Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ
Көркем әдебиет искусствоның бір саласы. Көркемөнер беске бөлінеді: 
архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері), живопись (сурет 
өнері), музыка және әдебиет (сөз өнері).
Теоретиктердің айтуынша, әдебиет көркем өнердің ең негізгі саласы 
болып есептеледі. Көркемөнердің басқа түрлері бірінің жұмысын бірі 
атқара алмайды. Сөз өнері арқылы сәулетті сарайдың көрінісін де, құйып 
қойғандай адамның кескінін де, табиғаттың көрікті суретін де жасауға 
болады. Көркем әдебиетте кездесетін талай сұлу портрет, талай тамаша 
табиғат суреттері өмір құбылысын дәл, шындық бейнеде бере алумен 
қатар, оны оқушылары сол құбылыстың қыбы мен қимылын сезінгендей 
дәрежеде жанды, жайнақы түрде суреттей алады. Бұған скульп тура, 
живопись не басқаларының мүмкіншілігі жоқ. Сөз өнерінің құдіретті 
күшімен ақын, жазушылар оқушыларын қуанта да, қайғырта да, күлдіре 
де, жылата да алады. 
«Әдебиет» – араб сөзі, көркем сөз, сөз асылы деген мағынада. Орысша 
«литература» дейді (lit(t)era латынша – әріп).
Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі – өмірдің, өмір құбылысының 
бейнесін көркем сөз арқылы суреттеу, сөз арқылы адам образын жасау. 
Көркем әдебиеттің алғашқы түрі – халық ауыз әдебиеті (фольклор). 
Ол адам баласының ой-санасы сәби кезеңінде туса да, ауыз әдебиетінің, 
жақсы үлгілерінен біз айтайын деген ой-сезімін сурет (образ) арқылы 
береді.
Жазудың шығуымен байланысты ауыз әдебиетінің орнын жазба 
әдебиет алады да, оны біртіндеп ескі заманның мұрасына айналдырады, 
бірақ ол аз уақыттың ішінде бола қоймайды. Мәдениеттен кенже қалған 
кейбір халықтың жазба әдебиеті мен ауыз әдебиеті алғашқы кезде қатар 
дамуы да мүмкін. Мәдениеттің өсуі, хат білмейтіндердің біртіндеп 
жойылуы, ауызша шығаратын ақындардың өз өлең-жырларын қағазға 


28
түсіру мүмкіншілігі бірте-бірте екеуінің арасындағы шекті де жоятынға 
ұқсайды.
Көркем әдебиеттің образ жасаудағы құралы – сөз. Тіл қорынан 
сөздердің ең керектісін таңдап, талғап ала білудің және оларды сөйлемнің 
құрамында шебер қиюластырудың арқасында жазушылар адам ойының 
түюі мен сезім түйсігінің әр алуан құбылысын суреттеп бере алады. Бұл 
– оны көркем өнердің ішінде өмірді әрі толық, әрі кең суреттейтін сегіз 
қырлы және халыққа көп тарайтын түрі ететін шарттың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет