жылында жоспарға сай екі жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

18 қаңтар күні өткізілген «Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата –аналардың жауапкершілігі» тақырыбындағы жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысына барлығы 128 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. «Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата – аналардың жауапкершілігі» МДТІЖО Малаева Г.М

  2. І жартыжылдық бойынша мектептің білім сапасы мен үлгерім деңгейінің талдауы. МДОІЖО Сарсенова А.М

  3. «Балалар агрессиясы: не істеу керек? Агрессияның себептері және алдын алу жолдары». Мектеп психологы Дарменова А.С

  4. І жартыжылдық бойынша тәрбие бағытындағы атқарылған жұмыстар. Тәлімгер Дарменова А.С

12 мамыр күні өткен жалпыұлттық бірыңғай ата-аналар жиналысына 137 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі. МДТІЖО Курманов Е.Ж

  2. Демеушілік және қайырымдылық көмек. МДТІЖО Рамазанова Г.С

  3. Жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру және мектеп бітіру шаралары мәселелері. МДОІЖО Сарсенова А.М

Сәуір айында мектеп психологы «Өзара түсіністік негізі неде?» тақырыбында тренинг, әлеуметтік педагог «Балалар тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі» тақырыбында аз қамтылған отбасылармен отырыс өткізді.

5- бағыт.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 5 қыркүйек күні 4- 11 оқушылары арасында мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен әр сенбі күні «Біз таза ауланы қалаймыз!» тақырыбында сенбілік жұмыстары өткізілді.

Сонымен қатар, бейнелеу өнері мен технология пәні мұғалімдері М.А.Габдуллина, Ж.С.Гусманова 1-11-сынып оқушыларын қатыстыра отырып, «Күзгі өнімдер» байқауын ұйымдастырып, жеңімпаз оқушыларды марапаттады.

Қоршаған ортадағы адамның орнын түсінуге негізделген табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынасын, табиғатты қорғауға деген ұмтылыстарын және әлемнің біртұтастығымен ондағы адамның орны туралы түсінігін, өзін табиғаттың бір бөлшегі деп тануы жайлы білімдерін сонымен қатар табиғаттағы тіршілік иелеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту мен қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларымен бірлесе отырып қазан айында жаппай «Таза мектеп ауласы» атты сенбіліктер ұйымдастырылып отырды.

17-22 сәуір аралығында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жер күніне арналған «День земли» тақырыбында экологиялық конференция және экологиялық форум оздырылды.

Ақпан айында 1-11 сыныптарда «Менің сүйікті ауылым, сен маған қымбатсың!» тақырыбында суреттер көрмесі оздырылды, оқушылар шығармашылығы дәлізге ілінсе, 5-11-сыныптар арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторымен кездесу ұйымдастырылды. Наурыз айында жоспарға сай «Бұл –біздің Ту», «Бұл - біздің Елтаңба», «Бұл – біздің Гимн» атты 1-11- сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары оздырылды.

