Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында


Жарытылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 11-сыныбына арналған «Қоғамдық білім негіздері»



бет8/9
Дата12.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60017
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ерекшееліктері

Жарытылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 11-сыныбына арналған «Қоғамдық білім негіздері»

Жарытылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 11-сыныбына арналған «Қоғамдық білім негіздері» курсын оқытуға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 09.07.2010ж № 367 бұйрығымен бекiтiлген жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары бойынша 68 сағат уақыт бөлiнген.

«Адам және қоғам» курсы 9-сыныпта өтiлген «Адам. Қоғам. Құқық» курсының жалғасы. Бiлiм мазмұны сабақтастық ұстанымына негiзделген, «АҚҚ» курсымен бiртұтастықты құрайды. Оның «Қоғамдық бiлiм негiздерi» курсынан айырмасы оқытуға бөлiнген уақыттың аздығынан жаратылыстану-математика бағдарында 10 сыныпта оқыту қарастырылмаған. 9 және 11 сыныптардағы бiлiм мазмұнының жалғасуы бiрiншi тараудағы өзгерiстермен жүзеге асырылады.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағдарлы мектептерде өтiлетiн курстарда адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланыстары туралы әр саналы адам бiлуге тиiстi қажеттi ақпараттар келтiрiлген. Оқулықтардың мазмұны уақыт тынысына сай, ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтарды меңгерген, айналада болып жатқан оқиғаларға саяси және ғылыми дұрыс баға бере алатын, азаматтық және құқықтық қоғам мүшесiн тәрбиелеуге бағытталған. Бiлiм құрамы адамның кәсiбiне немесе өзге әлеуметтiк жағдайларына қарамастан, барлық адамға қажеттi ғылыми ақпараттарды қамти отырып, қажеттi деңгейде оқушыға өзiнiң қызметiн нәтижелi атқаруға, күрделi ахуалдарға объективтi баға беруге, дұрыс шешiм қабылдауға үйретедi. Бағдарлы мектептi бiтiрушiлер материалды ғылыми ұғым, теория және тұжырым деңгейiнде ғана игерiп қоймай, сонымен қатар мәселенiң мәнiне үңiле бiлуге, құбылыстың себебiн анықтауға, үдерiстерге талдау жасауға, келешекке болжам жасай алуға тиiстi.

Курстағы бiлiм материалдары философияның бөлiмдерiне сәйкестендіріліп топталған. Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектепте қоғамдық пәндердi оқытуға бөлiнетiн уақыттың артуына орай, курста жаратылыстану-математика бағдарына арналған оқулыққа қарағанда филосфиялық материалдарға маңыз аларлық көп орын берiлген. Оқушылар жеке тақырыппен кең түрде қамтылған өткен және заманауи өркениеттер туралы ақпарат алады, қоғамдардың дамуының жалпылама заңдылықтарымен танысады, демократиялық құндылықтарды меңгередi. Мұғалiмдер қоғам дамуының негiзгi шешушi факторы болып табылатын өркениеттiң рухани негiздерiне баса назар сала оқытуы керек.

Бағдарлы бiлiм оқытуды индивидуалдандыру және ажырату (дифференциялау) құралы ретiнде бiлiм мазмұнын, құрылымын өзгерту және оқыту үдерiсiн ұйымдастыру барысында оқушылардың икемдiлiктерiн, қабiлеттерiн, олардың кәсiпке мүдделiлiгi мен бiлiмдi жалғастыру ниетiн толығырақ ескере отырып бiлiм беруге жағдай жасайды. Бағдарлы бiлiм беру тұлғалық-бағдарлы оқыту үдерiсiн жүзеге асыруға бағышталған. Бұл жағдайда оқушының өзiнiң жеке бiлiм алу көкжиегi маңыз аларлық кеңейедi.

Таңдалатын курстар – мектептiң жоғары буынындағы оқыту бағдарының құрамына енетiн, ата-аналарының келiсiмiмен оқушылардың өздерi таңдап оқитын курстар. Таңдалатын курстар үш мiндет атқарады: бағдарлы курстың мазмұнын толықтырады; базалық курстардың бiрiнiң мазмұнын жетiлдiредi; жекелеген оқушының өзi таңдап алған бағдардағы қызметi шеңберiнен шығып кететiн танымдық қызығушылығын қанағаттандырады. Бағдардың құрамында таңдауға ұсынылатын курстардың саны оқушылар мiндеттi түрде таңдап алуға тиiс курстардың санынан артық болуы керек. Оқушылар таңдауы үшiн мектеп базалық және бағдарлы курстардың түрлi нұсқаларын ұйымдастырады.

Бiлiм мазмұнын құрудың ұсынылып отырған тұрғысы мамандануды дiттеген тереңдетiп оқытылатын курстарға қарағанда әр бағыт бойынша кең бағдарлы оқыту идеясын қолдайды. Мұндай жағдайда жеке бағдар бойынша қосымша бағдарiшiлiк мамандану жүзеге асырылуы мүмкiн.
Құқық негіздері

Жалпы орта білімдегі «Құқық негіздері» пәнінің маңызы құқықтық ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың қоғамдағы демократиялық институттардың орнығу қарқынына әсерімен анықталады. Құқықтық білімдер орта жалпы білімнің кұрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың саяси-құқықтық пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, құқықтық дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді.

2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының мектептерiнде «Құқық негiздерi» пәнi жүргiзiле бастады. Пән жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-11 сыныптарында жүргiзiлетiн үш негiзгi курстан тұрады. «Құқық негiздерi» пәнiнiң негiзгi зертеу объектiсi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесi, құқық салалары негiздерi, адам құқығы, соттың, прокуратураның және өзге құқық қорғау органдарының қызметi, құқықтық қоғам ұғымы, құқықтық мәдениет, адам мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар тақырыптарын қамтиды.

ҚР МЖБС 2.3.4.01- 2010 бойынша «Құқық негіздері» «Адам және қоғам» типтік білім аймағына енетін, өзінше жеке оқу пәні болып қалыптасты. Оның жалпы орта білім берудегі рөлі демократиялық және құқықтық қоғамды орнату және дамыту заңдылықтарын танумен шарттастырылған.

Мектепке арналған «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны құқықтанушылық білімнің әр азамат игеруге мiндеттi білім топтарын құрайды. Қазіргі замандық құқықтық шынайылық және құқықтық мемлекет құру ниетін көздеп отырған жағдайында әр азаматтың жеткілікті құқықтық білімі болуының, сонымен қоса, ол білімдерді олардың іс жүзінде қолдана білуінің маңызы зор. Жастар өздерінің құқықтық мәдениетін көтере отырып, сол білімдері негізінде, қай тараптан болмасын, өзін қорғай алуы керек. «Құқықтану негіздерін» мектепте оқытудың басым бағыты адам құқықтары мен еркіндіктері, олардың қоғамдық практикада жүзеге асырылуы болып табылады.

Мектепте бағдарлы бiлiм беру шеңберінде таңдап оқытылатын және қолданбалы курстар ұйымдастырылады.

«Құқықтану негіздері» пәнiнiң мақсатына орай, жалпы орта мектептi бiтiрген оқушы мынадай түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуi керек:

- өзінің саяси, әлеуметтік құқықтары мен еркіндіктерін біледі, оларды қоғамдық практикада жүзеге асырады, міндеттерін орындайды;

- саяси-құқықтық кеңістікте қалыптасқан ахуалдарда дұрыс бағдар ұстанады;

- айналаны қоршаған дүниеге ғылыми көзқараспен қарайды;

- ұлттық және жалпыадамзаттық құқықтық құндылықтарды игеру негiзiнде өзге адамдармен мәдени қатынас жасай алады;

- құқықтық нормаларды сақтай отырып, отбасын құрады, оны материалдық қамтамасыз етедi, жеке бизнеспен айналысады;

- құқыққа сиымды өмiр салтын ұстанады, денсаулығын қадағалайды.

Курстарға қысқаша сипаттама

1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. 10 сынып.

«Құқық негіздері» курсын оқытуға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 09.07.2010ж № 367 бұйрығымен бекiтiлген жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары бойынша 34 сағат уақыт бөлiнген.

2. Қоғамдық-гуманитарлық бағы. 11 сынып.

«Құқық негіздері» курсын оқытуға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 09.07.2010ж № 367 бұйрығымен бекiтiлген жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары бойынша 34 сағат уақыт бөлiнген.

3. Жаратылыстану-математика бағыт. 10 сынып.

«Құқық негіздері» курсын оқытуға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 09.07.2010ж № 367 бұйрығымен бекiтiлген жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары бойынша 34 сағат уақыт бөлiнген.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттарындағы бағдарлы мектептiң 10-11 сыныптарына арналған «Құқықтану негiздерi» курстары 9 сыныпта оқытылған «Адам. Қоғам. Құқық» курсының жалғасы болып табылады. Мұнда құқық салаларының негіздері – конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасы, еңбек, қылмыстық құқықтар, азаматтық және қылмыстық процессуалдық құқық, құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері туралы әр саналы адам бiлуге тиiстi қажеттi бiлiм топтары келтiрiлген. Тақырыптар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі даму мысалдарымен ашылады.

Оқулықтың мазмұны уақыт тынысына сай, ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтарды меңгерген, айналада болып жатқан оқиғаларға саяси және ғылыми дұрыс баға бере алатын, азаматтық және құқықтық қоғам мүшесiн тәрбиелеуге бағытталған. Бiлiм құрамы адамның кәсiбiне немесе өзге әлеуметтiк жағдайларына қарамастан, барлық адамға қажеттi ғылыми ақпараттарды қамтиды. Бағдарлы мектептi бiтiрушiлер материалды Конституция мен заңдардың негізгі баптары дейгейiнде ғана игерiп қоймай, сонымен қатар мәселенiң мәнiне үңiле бiлуге, құбылыстың себебiн анықтауға, үрдiстерге анализ жасай алуға тиiстi.

Құқықтық, азаматтық және демократиялық қоғам орнату – Қазақстан Республикасы алдына қойып отырған басты саяси мiндет болып табылады. Осы жағдай Қазақстан Ресспубликасының жалпы орта білім беретін мектептерінде құқықтану негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде оқыту қажеттігін тудырып отыр. Өйткені, ұлттың келешегін білім мазмұнындағы демократиялық және құқықтық құндылықтарға берілетін басымдықтар айқындайды, өрекениетті қоғам орнату жалпыға құқықтық білім берудің бүгінгі жағдайына тәуелді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептiң 10-11 сыныптарына арналған «Құқық негіздері» курсы кеңейтілген көлемде (68 сағат), А.Ибраева жетекшілiк еткен авторлық ұжым дайындаған, құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулықтарымен және ОӘК-мен оқытылады.

Жаратылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 10 сыныбына арналған «Құқық негіздері» курсы шақталған көлемде (34 сағат), Ө.Қопабаев жетекшік еткен авторлық ұжым дайындаған, құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулықтарымен және ОӘК-мен оқытылады.

11-сыныпқа арналған оқулық пен ОӘК Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде сынақтан өткен. Сынақтан кейiн авторлар мұғалiмдер мен сарапшылардың сын ескертпелерi мен ұсыныстары бойынша жұмыс iстеп, жетiлдiрдi. Олардың толықтырылған және өңделген нұсқалары «Мектеп» баспасынан 2007 жылы қайта жарық көрiп, жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарында пайдалануға ұсынылып отыр. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы мектептiң 11 сыныбына арналған «Құқық негіздері» курсының хрестоматиясында ҚР азаматтық кодексінен, ҚР қылмыстық кодексінен, ҚР соттар және соттардың мәртебесі туралы заңынан, ҚР прокуратурасы туралы заңынан, ҚР ішкі істер органдары туралы заңынан үзінділер келтірілген. Хрестоматияда халықаралық құық туралы материалдарға ерекше орын берілген. Хрестоматияға енген материалдар оқулықтың негiзгi мазмұнын ашуға септiгiн тигiзетiн қосымша ақпараттар көздері ретiнде қолданылады, мазмұны жағынан оқулықтың құрылымына сай орналастырылған.

Курс бойынша ОӘК-нiң құрамына, мұғалiмге арналған әдiстемелiк нұсқау енедi. Оны тиiмдi пайдалана отырып, мұғалiм талапқа сай сапалы сабақ өткiзу мүмкiндiгiне ие болады. Әдiстемелiк нұсқаудан мұғалiм курстың қысқаша сипаттамасын, пәннiң мақсаты мен мiндеттерiн таба алады, педагогикалық технологиядағы жаңалықтармен қауышады.

ОӘК-нiң құрамында сонымен қоса, дидактикалық материалдар бар. Дидактикалық материалдарды оқушылардың санына шақтап, қажетiне қарай ақпараттық-көшiру техникасының көмегiмен көбейтiп пайдалану керек.

4. «Құқықтану негiздерi» бойынша факультативтер. Мектеп өз ынтасымен немесе оқушылар мен ата-аналардың сұрауымен құқықтық бiлiм берудi ұйымдастыруы мүмкiн. Азаматтық және құқықтық бiлiмдер оқушылардың өмiрлiк компетенцияларын қалыптастыруға, азаматтық құқықтарын жүзеге асырып, мiндеттерiн орындауына, саяси-құқықтық санасын өсiруге, сыншыл ойлауға бағыттауы және тәрбиелеуi керек. Құқықтанудан (немесе азаматтанудан) факультативтiк сабақтарды жылына 34 сағаттан, 5-9 сыныптарда ұйымдастырған жөн.

5. Бағдарлы оқыту таңдап оқытылатын және қолданбалы курстардан тұрады. Оқушылардың құқықтық бiлiмiн кеңейту, қоғам өмiрiне қатысуға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында құқықтану саласынан курстар оқытылады. Типтік оқу жоспарының вариативтiк бөлiгi 10-11 сыныптарда аптасына бiрнеше сағатқа дейiн қолданбалы және таңдап оқытылатын курстарды жоспарлауға мүмкiндiк бередi.

Бағдарлы оқыту – жоғары сынып оқушыларының мүдделерiн, икемдiлiктерiн, қабiлеттерiн, кәсiптiк мүдделерiн, оқуды жалғастыру ниетiн ескере отырып бiлiм беру үшiн оқу процесiн ұйымдастырғанда құрылымдық, мазмұндық өзгерiстер жасай отырып, оқытуды ажыратымдау және индивидуалдандыру құралы болып табылады. Бағдарлы бiлiм арқылы тұлғалық бағдарлы оқу процесi жүзеге асырылады. Бағдарлы бiлiм беру арқылы оқушының жеке, индивидуалды бiлiм алу көкжиегi маңыз аларлықтай кеңейедi.

Таңдалатын курстар – оқушылардың өздерiнiң ата-аналарымен келiсiп отырып таңдап оқитын курстары. Мектептiң жоғары сатысында оқыту бағдарының құрамына енетiн, таңдалатын курстар үш негiзгi функция атқарады: бағдарлы курстың мазмұнын толықтырады; базалық курстардың бiрiнiң мазмұнын дамытады және кеңейтедi, таңдаған кәсiп шеңберiнен шыға отырып, адам қызметi аясында жекелеген оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады. Бағдардың құрамында таңдауға ұсынылатын курстардың саны оқушы таңдап алуға мiндеттi курстардың санынан артық болуы керек.

Бағдарлы бiлiм бұрынан практикаланып келе жатқан жекелеген мектептерде мамандықты тереңдетудi жүзеге асыруға бағышталған жеке пәндердi тереңдетiп оқытуға қарағанда бiлiмдi жеке бағдарлар бойынша кең ауқымда құру идеясынан туындаған. Мұндай жағдайда, әр бағдардың iшiнде қосымша бағдарiшiлiк мамандыққа бейiмдеу жүзеге асырылуы мүмкiн.

2010-2011 оқу жылында пайданылатын оқу-әдістемелік құралдардың тізімі ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығымен, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарымен бекітілген.


Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:



  • адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  • оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  • қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

  • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  • адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  • өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  • жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  • өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнін Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартын негізгі ережелері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы) негiзiнде жүзеге асырылады.

Типтік оқу жоспарының жылжымайтын инвариант бөлігіне «Өзін-өзі тану» базалық оқу пәні ретінде енгізілгендіктен, жалпы орта білім беру деңгейінде аталған пәнді оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін «Өзін-өзі тану» курсы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық курстарынан өткен «Этика және психология» пәнінің мұғалімдері, мектептегі әлеуметтік педагог және психология пәндерінің мұғалімдері жүргізеді.

10-11 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту Министрліктің Адамның үйлесімді дамуы институтымен бірге (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады ( ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 ақпанындағы № 71бұйрығы).

Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады.


Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 353 бұйрығының негізінде 2009-2010 оқу жылында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» интеграцияланған оқу курсы енгізілді.

Берілген оқу курсын 10-11- сыныптарда оқып-үйрену үшін жарты оқу жылында аптасына 2 сағаттан немесе «Экономика» (5-9-сыныптар) оқу пәнін интеграциялау есебінен бір оқу жылында 1 сағаттан уақыт бөлінеді.

Осы курс бойынша күнтізбелік жоспар құруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 тамыздағы № 456 бұйрығымен бекітілген 4-11- сыныптарға арналған «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» оқу бағдарламасы пайдаланылады.

Аталған сыныптарда берілген оқу курсы оқытып-үйретуде мына мәселелерге көңіл бөлінеді.

10- сынып

Экономика негіздері: Сұраныс және ұсыныс. Нарықтық тепе-теңдік. Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке.

Қаржылық сауаттылық: Бағалы қағаздар рыногы. Биржа. Қаржылық бизнес. Ақша және қаржылық институттар. Тұтынушы құқығын қорғаудағы мемлекеттің рөлі. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң. Сақтандыру. Бизнес-тарихтар.

11- сынып

Экономика негіздері: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. ҚР бизнесті ұйымдастыру формалары. Бизнес-тарихтар. Менеджмент негіздері. Маркетинг негіздері.

Қаржылық сауаттылық: Бастапқы капитал. Бизнес-жоспар. Бизнестегі инвестициялар. Қаржылық тәуекелдер. Қаржылық есептер. Салықтар. Қаржыны басқару. Бизнес-идеялар. Бизнесті сақтандыру. Қаржылық менеджмент
3.5 «ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Өнер

«Өнер» оқу пәні мектеп оқушыларын бейнелеу өнері (пластикалық өнер) және музыка саласынан әртүрлі өнер түрлерінің біріккен факторы болып қалатын, тарихи кезеңдердің көркемдік стилі болып табылатын көрнекті өнер шғармаларымен таныстырады. 10-11 сыныптарда оқытылатын «Өнер» оқу пәні оқушылардың «Бейнелеу өнері» және «Музыка» т.б. гуманитарлық пәндерден алған білімдерін жүйелейді және қорытындылайды, сонымен қатар өнер әлемі жайлы тұтас ұғымдарын, біліктіліктерін қалыптастыруды мақсат етіп қояды.

«Өнер» оқу пәнінің (отандық, шетелдік және заманауи көркем мәдениет) міндеттері оқушыларды сыныпішілік және мектеп өмірінен тыс сабақта да отандық және шетел өнер туындыларымен тікелей таныстыруға жағдай тудыра отырып білім беруге бағытталған, сонымен қатар мектеп оқушыларын өнер мазмұнын түсініп, көрермен, тыңдарман, оқырман ретінде қалыптасуға тәрбиелейді.

Осы мақсатта көркемдік мәдениеттің даму үрдісіндегі ең маңызды заңдылықтарды аша алатын білім, біліктіліктерді беру, өнер тілін меңгеруге, өз отанын сүюге, өнер мұраларын қастерлеуге және әлемдік өнер туындыларын ажырата білуге баса назар аударылады.

Отандық, шетелдік және заманауй мәдени мұраларды оқыту бағдарламалары мен әдістемесі оқушылардың негізгі мектепте әдебиет, тарих, бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнер, музыкадан алған білім, білік дағдыларын пайдалануды талап етеді, бұл өз кезегінде олардың бастауыш, негізгі мектепте оқыған материалдарын қортындылауға, тереңдетуге мүмкіндік береді.

«Өнер» оқу пәнінің негізгі идеясы қазақтың көркемдік мәдениетін құндылық құбылыс ретінде оқыту болып табылады. Курстың негізгі өзегі номадтар мұралары, Шығыс өнері, Батыс Европа мен Ресей халықтарының көркемдік мәдениеті мен өнерін әлемдік көркемдік жүйемен салыстыра отырып тұтастықта зерделеуге бағытталған. Бағдарлама ұстанымы оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының негізін құрайтын, оның өнегелі- эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әртүрлі өнер түрлерінің кешенді түрде қарастыру мақсатын көздейді. «Өнер» білімдік аймағының мазмұны қоршаған ортаны өзгертуге қабілетті шығармашы тұлға тәрбиелеуге бағытталған болуы тиіс.


3.6 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Технология

Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады.

Технологиялық білім берудің әдістері мен ұйымдастыру формалары:

Репродуктивті әдістер үлгі бойынша қызмет тәжірибесін қалыптастырады, есте сақтау қабілетін дамытады, технологиялық операцияларды орындау тәсілдеріне деген зейінін арттырады, педагогтің кәсіби іс-әрекетін қайталау дағдыларын қалыптастырады.

Белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ұжымдық іс-әрекетінде оқушылардың теориялық және практикалық қызметін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Қызмет ойындары оқыту әдістер ретінде оқытуды жан-жақты интеграциялауды қамтамасыз етеді, кәсіпорындағы толық өндірістік-экономикалық процестердің мағынасын ашады.

Жобалау әдісін қолдану негізінде оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыру бұйым жасау барысында шығармашылық көзқарас білдіруге кәсіпкерлік тапқыштық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Жобалау әдісі – «идеядан бұйымға дейін» түсінігінде оқушылар технология сабағынан алынған білімдерін шығармашыл қолданып және қайта өңдеу әдістерінің кешенін қолданып жеке ақырғы бұйым алу. Оқу қызметінің репродуктивті түрінен өзіндік, ізденіс жұмыстарының түріне көшу оқу барысын ғылыми-зерттеу компонентіне ауысуды қамтамасыз етеді, әр-түрлі ақпараттармен және олардың көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Әр жобаның мақсаты мен міндеттеріне байланысты оқыту реті әртүрлі болуы мүмкін. Жобаны орындау ретінің бірнеше түрін ұсынамыз.

Бірінші түрі: Сұранысты зерттеу, міндетін анықтау.Алғашқы бірнеше идеяны ұсыну. Зерттеуді жүргізу (оның ішінде нарықты зерттеу), материалды таңдау мен дайындау тәсілін анықтау. Ақырғы идеяны талдау. Дайындау дағдысы мен іскерлігін үйрену. Үлгілі идеяны жүзеге асыру және оны дайындау. Бұйымды сынау және бағалау.

Екінші түрі: Бұйымның ұқсас бірнеше түрін талдау. Бұйымның кемшіліктерін анықтау. Бұйымның жаңа усынысын талдау, қысқаша міндетін анықтау. Адам факторын зерттеу. Дизайн-спецификациясын жасау (критерийлер тізімі) Ұсынған идеяның негізінде бөлшектеп талдау барысында дайындау дағдыларын дамыту үшін жаттығулар орындау. Бұйым дайындау. Бұйым дайындау технологиясын қолдану. Өзін өзі бағалау және бұйымды сынау процесінде бағалау.

Үшінші түрі: Материал таңдау (мысалы, өндірістің тастанды). Нақты материалды пайдалану үшін бірнеше алғашқы идеяларды ұсыну және үйрену. Бұйымға деген сұранысты зерттеу. Бірнеше идеяны бөлшектеп талдау және жүзеге асырылатын жолын талдау үшін қажетті қосымша ақпаратты анықтау. Келешекте зерттеулер жүргізу.Дизайн-спецификация жасау. Алғы идеяны талдап жүргізу. Бұйым жасау процесін жоспарлау. Бұйым жасау барысында өзгерістерді енгізе отырып дайындау. Бұйымды бағалау.

Сабақта төрт қызмет түрін пайдалану ұсынылады: жаттығу, дизайн-талдау, дизайн-жоба, дизайн-зерттеу.

2010-2011 оқу жылында «Технология» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес сәйкес жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет