Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау
Бөлім:
|
5.1А Натурал сандар және нөл
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Смаханова Л.Б.
|
Күні:
|
10.09.2021
|
Сынып: 5 А-2, Математика
|
Қатысушылар саны: 1
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.2.1.1 қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;
5.2.1.2әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіреді.
Әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін таба алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5-минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу
2.«Ширату жаттығуы»
1.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындының мәні қалай өзгереді?
2.Санды өрнек дегеніміз не?
3.Санды өрнекке мысал келтір, санды өрнектің мәнін қалай табуға болады?
4.Арифметикалық амалдардың қасиеттерін ата.
3. Үй тапсырмасын тексеру
|
Оқушы сұрақтарға жауап береді
|
Мадақтау
|
Оқулық
|
Сабақтың ортасы
28 минут
|
Жаңа сабақты меңгеру.
1-тапсырма:
«Балық қаңқасы»әдісі
10 000 – b; 25-13; 19-5;
a + 8729;а+с;45+12, а+12, 4х,
Дескриптор:__санды_өрнекті_ажыратады;__әріпті_өрнекті_атайды:__2-тапсырма«Денотаттық_граф»'>Дескриптор:
санды өрнекті ажыратады;
әріпті өрнекті атайды:
2-тапсырма«Денотаттық граф»әдісі
71. 8 · 91 + 34 · 8 – 301 · 3 өрнегiнiң мәнi Астана қаласындағы елi мiз дiң егемендiгiне арналып салынған “Астана — Бәй терек” монументiнiң биiктiгiне, 4 · 31 · 25 – 3009 өрнегiнiң мәнi “Қазақ елi” монументiнiң биiктiгiне тең. “Астана — Бәйтерек”
пен “Қазақ елi” монменттерiнiң биiктерiн табыңдар.
Дескриптор:
санды өрнектерді ықшамдайды
амалдардың орындалу тәртібін қолдана алады.
3-тапсырма. «Зерттеу» әдісі
Дескриптор:
Санды және әріпті өрнек құрастырады;
Өрнектерді ықшамдайды,қорытынды жасайды
|
Оқушы әріпті және санды өрнектерді ажыратады.
Оқушы
өрнекті ықшамдайды
Берілген фигуралардың аудандарын табу өрнегін құрастырып, әріпті өрнектерге амалдар орындау мүмкіндіктерін талқылап,қорытынды жасайды.
|
Дескриптор
|
Оқулық
презентация
Қима қағаздар
|
Сабақтыңсоңы
12 минут
|
«5W»әдісі
1.Неліктен 93*6+7*6 өрнегіндегі ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарсақ, олар өрнектің мәнін есептеудің тиімді тәсілі болады?
2.Неліктен 93*6-3*6 айырымын көбейтінді түрінде жазсақ,олар өрнектің мәнін есептеудің тиімді тәсілі болады?
3.Неліктен (100+25)*4көбейтіндісін қосынды түрінде жазсақ,өрнектің тиімді тәсілі болады?
4.Неге (273+184)+(727+816) және(273+727)+(184+816) өрнектерінің қосылғыштары бірдей, бірақ екінші өрнектің мәнін табу оңай ?
5.Неліктен 6а+4+17в өрнегі әріпті өрнек деп аталады?
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Үйге тапсырма: Санды және әріпті өрнектерді өмірде қолдануға байланысты ақпарат жинау.
|
Оқушы сұрақтарға жауап береді.
|
Сұрақ-жауап
Өзін-өзі бағалау
|
презентация
|
Достарыңызбен бөлісу: |