Сәуір айында «Таза мектеп ауласы» атты сенбіліктер ұйымдастырылып, мектеп ауласын тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, мамыр айында мейрамдарға байланысты мерекелік шаралар оздырылды. 23 сәуір күні мектебіміздің алғашқы әскери дайындық жетекшісі, «Жас құтқарушылар» тобының оқушылары ауылымыздағы тыл еңбеккерлері Казгулова Зоя әжейдің және Губаев Маулет аталардың үйлеріне барып, аулаларын тазартты, ата-әжелеріміз оқушыларымызға алғыстарын білдіріп, рахмет айтты. 10-22 сәуір аралығында «Саябақтар шеруі» акциясының жоспары құрылып, бекітілді. «Саябақтар шеруі» акциясының іс-шаралар жоспары мектепішілік лездемеде оқушыларға таныстырылды, қатысқан оқушы саны 267. «Саябақтар шеруі» - оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ұлттық саябақтар табиғатын сақтау және  молайту проблемаларына тарту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілетін жыл сайынғы халықаралық акциясы. 14 сәуір күні мектебіміздің бейнелеу пәнінің мұғалімі М.А.Габдуллина 4-6 сыныптар арасында «Табиғат – адам тағдыры» атты суреттер байқауын өткізді. Үздік салған оқушылар шығармашылықтары І қабаттағы дәлізге ілінді.13-22 сәуір аралығында «Природа и фантазия» экологиялық көрме ұйымдастырылды. 14 сәуір күні химия пәнінің мұғалімі Губашева Г.К 9 сыныптарда «Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыбында экологиялық сабақ өткізді. Сабақ барысында сыныпты топтарға бөліп экологиялық мәселелерді талқылады.15 сәуір күні мектебімізде көше, елді мекендерді тазалау, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке мектеп ұжымы, оқушылар түгелдей қатысты, ауылымыздың Фурманово, Пришкольный, мектеп ауласы тазартылды. 17 сәуір күні 1-11 сыныптарда «Табиғатым – тал бесігім» атты тәрбие сағаттар оздырылды. 20 сәуір күні биология пәнінің мұғалімі Избасарова Г.М «Жасыл әлем – балалардың көзқарасымен» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. 9-11 сыныптар арасында биология пәнінің мұғалімі Бохаева Қ.М «Табиғат – сенің үйін» атты экологиялық сайыс өткізді. Бұл сайыста оқушылар экологияға байланысты білімдерін ортаға салды, І орын 9а, ІІорын 10а,б, ІІІ орын 9в сыныптары женіп алды. 21 сәуір күні мектебімізде 7-10 сыныптар арасында «Экология және балалар» атты конференция оздырылды. 22 сәуір күні бүкіл әлемдік Жер күні мерекесіне және «жасыл даму» бағдарламасының орындалуына орай «Саябақтар шеруі» акциясының салтанатты мерекелік шарасы оздырылды. Мерекелік шараға ақсуат селолық округінің жетекші маманы Тулегенов С.Х, ақсуат селолық округінің жастар жетекшісі Джаналиев К.О, мектеп ұжымы, 1,11 сынып оқушылары және үгіт насихат топтары қатысты. Мерекелік шараны мектебіміздің директорының құттықтау сөзімен ашылды, үгіт-насихат тобы жер күніне арналған қойылымдарын көрсетті. Келген қонақтар, 1,11 сынып оқушылары бұталар мен ағаштар отырғызды. мектеп түлектері арасындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын күшейту бойынша «Мамандық әлемі» атты айлығының іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Мектепішілік лездемеде «Мамандық әлемі» атты айлықтың іс-шаралар жоспары таныстырылды. Мектеп кітапханасшысы Б.Н.Амиргалиева «Мамандық таңдау – келешекке бастау» жылжымалы және ауыстырмалы стенд жасақтады. Бұл стенд мектебіміздің І қабатына қойылды. Кәсіби бағдар беру бойынша топтық кеңестер құрамы жасақталды. 6 сәуір күні 9-11 сыныптарда кәсіби бағдар бойынша тест жұмыстары жүргізілді. Қазан айында 9-11 сыныптарда «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбы ақпан айында 9-11 сыныптар оқушылары арасында жүзеге асырылды. «Білімді мыңды жығар» деген ең басты тақырыпқа негіз болды. Тек мамандықтар мен таныстырып қана қоймай білім қорытындылау негізіндегі өзгерістерге де көңіл бөлінді. Қабілеттілік, еңбекқорлық, дарындылықтың негізіне ой салды. Білімін арттыра отырып, оны терең пайдалана білу, іздене отырып, жұмыстана білу қабілетті қалыптастыру негіз болды.

6- бағыт. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие. Оқушыларға эстетикалық ұғыну мен күйзелісті, талағам құндылықты құруға бағытталған қабілеттіліктерін эәне әсемдік туралы ғылым-талғам жөнінде түсініктерін қалыптастыру мақсатында қаламыздағы мұражайларға, қоғм қайраткерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген сурет көрмелеріне, ән байқауларына және әртүрлі өнер саласы бойынша сайыстарға мектеп оқушылары толық қатыстырып отырылды. Мектепішілік оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Қыз сыны», «Қазақ халқының өнері», «Эстетика және оқушы», «Жұлдызды қала – Астана», «Әсемдік бұрын және қазір» атты қыздыр арасында пікірсайыс, т.б. тақырыптарда іс-шаралар және тәрбие сағаттары, макеттер байқаулары ұйымдастырылып жоғары деңгейде өткізілді.

14-16 қараша күндері 1 -11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Алтын күз - 2017» сайысы өткізілсе, 26-29 желтоқсан аралығында сыныптарда сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа Жылым, арамызға!» атты ертеңгіліктер мен мерекелік шаралар оздырылды. 3-4 сыныптарда жаңа жылдық мерекенің өту барысы басынын аяғына дейін жоғары деңгейде ұйымдастырылған. 5-6 сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған, яғни, түрлі ойындармен және оқушылардың өнерлерімен қызықты болды. Ал 9-11 сыныптарда өз деңгейлеріне сай ұйымдастырылған. Ең алғашқы болып мерекені бастаған мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталық ертеңгілігі өте төмен дәрежеде өтті. Жаңа жылдық әзірлігі шамалы. Жалпы сыныптардағы мерекенің өту барысындағы кемшіліктер: сценарийдің дұрыс құрылмауы, уақытты үнемді пайдаланбауы, әуендерінің алдын-ала әзірленіп қойылмауы.

16-21 қаңтар күндері сынып жетекшілерінің және сурет пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Қысқы пейзаж» фотосуреттер байқауы өткізілсе,ІІІ аптасында «Қызығы мол студенттік кездер-ай!» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өткізіліп, ЖОО, колледждерде оқитын мектеп түлектері қатысты. 19 наурыз күні «Наурыз – жыл басы» атты мерекелік концертпен ашылды, мерекелік шараға 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп ұжымы қатысты. Мерекелік шара шашу биімен ашылып, әрі қарай оқушылар ән, күй, би өнерлерін ортаға салып, Қыдыр ата бар жұртшылықты құттықтап ақ батасын берді. 1-4 сынып оқушыларымен әжелері арасында «Ата –баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» атты әже мен немере сайысы оздырылды. Сайысқа 6 жұп қатысты,жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. «Қош келдің Наурыз!» атты спорттық шаралар ұйымдастырылды. 5-6 сыныптар «Қазақша күрес», «Арқан тартыс»,7-8 сыныптар «Арқан тартыс», «Армреслинг», 9-11 сыныптарда «Кіртас көтеру», «Арқан тартыс»жарыстары оздырылып жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.5-11 сыныптар арасында «Тоғызқұмалақтан» жарыс оздырылды.5-11 сыныптар ұлттық тағамдардан көрме шығарды.

7- бағыт. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша қыркүйек айында оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Жас Ұлан» балалар ұйымының отырысы өткізіліп, ұйым құрамы жаңартылды. Оқушылардың дауыс беруі арқылы мектеп Президенті, Ұланбасы болып 10-сынып оқушысы, оқу озаты Тұрмыс А тағайындалды.

1-11 сынып оқушылар арасында күнделіктерге рейд жүргізілді.

Желтоқсан айының ІІІ аптасында мектепішілік 2-4 сыныптар арасында «Ең үздік күнделікі» сайысы оздырылды, қорытындысы бойынша үздік күнделік иегерлері 2а Бакбасова Жанель, 3а Абдрахманов Ахметжан, 4 Габбасова Гульназдар мақтау қағаздарымен марапатталды.Мамыр айында 5-10 сыныптар арасында «Жылдың үздік сыныбы» сайысы өтті. Сайысқа 14 сынып қатысып, 3 орын 5а, 2 орын8в, 1орын 10а сыныптары иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. 05-10 ақпан күндері 1-4 сыныптарда «Дарабоз», 5-7 сыныптарда «Полиглот», 8-11 сыныптарда «ХХІ ғасыр көсшбасшысы» интеллектуалдық ойындар өтті.

8- бағыт. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қыркүйек айының ІІ аптасында дәстүрлі түрде 1 – 11 сынып оқушыларының және мектеп ұжымының қатысуымен «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылса, ІІІ аптасында туризм орталығының жетекшілері Н.В.Дуйсенгалиев, М.Е.Кажмухановтың ұйымдастыруымен «Алтын дала» туриадасы өткізілді.

Қазан айында мектеп медбикесі А.С.Насигазиева мен әлеуметтік педагог Д.С.Нурпейсова «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында 1 – 11 сынып оқушыларыменәңгімелесіп, тиімді тамақтану жөнінде ақыл- кеңестер берді. Сондай-ақ, 1-6-сынып оқушылары аралығында бейнелеу өнері пәні мұғалімі М.А.Габдуллина «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» деген ұранмен суреттер көрмесін ұйымдастырып, үздік сурет авторлары марапатталды.

Қараша айында5-8-сыныптар аралығында «Фаст –фуд: ия-жоқ» тақырыбында пікірталас, 9-11- сыныптар аралығында «Темекінің зияны» тақырыбында мектеп медбикесінің қатысуымен дөңгелек үстел, 5-11-сыныптарда мектеп психологы А.Дарменованың ұйымдастыруымен «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

АҚТҚ, ЖҚТБ –ның алдын алу мақсатында мектепішілік жылдық жоспар жасалып бекітілді. Жоспар бойынша АҚТҚ-дан сақтану жолдарына байланысты «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Қатерлі СПИД кеселі!», «Жаны саудың тәні сау!» тақырыптарында 7 – 8 сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарына наркодиспансер қызметкерлері және мектеп медбикесі А.С.Насигазиева қатысты.

16 – 21 қаңтар аралығында 5-7 сыныптардың ата-аналардың қатысуымен «Волейбол» мектепішілік біріншілігі оздырылса, қаңтар айының үшінші аптасында «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі М.С.Актауовтың ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылардың арасында мектепішілік шахмат турнирі өткізілді.

13-18 ақпан аралығында қысқы спорт ойындарын насихаттау мақсатында мектеп оқушыларының ата-аналары арасында қысқы спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Сәуір айының І аптасында 5-11-сыныптарда мектеп медбикесінің қатысуымен «Дәрумендер – сенің досың» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілсе, ІІ аптада ата-аналар арасында баскетболдан мектеп біріншілігі, ІІІ аптасында «Бала және наша» тақырыбында сырттай сурет байқауы оздырылды.

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ҮЙІРМЕЛЕР МЕН СЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

Міндеттері:

оқушылардың шығармашылық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту және қанағаттандыру; оқушыларды тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі бекітуіне мүмкіндік беретін қызметтерге қатыстыру.

Қызмет алгоритмі

1.Үйірмелер мен секция жұмыстары бойынша жүйелі жұмыс жоспарын құру.

2. Балалар мен жасөспірімдерді қызығушылықтары бойынша спорт секциялары мен үйірмелерге тарту (мәліметтер банкін құру, соның ішінде тәуекел тобындағы және сәтсіз отбасылардың, көпбалалы, аз қамтылған, патранаттық отбасындағы және жетім, мектепішілік және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекциясындағы есепте тұрған балалар туралы).

3. Секция және үйірмелердің сапалы жүргізілуі туралы мәлімет беру.

4. Қорытынды есеп беру концерті мен көрмелер ұйымдастыру.

Қосымша білімді ұйымдастыру формалары

Атауы

Сыныбы

Қатысушы-лар саны

Жетекші

Үйірмелер

«Палитра»

4

21

Габдуллина М.А

«Гобелен өнері»

5а,в

32

Габдуллина М.А

«Палитра»



7

Гусманова Ж.С

«Гобелен өнері»



11

Гусманова Ж.С

«Соленое тесто»

8а,в

28

Гусманова Ж.С

Би

5а,в

15

Дарменова А.С

«Бағдаршам»

7-8

10

Дарменова А.С

«Өлкетану»

7а,в

27

Курманов Е.Ж

«Дзюдо»

8-10

15

Бакбасов Т.Ж

«Дзюдо»

3-7

15

Байдукешев А.Ж

Биылғы оқу жылында барлығы 181 оқушы үйірмелер мен спорттық секцияларға қамтылды. Жыл бойы жұмыстанған үйірме жетекшілері есеп тапсырып, оқушылардың нәтижелері «Озаттар шеруінде» қорытындыланды.



Оқушының аты - жөні

Сыныбы

Нәтижесі

Жетекшісі

1

Кеңес Назар

5в-сынып

дзюдо күресінен аудан біріншілігі І орын.

Байдукешев А.Ж

2

Майдан Тайман

6в-сынып

аудандық сурет байқауы ІІІ орын

Габдуллина М.А

3

Баймухамбетова Камила

10а-сынып

аудандық қолөнер сайысы ІІ орын.

Гусманова Ж.С

4

Кеңес Бекзат

10а-сынып

самбо күресінен облыстық жазғы спартакиадасы ІІ орын

Байдукешев А.Ж

5

Шамокен Әсет

5в-сынып

аудандық дзюдо күресі-3 орын.

Бакбасов Т.Ж

6

Ерсайынова Ақбота

7а-сынып

аудандық өлкетану ғылыми жобалар сайысы. І орын.

Курманов Е.Ж

7

Базарбаева Назира

8б-сынып

“Шығармашылық шеберхана” интернет байқауы “Бисермен тоқу” номинациясы ІІ орын

Гусманова Ж.С


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет