Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама индикаторлары



бет2/2
Дата05.04.2023
өлшемі16,73 Kb.
#173843
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Дидактика 1 қаз
Мәтін тапсырмаға, Карталар
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама индикаторлары
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама — бұл өнеркəсіптік саясат. Сонымен бірге бұл бағдарламаның негізгі назары өңдеу өнеркəсібінде болмақ. Алдын ала есептеулер бойынша өңдеу өнеркəсібінде жалпы қосылған құнның өсімі 2020 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есе шамасында болуы тиіс.
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама басым бағыты — қара металлургияны, түсті металлургияны, агрохимияны, өнеркəсіп үшін химиялық заттарды, машина жасауды, тамақ өнеркəсібін, мұнай өңдеу өнеркəсібін жəне мұнай-газ-химия өнеркəсібін дамыту болмақ.
Қазіргі уақытта ғаламдық деңгейде қара металлургия экономиканың елеулі бөлігін құрайды. 2008 жылы қара металлургия барлық өңдеу өнеркəсібінің үштен бір бөлігін құраған, қазір 10 %-ды құрайды, бірақ ол өңдеу өнеркəсібінде 10%-дан артық жұмыспен қамтылуды қалыптастырады.
Түсті металлургия — біздің күшті саламыз: Қазақстан базалық металдарды айтарлықтай табысты өндіреді жəне экспорттайды, міндетіміз — оларды өнеркəсіптік жартылай фабрикаттарға немесе соңғы өнімге дейін өңдеуге көшу.
Мұнайды өңдеу секторында ішкі нарықты моторлық отынмен қамтамасыз ету мəселесін шешу қажет жəне байланысты салалар үшін химиялық шикізат жасау керек. Едəуір көлемдегі ілеспе мұнай газының болуы газдық-химиялық өндірістің табысты дамуы үшін іргетас болуы тиіс жəне өнеркəсіпті пластиктермен қамтамасыз етуі керек.
Азық-түлік өндіру импортты алмастыру жағынан да, экспорт жағынан да маңызды болып келеді. Келесі сектор — агрохимия. Бізде АӨК жағынан үлкен жасырын сұранысты үкімет еңбек өнімділігінің жəне ауыл шаруашылығында инновацияның артуына бағытталған аграрлық саясат арқылы нақты сұранысқа аударуы тиіс.
Машина жасаудың 6 секторы: автокөлік өндіру, электрлік машиналар өндіру, электрлік жабдықтар өндіру, ауыл шаруашылық техникасын өндіру, темір жол техникасын өндіру, ТМК жəне мұнай саласы үшін жабдықтар өндіру таңдалды
Сонымен қатар бағдарлама «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының қажеттіліктерін өтейтін құрылыс материалдары секторының дамуына бағытталған.
Аталған барлық салалар Индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылады. Жалпы мемлекеттік қолдаудың 80 %-ы жоғарыда аталған секторларға бағытталады. Алайда басқа секторлардың тиімді кəсіпорындарын қолдау қажет екендігін түсіне отырып, мысалы, фармацевтиканың, ағаш өңдеудің, жеңіл өнеркəсіптің жəне тағы басқалардың, оларға ресурстардың 20 %-ын қолдану ұсынылады.
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама құрастырушылардың пікірі бойынша, мемлекеттік саясаттың міндеті – инновациялық жобалардың пайда болуы үшін кəсіпкерлерді ынталандыру. Критерийлер қарапайым: жоғарғы еңбек өнімділігі, бəсекеге қабілетті өнім шығару (көпшілікке танылған халықаралық стандарттарға сəйкес келу), экспорт, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі. Қазақстан еңбек өнімділігінің деңгейі бойынша Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы (ЭЫДҰ-дамыған елдердің басым бөлігі кіретін ұйым) мемлекеттерінің орта көрсеткіштерінен екі есе артта, сондықтан біз бұл көрсеткішті жоғарлататын жобаларды ғана қолдаймыз. Екінші критерий — экспорт. Ішкі нарыққа ғана бағытталудың келешегі онша зор емес, көлемі бойынша тиімді өндірісті іске қосуға нарықтың сыйымдылығы жетпейді. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін тауарларға қосылған құн мөлшеріне қарай анықтауды ұсынамыз.
Тиімділік бойынша мысал:
Тау-кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 3,5%-ын (2012 жылы - 2,6%, 2013 жылы - 2,9%) және экономикадағы жалпы қосылған құнның 14,7%-ын (2012 жылы - 16,5%, 2013 жылы - 14,7%), ал өңдеуші сектор - тиісінше 6,3% (2012 жылы және 2013 жылы - 6,4%) және 10% (2012 жылы - 10,8%, 2013 жылы - 10,4%) қамтамасыз етеді. Өндіруші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлемінің 30%-ын құрайды (2012 және 2013 жылдары - 29%), ал өңдеуші өнеркәсіпте бар болғаны - 11% (2012-2013 жылдары да 11%).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет