Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті


БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ



бет4/19
Дата31.12.2019
өлшемі2,82 Mb.
#54596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

3 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1-сыныпта пәндерді оқытудың ерекшеліктері
2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылады. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы , сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.
Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс.
Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте:


  1. энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру;




  1. ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру;

  2. ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;




  1. оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:


- пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен
31

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);




  1. таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;




  1. білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;




  1. бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;




  1. бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;




  1. оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.

Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру.


1 сыныптарда оқыту мақсаты - 6-7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және т.б. болып табылады. Сондықтан, бірінші сыныптықтардың танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналады және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша құрылуы тиіс.


Бірінші сыныптардың оқушыларына оқу жылының бірінші жарты жылдығында баға қойылмайды , ынталандырудың басқа әдістері мен тәсілдері қолданылады. Бірінші сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.

Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.



ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1 сыныпта балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесі бірте-бірте ұлғайтады, яғни оқу жүктемесін біртіндеп өсірудің «сатылы» сабақ кестесі қолданылады: қыркүйекте ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап 35 минуттан төрт сабақ жоспарланады; екiншi жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады.
1 сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ). Оқу жылының барысында 1 сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі.
Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалысын ескеруі қажет.
Ортақ тақырыптар
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық

32


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан, мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.


1 сыныпта ортақ тақырыптар әр тоқсанға 2-еуден тең бөлінген, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылады. Мұғалім әрбір ортақ тақырып үшін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне байланысты өзі өзгертеді (2-кесте).
2-кесте – Ортақ тақырыптар


1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Барлығы мен туралы

Менің отбасым және

Саяхат

Тағамдар және




достарым




сусындар

Менің мектебім

Бізді қоршаған әлем

Салт-дәстүрлер және

Дені саудың - жаны







ауыз әдебиеті

сау!


Оқу жоспарлары

Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады.


Пәндер бойынша оқу бағдарламаларына қосымша берілген оқу жоспарлары ұсыныс сипатында болады. Оқытудың мақсаттар жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды.
Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.
Әдетте, орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе отырып, мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары, сондай-ақ ресурстар берілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.). Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі

33


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

мүмкін. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.


Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:


  1. сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;




  1. сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;




  1. орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;




  1. мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.

Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.


Ресурстар

Мұғалімдерге қолдау көрсету үшін ҚР МЖМБС-2015, оқу бағдарламалары


және оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері), критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік-нұсқаулық материалдар, сандық білім беру ресурстары ұсынылатын болады. Мұғалімдерді Зияткерлік мектептердің ресурстық орталықтары, онлайн-консультативтік жүйесі арқылы оқыту жүзеге асырылатын болады. Академияда мұғалімдер үшін әдістемелік қамтамасыз ету және көмек көрсету мақсатында «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндері, «Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерінен, «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқытудан қысқа мерзімді жоспарлар дайындау бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстар және басқа материалдар әзірленді.
Аталған құралдар Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми сайтында http://nis.edu.kz,
жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық ақпаратты біріктіретін және барлық орталықтардың сайттарындағы сілтемелерден тұратын, жаңартылған білім мазмұнын тарататын бірыңғай он-лайн платформа құрылған.www.cpm.kz, www.cep.kz, www.erc.kz, www.cpi.kz.
Педагогикалық тәсілдер және ынтымақтастық
Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді.
Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану

34


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет.


Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларының оқыту мақсаттарына табысты қол жеткізудегі түрлі әдістер, технологиялар мен стратегияларды қолдану жөнінде мұғалім үшін ұсыныстар берілген «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері» бөлімі қосылған.

Мысалы:



  1. стратегиялар: өздігінен басқарылатын, эксперименттік, сыни, коммуникативтік, мәнмәтіндік;




  1. технологиялар: шағын топтардағы (командадағы) жұмыс, кейс-стади (нақты жағдаяттар талдауы), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту.




  1. әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық байланыс, тәжірибе негізінде оқыту, жобалау әдісі.

Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде әріптестерімен белсенді қарым-қатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік қауымдастығын пайдалану ұсынылады.



Бағалау жүйесі

Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды
бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болады.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттарымен, процестерімен, құралдарымен және нәтижелерімен анықталады сондай-ақ бірқатар нормативтік және әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен реттеледі. Критериалды бағалау ережелерінде ҚР МЖМБС-2015 сәйкес бастауыш білім беру бағдарламалары апробациядан өтетін және енгізілетін, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі анықталады. Құжатта формативті және жиынтық бағалау тәртібін ұйымдастыру мен өткізу; тоқсан ішіндегі жиынтық бағалауды модерациялау тәртібі; тоқсандық және жылдық бағаларды қою тәртібі; білім алушылар портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық жаңартылған білім мазмұнын енгізу шеңберінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімдердің қызметіне өзгеріс енгізудің теориялық және практикалық


35


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

негіздерін анықтайды. Көрсетілген ұсыныстар бағалау тәртібінің сапасын, олардың белгіленген стандарттарға және әрбір оқушыны оқыту сұранысына сәйкестігін бағалауды қамтамасыз етеді.


Критериалды бағалауды енгізу бойынша аймақтық және мектептің үйлестірушілері үшін нұсқаулық педагогикалық өлшемдер саласында білім беру саясатын дамытудың көрінісі, мектеп, облыс және аймақ деңгейінде оны іске асыру бойынша негізгі қағидалары мен тәсілдерін көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау процесін ұйымдастыру бойынша қызметтің өзекті бағыттары және үйлестірушілер үшін көмекке практикалық ұсыныстар берілген.
Әр қалалық/аудандық білім басқармалары/бөлімінде және мектепте критериалды бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіретін жауапты адамдар тағайындалатын болады. Аймақтық үйлестірушілер аудандық/қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің, мектептің үйлестірушілерң жалпы білім беретін мектептердің директорлары орынбасарларының қатарынан анықталады. Үйлестірушілердің басты ролі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқару, мектептерге формативті және жиынтық бағалауға байланысты процестер мен тәртіптерді іске асыру және бағалау тәртібіне әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуден тұрады.
Формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасының барлық мақсаттары бойынша формативті бағалау жүргізуге арналған дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұрады.
Тапсырмалар ұсыныс түрінде болып, білім алушылардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделуі мүмкін.
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар бөлімдер/ортақ тақырыптар және тоқсандар үшін жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдерін көрсетеді. Құжат бөлімдер/ортақ тақырыпты жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлемелері бойынша ұсыныстардан; /ортақ тақырыпты дескрипторлармен және баллдармен жинақтап бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен; тапсырмалар әзірлеуге және рәсімді өткізуге арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың ерекшеліктерінен; сызбалармен балл қоюдың тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен тұрады.
Критериалды бағалаудың құрылымы

Білім алушының оқу жылындағы үлгерімі және оқудағы жетістіктері туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі: формативті бағалау және жиынтық бағалау іске асырылады . Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ тақырыпты, тоқсанды және орта білім деңгейін жиынтық бағалау рәсімінен тұрады.


36


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Критериалды бағалау


















Формативті бағалау – мұғаліммен




Сумативті бағалау - оқу

үздіксіз өткізіледі, бағалау және балл




бағдарламаларының өтпелі

қоюсыз оқу үдерісін уақытында




тақырыптары/бөлімдері аяқталғаннан

түзетуге мүмкіндік береді және




кейін өткізіледі, белгілі бір оқу

мұғалім мен оқушы арасындағы кері




кезеңіндегі (тоқсан, триместр, оқу

байланысты қамтамасыз етеді.




жылы, деңгейі орта білім беру)










қойылған балл және бағалау










Өтпелі тақырып/бөлім




Тоқсан үшін сумативті




Білім бері деңгейі үшін

үшін сумативті бағалау




бағалау




сумативті бағалау

Әр тоқсанда 2-3 рет




Әр тоқсанның аяқталуы




Бастауыш, негізгі және

мұғаліммен жүргізіледі




бойынша мұғаліммен




жоғары мектептерден соң







жүргізіледі




(ҰТО) сыртқы ұйыммен













жүргізіледі
















Әр тоқсанның қорытындсы бойынша


баға

Оқу жылының қорытындсы


бойынша баға
Аттестақа кіретін
қорытынды баға
1- сурет – Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалау түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мұғаліммен тоқсан бойы үнемі жүргізіліп отырады. Формативті бағалау балл және баға қойылмастан, білім алушылар мен мұғалім арасында үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Формативті бағалауда білім алушы қателесу және оны түзетуге болады. Бұл білім алушының мүмкіндігін анықтау, қиындықтарды айқындау, анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу, оқу процесін дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді.
Формативті бағалау оқудағы жетістіктердің өсуіне және дамуына тікелей ықпал ететін және мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз ететін процесс.
Формативті бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығулар немесе тест ретінде қарастырылмауы қажет. Оқыту мақсаттары мен оқу бағдарламасының әрбір бөлімі бойынша күтілетін нәтижелер формативті

37


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

бағалау практикасының мазмұнын анықтайды.


Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу бағдарламасының барлық оқыту мақсаттарын қамтуы қажет. Мұғалімге көмекке оқыту мақсаттары бойынша бағалау критерилерінен, дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұратын формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды.
Мұғалім білім алушылардың жеке ерекшеліктері және оқыту мәнмәтінін ескере отырып тапсырмаларды дайындайды немесе таңдайды . Әрбір тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалауда мұғалімнің шешімі шынайы болатындай тапсырмалардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, дескрипторлар білім алушы тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиналғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға сындарлы кері байланыс жасауына ықпал етеді.
Жиынтық бағалау 1 сыныпта мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларының 3-4-тоқсандардағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылған жетістіктері туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі (3-кесте).
3-кесте – 1-сынып, бастауыш білім беру оқу бағдарламасына сәйкес суммативті бағалаудың ресімдеу саны














Суммативті бағалаудың рәсәмделуі











































І

І




ІІ

ІІ

ІІІ

ІІІ

ІV

ІV




Пәндер

тоқса

үші




тоқсан

үші

тоқсан

үші

тоқсанда

үшін.







ндағы

н.




дағы

н.

дағы

н.

ғы СБ

СБ







СБ

СБ




СБ

СБ

СБ

СБ

саны










саны







саны




саны










1.

Обучение грамоте

-




-




2*




2*




















































2.

Сауаташу

-







-




2*




2*




3.

Қазақ тілі (Т2)

-







-




2*




2*


































4.

Орыс тілі (Т2)

-







-




2*

-апта

2*













-







-










5.

Ағылшын тілі

-

-

2*

2*

















































6

Математика

-




-




3

10

3


































7.

Жаратылыстану

-




-




2

1














































8

Дүниетану

-







-




2




2


































9.

Көркем еңбек

-







-




2




2





































10.

Музыка

-




-




2




2




11.

Дене шынықтыру

-







-




2




2



* –Тексерілетін сөйлеу қызметінің әрбір түрі үшін балдарды қою


Белгілеу процесінде білім алушылардың оқу бағдарламасына сәйкес білімі мен дағдыларын көрсететін дәлелдер жинау іске асырылады.


38


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Мұғалім жиынтық бағалау нәтижелері бойынша балл/деңгей/бағалар туралы шешімді бағалау критериіне сәйкес қабылдайды. Бұл жағдайда балл қою дескрипторлары мен сызбалары әр білім алушыға қатысты шынайы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Формативті бағалаудан, алынған ақпарат оқыту процесін жоспарлау, түзету және талдау жасау үшін қолданылуы мүмкін.

Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар үшін жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады . Бұл талдау білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: диктанттар, мазмұндама, эссе, тесттер, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.
Паралел сыныптар үшін тоқсандық жиынтық бағалау бірдей жағдайда өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіріп жазу) жол берілмейді.
Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілген уақытта дәлелді себептермен (ауру, жақын туысқанының қазасы, конференция, олимпиада, ғылыми және спорттық жарыстарға қатысу және т.б.) болмаған білім алушыға мектепке келген күннен екі апта аралығында оны өтуіне рұқсат етіледі, бұл кезде жиынтық бағалау тапсырмаларының қосымша нұсқалары қолданылады.


Каталог: sites
sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет