7. Ежелгі түркілердің мемлекеттілігі-қазіргі кезеңде мемлекеттіліктің қалыптасуының негізі. Кітапттан оқшау есте қалар ерекшелігі — əркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мінезі мен қасиетін саралауға үндейді. Қазақ, біз қандай ұлтпыз, «Мен» дегізерлік, мақтан етерлік қасиеттеріміз қандай, ел-жұртымыздың арғы-бергі тарихында ұрпақтар айта жүрер тарихи тұлғалар, руханият көсемдеріміз кімдер? Болашағымыз қандай, қайда барамыз, ел есебінде аңсаған- көксеген мұраттарымыз нендей? Кітап авторын əрбір естияр азаматтың намысын түрткілер осы алуанда жүрекжарды сұрақтардың барлығы толғандырады. Туған елінің бар ауыртпалығы жан- жүрегін шамырқандырған Елбасы ештеңені бүкпей, ашық сырласады. Бірде арғы, бірде бергі тарих қойнауларына сүңгіп, бірде əлем кеңістігіндегі əрқилы елдер беталысына зер сала отырып, туған елі — Қазақстанның алыс-жақын болашағына көз тігеді. «Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешігінің деңгейінде емес, жалпы ұлттық өреде мақтан тұту, ұланбайтақ Еуразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып-түсіну, ұлттық қадір- қасиетіңді қорлайтын жаттанды жаралардан арылу — міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бігінгі күннің ең қуатты тетіктері осылар» .
БӨЛІМДЕРІ
Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихының он екі кезеңін атап өтті:
1. Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын көшпелі,ежелгі арийлердің қоныстануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді.
2. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын арийлер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік Оралдан Үнді өзені бойына ығысты. Сақ патшаларының Есіктегі, Бесшатырдағы қорғандары одан кейінгі дәуірдің белгілері.
3. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын Гоби маңында ғұндар билік құрды. Олардың бір тобы бір ғасырдан соң бүгінгі қазақ даласына құлады. Тәңірге табыну басталды.
4. Осыдан 1,5 мың жыл бұрын ғұн нәсілдері – түркілер - Ашина руының түркілері жинақталып, кейін олар түркі қағанатын - Мәңгілік ел қалыптасты. «Қорқыт ата» аңызы сол заманның тарихи сарыны.
5. Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығысқа көшті. Ол Орхон-Енисей жазбаларында таңбаланды. Тоныкөк, Күлтегін рунасының жазбаларын, қырыққа тән жәдігерлерді енгізуге болады.
6. Осыдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстанға ислам діні дендеп енді. Араб әріпі руна жазуын ығыстырып шығарды. Ғылым-білім дамыды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сол заманның сөнбес жұлдыздары.
7. ХІ ғасыр түркілерден шыққан тұңғыш сопы Қожа Ахмет Йассауи хикметтерімен ерекшеленеді.
8. ХІІ-ХІV ғасырлар Шыңғыс хан мен оның ұрпағын жаулаушылық бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына кесел болып жабысты, қанжоса болды. Сол кезде қазақтан Майқы би шықты. Ол қазақтың үш жүзінің таңбаларын тасқа қашады.Үш жүз өзінің жауынгерлік ұранын алды. Ұлы жүз - Бақтияр - Бақыт, Орта жүз - Ақ жол - Әділет, Кіші жүз Алшын - От-ана. Олардың ортақ ұраны - Алаш болды.
9. XV-XVIII ғасырлар қазақ хандығы құрылуымен биік сапаға көтерілді. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау қазақ руханиятының алтын ағысына айналды. Жәнібек пен Керей хан қазақ деген атауды тарих сахнасына алып шықты. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғыны» жасады. 1729 жылы Аңырақай шайқасы қазақтың болу-болмауы туралы мәселені шешті. «Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ»!
10. Бұл ХVІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезі еді. Осы кезеңде тарих сахнасына Абылай хан келді. Қазақ елі Ресейдің боданына кірген тұс та осы кезең. Осы сәтте жарқ етіп қазақ көгіне Шоқан мен Абай шықты.
11. ХХ - ХІХ ғасыр Ресейдің гүлденуі де, құлағалы тұрған кезеңін белгілейді. Қазақ өз мемлекетін құруды көздеді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Алашорда үкіметін құруға ұмтылды. Қазақ төңкерісі сөз жүзінде еркіндік әкелгенімен, шын мәнісінде қасіретті жаңа бір кезеңге ұласты. 70 жыл бойы коммунистік жүйе қазақтың ұлттық рухын жоғалтуымен айналысты. Тілінен, дінінен айырылған халық қалыптаса бастады.
12. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі қазақтардың рухын оятты. Алып СССР құлады, қазақ егемен, тәуелсіз мемлекет құру құқығына ие болды. Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың осы атақты еңбегі 1999 жылы жарық көріп еді. Содан бері он төрт жыл өте шықты. Қазақ елі тарихының концептуальды жолы тайға таңба басқандай жазылған-ды. Қазақтың рухани тарихы қазақтың тарихи тұлға ретінде қалыптасқанынан жазылып отыр. Ұлы далада өз өрнегін салған, ұлттық құндылығын, тарихын жасаған, жерін қалыптастырып, қоғамдық қатынас орнатқан халық қана рухани дүние қалдырмақ. Сондықтан да рухы мықты елдің тарихы да мықты екенін таразылайтын сәт келді.
Біздің осы кезде қарастыратынымыз 8-ші бөлім.
Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің қүлкынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.
Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат, барунғар, сол қанат жоңғар және орталық қол атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер түмендер болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "он-дықтан" кұрылды.
Өте қатал тәртібі, мұқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нояндар, багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі ұланы қызмет етті.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы най-манның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға қарсы түруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мұсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойын ұсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды олтіруге бүйырды. Шыңғыс-хан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бүл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді олтіруге әмір берді. "Отырар апаты" деп аталатын бүл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастағаи бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетіп жүктеді. Шың-ғысхан кіші үлы Төлеймен - екеуі әскердің негізгі күштерімен Бүхараға беттеді.
Хорезмнің шахы Мүхаммед моңғолдарға қарсы түруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп езіне қарсы шығуынан корық-қан ол оскери күштерді әр қалаға бөліп үстап отырған. Мүның өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз қүртып жіберуге мүмкіндік жасады.
1219 жылдың күзінде Шыцғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мүнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан ба-сқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғаны-сы Қазақстан мен Орта Азияның халык бүқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқ-ын көрінісі болды. Қарамағында қамал бүзатын техника-сы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бүл қаланы алты ай бойы ала алмады.Қаланың қүлауына опасыздық себеп болған еді.