Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi


Талдау үшін алынған дән саны, дана



бет4/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,41 Mb.
#34112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Талдау үшін алынған дән саны, дана_________________________


Шөкімдегі залалданған дәндер саны, дана ___________________________

Залалданудың жасырың формасы _________________________________



Бақылау сұрақтары:


  1. Қай жағдайда астықты залалданған деп санауға болады?

  2. Нан қорларының зиянкестері қандай зиян келтіреді?

  3. Астықтың алғашқы залалдану көздері және зиянкестердің астық массасына түсу жолдары.

  4. Сапа жөніндегі құжаттарда залалдану қалай көрсетіледі?

  5. Сан тапсырушылардан астықты қабылдау кезінде астықтың залалдығына мемсараптамамен қандай талаптар қойылады?

6 Астықтың біркелкілігі және ұсақ дәндер құрамын анықтау
Жұмыс мақсаты: әдістемені үйреніп, ұсақ астықтың құрамын және тегістігін анықтауды білу.
Әдебиет

ҚРСТ 1046-2001, МЕСТ 10939, МЕСТ 13586.2.


Құрал жабдықтар: Әртүрлі өлшемдегі техникалық таразылар, қақпақтары мен поддондары бар елеуіш жиынтығы (2,5x20 мм; 2,2x20 мм; 2,0x20 мм; 1,7x20 мм), талдау тақтасы, қалақша және үш минутты құмсағат.
Жұмыс барысы
А) Ұсақ дәндердің құрамын анықтау шөпшар және астық қоспаларының құрамын анықтаумен бірге жүргізіледі.

Алынған шөкімді зертханалық елеуіш комплектісінен елеп өткізеді. Ұсақ дәндердің 1,7x20мм (бидай үшін) елеуіштен өткен қалдықтан бөліп, салмағын өлшеп, мөлшерін мына формула арқылы анықтайды:




бұндағы:

m1 – ұсақ дәндердің массасы, г.

m - астық шөкімінің массасы, г.

Б) Біркелкілік деп - астық партиясының ірілігі бойынша біртекті болуы. Егер астық (дәндер) партияда негізінен көлемі бойынша бірдей болса, онда оны тегістелген деп атайды. Астықтың және тұқымның себу сапасын бағалауда қолданылытын бұл көрсеткіштер, олардың технологиялық қасиеттерінің сипаттамасында да елеулі роль атқарады. Біркелкі астық партиясын астық тазартқыш машиналарда сепаратарлаудан ( іріктеу ) немесе арнайы іріктеу машиналарында іріктеуден кейін алады. Біркелкі астықтан өнделінетін өнімнің шығуы және оның сапасы жоғары болады. Ірілігі бойынша біркелкі бұршақ дақылдарының тұқымдары бір уақытта піседі.

Астықтың біркелкілігі жақсы болса, солодтың да сапасы жоғары болады.
Астықтың біркелкілігін анықтау үшін орташа үлгіден 50 гр шөкімді бөліп алып, шөпшар, астық қоспасынан тазартқаннан кейін бидайға арналған елеуіш комплектісінде ( 2,5х20мм, 2,2х20мм, 2,0х20мм, 1,7х20мм) 3 минут аралығында елейді. Елеуден кейін елеуіштерден өтпеген және ең төменгі елеуіштен өткен астықты өлшеп, алынған массаны % пайызбен көрсетеді.


Нәтиже жазбасы:
50 г бидай шөкімі

2,5х20мм елеуіштен өтпеген қалдық _________г_______%

2,2х20мм елеуіштен өтпеген қалдық _________г_______%

2,0х20мм елеуіштен өтпеген қалдық _________г_______%

1,7х20мм елеуіштен өтпеген қалдық _________г_______%

1,7х20мм елеуіштен өткен қалдық ___________г_______%



Жалпы таза астық ________________г_______ %
Әрбір елеуіштен өтпеген және төменгі елеуіштен өткен ( ұсақ астық ) астықтың пайыздық құрамын мына формула бойынша анықтайды:
,

бұндағы:

а – елеуіштен өткен және өтпеген масса, г;

б – таза астықтың массасы, г.


Ескерту: Біркелкілі астық деп, бір немесе екі қатар тұрған елеуіштерден өткен бөлікті қарастырады.

.
Нәтеже. Берілген партия бойынша астықтың тегістілігін анықтау.




Бақылау сұрақтары:


  1. Қандай астық тегістелген деп аталады?

  2. Астық біркелкілігі деген терминді қалай түсінесіз, бұл көрсеткіштің қандай белгісі бар және ол қалай аталады?

  3. Бидайға қандай елеуіштер тән?

  4. Ұсақ астықты анықтау әдісі?

  5. Біздің астық топтарында ұсақ астық нормасы, ұсақ астықты бөлу үшін қандай елеуіштер қолданады?

  6. Ұсақ астықты МЕСТ бойынша неге жатқызады?



7 1000 дәннің массасын анықтау
Жұмыс мақсаты: 1000 дәннің салмағын анықтау әдісі, осы көрсеткішті анықтауды үйрену.
Әдебиет

МЕСТ 10842.


Құрал жабдықтар: Талдау тақтасы, ағаш планкалар тұтас қабырғалар, күрекше, сынама тостағаншасы және техникалық таразылар өлшеуіштерімен.
Жұмыс тәртібі
1000 дәннің салмағы бидайды бағалаудың қосымша көрсеткіші болып табылады. Бидай неғұрлым ірі болса, соғұрлым жақсы дайындалады, яғни 1000 дәннің салмағы көбірек болады. Егер 1000 дәннің салмағы жоғары болса, онда одан алынатын сапалы ұның түсімі де көп болады.

Дәнді және бұршақ тұқымдастарын сұрыптау жұмыстары келесі жолмен жүргізіледі. Орташа үлгіден 2 шөкім алады; біреуі-1000 дәннің массасын анықтауға; екіншісі-ылғалдылықты анықтауға қолданылады. Бұны бөлу құрғақ затқа келетін 1000 дән массасын анықтау үшін қажет. Екі шөкім де қатарынан сұрыптаудан өткізеді.

Анықтау үшін граммен берілген шөкім массасы келесі түрде болу керек:
11 кесте – Шөкім массасы,г


Дақыл

Шөкім массасы, г

Жүгері, түйе бұршақ, бұршақ

500

Асбұршақ, ноқат

200

Әйкен, жасымық

100

Бидай, қарабидай, сұлы т.б

50

Тары

25

Осыған орай 200 грамдық шөкімдерді 0,1г, 200 грамнан жоғары болса 1г дәлдікпен өлшейді. Айырып алынған шөкімді 1000 дәннің массасын анықтау үшін шөпшар және дәнді қоспалардан тазартады. Қоспаларды стандартта ұсынылған тізімге сәйкес анықтайды.

Тазартылған астықты араластырып, квадрат тәрізді тегіс тақтайға жайады.. Оны диоганалі бойынша 4 үшбұрышқа бөледі. Әрбір үшбұрыштан 250 дәннен санап алады (ірі дәндерге 125 дән) таңдамай-ақ. Екі қарама – қарсы үшбұрышты қосып өлшейді (2 шөкім 500 дәннен). Екі шөкім массасының айырмашылығы 5%-дан аспаса , анықтаманы дұрыс деп есептейді.

1000 дәннің массасын мына формула бойынша анықтайды:



,

мұнда:


G – 1000 дән массасы, г.

W – ылғалдылық, %.


Қорытынды жазбасы
Дақыл _________________________________________________

I үлгі масасы (500 дән)____________________________________ г

II үлгі масасы (500дән)____________________________________ г

Екі шөкімнің орташа массасы __________________________ г

Ылғалдылық ________________________________________________ %

Ылғалдылығы 1000 дән массасы_________________________________ г

Абсольютті құрғақ затта есептелетін 1000 дән массасы______________ г
Х=-----------------------------------------------------------
Нәтеже. Алынған көрсеткіштер бойынша 1000 дән масасы берілген топтың қайсысына жататынын анықтау. (жоғары, орта, төменгі)

Бақылау сұрақтары:


  1. 1000 дән анықтау әдісі.

  2. 1000 дән масса сипаттамасы.

  3. 1000 дән масасының есебі.


8 Астықтың натуралық массасын анықтау
Жұмыс мақсаты: натуралық массаны анықтау әдістемесін үйрену. Пурка құрылысын үйрену. Астықтың натуралық масасын анықтауды үйрену.
Әдебиет

СТРК 1046-2000; МЕСТ 10840


Құрал жабдықтар: астық үлгілері, литрлік пурка құламалы жүгімен, ПХ-1.
Жеткілікті талап тығыз орналасуын қамтамасыз ететін кез-келген сыйымдылыққа нақты ережелерді сақтай отырып, бидай, қара бидай, арпа және сұлы дәндерін орналастырғанда, осы көлемде және тіпті, бір дақыл тұсында да астық массасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл үш себеппен түсіндіріледі: астықтың әртүрлі тығыздығы, астық массасында қоспа құрамының әртүрлілігі; астықтың әртүрлі ылғалдығы. Халықаралық ашық стандарты бойынша натура 1кг-ға 20 л-ден келеді. Астық тығызырақ орналастырылған сайын оның натуралық массасы артады.

Натуралық масса дәннің толықтығын сипаттайды. Жақсы толыққан дән эндосперімнің салыстырмасы жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Осыған байланысты натуралық масса астықтың ұндық сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бидай мен қара бидай ылғалдылығының артуы натуралық салмақты төмендетеді. Арпа мен сұлының ылғалдылығы 16 пайызға артқан сайын, натурасы да артады, ал 16 пайыздан кем болса, төмендейді. Минералды қоспа астықтың натурасын арттырады.

Бидайдың орташа сынамасын саңылаудың диаметрі d = 6 мм елеуіштен өткізіп, ірі заттарын алып тастап, әбден араластырады.

Жұмыс тәртібі
Натура бұл граммен есетелген 1 литр бидайдың салмағы. Натураға дақылдың орналасу тығыздығы әсер етеді. Орналасу көп болса, соғұрлым натура көп болады.

Астықтың натуралық массасын литрлік пуркаларда анықтайды. Ол түбінде саңылауы және жоғары бөлігінде пышақ үшін кертігі бар өлшегіштен, түбі жоқ цилиндрден жасалғантолтырғыштан, құламалы салмақтан – жүктен, пышақтан, таразыдан, пурканың жекелеген бөлшектерін салатын жәшіктен және әртүрлі гирлерден тұрады.

Натураны анықтау үшін пурканы тегіс жерге орнатылған салмақты үстелге бекітеді де, одан аспаптың барлық бөлшектерін алады. Ең әуелі таразыны құрастырады. Ол үшін ұяға штативті бұрайды, оған иін темірдің сол жақ бөлігіне гирлерді салатын шәшкені, ал оң жақ бөлігіндегі призмаға сырғаны іледі де оған құламалы жүк пен өлшегішті біріктіреді. Содан соң оларды теңестіреді. Содан кейін алдын ала салмақты жүкті алып тастайды да, өлшегішті ағытады. өлшеуіштің саңылауына пышақты сұғады, оған құламалы жүкті салады, соңынан өлшегішке толықтырғышты тұрғызады, цилиндр құйғышқа ақырын ағыспен орташа үлгідегі астықты төбесіне дейін құяды, оны толтырғышқа тұрғызады да құйғыштын сұқпасын ашады. Астық цилиндр толтырғышқа құйылады. Соңынан тез қимылдап оң қолмен өлшегіш кертігінен пышақты суырып алады, құламалы жүк астықпен бірге өлшегішке түседі. Осыдан кейін пышақты қайтадан өлшегіштің кертігіне сұғады, пышақтың ұшы қарама- қарсы жаққа шығып тұруға тиіс. Өлшегішті оған кигізілген цилиндр толтырғышпен бірге ұядан алады. Пышақтың үстіндегі артық астықты орташа үлгінің қалған бөлігіне қосады. Одан әрі толтырғышты ағытады, пышақтың үстінде қалған дәнді аластатады да, пышақты суырып алады. Нақты 1 л астығы бар өлшегішті таразының иін теміріне іледі және 0,5 г дәлдікпен өлшейді.

Әрбір үлгі үшін натуралық массаны астықтың әртүрлі бөлігінен кем дегенде 2 рет анықтайды.

Астықтың натуралық массасын екі, немесе бірнеше анықтаулардың орташа арифметикалық мәнімен көрсетеді. Екі анықтаудың арасындағы, сонымен қатар бақылау және арбитраждық талдаулардағы 5 грамнан, ал сұлы үшін 10 грамнан аспағаны дұрыс. Құжатқа қою дәлдігі 1,0 г/л.

Егер 1 литр бидайдың салмағы 785 г және одан жоғары болса, ол жоғары болып есептеледі, егер натура 784-765 г аралығында жатса, бұл ортадан жоғары болып саналады, 764-725 г болса, орташа, ал 725 г төмен болса, онда төменгі болып есептеледі.



12 кесте - Қорытынды


Дақыл

Бірінші анықтама

Екінші анықтама

Анықтамалар арасындағы айырмашылық

тар


Орта арифмети

калық натура өлшемі















































































Нәтеже. Берілген астық тобының (жоғары, орташа және төмен) натуралық массасы қандай және оның құндылығы.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қостанай облысы бойынша натураның базистік кондициясы.

  2. Натура методикасының анықтамасы және натура белгісі.

  3. Пурка құрылысы, қолдану ережесі және оны тексеру.

  4. Натураға әсер ететін факторлар.

  5. Натура қандай дақылдан анықталады, паралельдік анықтауда қандай таралу жіберімді, қортынды нақтысы және шаруа бойынша ереже анықтамасының қортындысы.


9 Астық қауыздылығын анықтау
Жұмыс мақсаты: астық қауыздылығын анықтау техникасын және методикасын оқу.

Әдебиет


МЕСТ 10843
Құрал жабдықтар: техникалық таразы, ГДФ аппараты, талдау тақтасы, күрекше, қалақша.
Жұмыс тәртібі
Қауыздылық деп астықтағы сыртқы қабықтың (түсті пленкалар – сұлыда, арпада, күріште, қара құмықта) болуын айтады. Ол алынған таза астық шөкімінің салмағына қатысты пайызбен белгіленеді. Қауыздылық жармалық дақылдар сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады.

Астықтың қауыздылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның бағалылығы төмен болады.

Қауыздылықты дәннен қауызын қолмен немесе ГДФ аспабымен алу арқылы анықтайды.

Қауыздылықты анықтау үшін орташа үлгіден шөкім алады: сұлыдан, қарақұмықтан, күріштен – 50г-нан, тарыдан-25г. Бөлінген шөкім астық және шөпшар қоспасынан айырады. Қалған астықты араластырып және одан екі шөкім алынады.

Қолмен уату:

Қарақұмықпен тары массасы – 2,5г;

Күріш және сұлы массасы – 5г.

ГДФ пен уату:

Күріш массасы – 10г;

Тары массасы - 5г.


Сұрыптау үшін ластану деңгейінен кейінгі, ұрынған дәндері жоқ негізгі дәнді алады.

  1. ГДФ аппаратында күріш дәнінің және сұлының қауыздануы. Қауыздатқыш корпусының есігін ашып, жұмыс аймақтарын сыпыртқы-тазалағышпен тазалайды. Күріш дәнінің және сұлының шөкімін торлы қақапақ арқылы жүктегіш камераға орналастырады. Қауыздатқыштың алдыңғы панелінде орналасқан «Пуск» батырмасын басу арқылы құрылғыны іске қосамыз. Дән жүктегіш камерадан қоректендіруші валик арқылы қауыздатқыштың жұмыс аймағына өтеді.Сұлы тұқымы 30-45 секунд, ал күріштікі 60 секунд қауызданады.

  2. Қауыздың қолдан бөлінуі. Шөкімді түбіне жұқа металл тор кесегі салынатын фарфор ыдысқа орналастырады. Дәнді езілуден сақтай отыра, шөкімді фарфор ыдысқа орнықтырып, пестикпен 40-60 қозғалыс жасайды. Қалған қауызданбаған дәндерді бөлек бөліп алып, ыдысқа қайта орналастырып, қауыздатып, алдын-ала бөлінгендерге қабықтарды қосады.

  3. Сұлыны сұрыптау кезінде шөкімді сұрыптау тақтасына орналастырып, әр дәннен қысқыш көмегімен ядросын сығып шығарады. Ядро сығуды абайлап, қауыз бен ядроны бүтін күйінде сақтап, дәннің төменгі бөлігінен бастайды.

Анықтау аяқталғаннан кейін, қауыздық көрсеткішін есептейді.Ол үшін қауыз массасын алынған шөкім массасына процентпен шығарады. Алдымен қауыздықты әрбір шөкім бойынша бөлек 0,01% дәлдікпен есептейді. Егер екі қатар анықтамалардың арасындағы айырмашылығы 1,0 % аспаса, онда орташа арифметикалық мәнін табады. Соңғы нәтижені, яғни екі қатар анықтамалардың орташа арифметикалық мәнін құжаттарға 0,1% дейінгі дәлдікпен қояды.
Қауыздылықты пайызбен анықтау формуласы:

қт х 100


Қ = ------------- = %

шт

мұнда:



қт – қауыздар массасы, г;

шт – шөкім массасы, г.

Орта арифметикалық қауыздылық формуласы:
Қ1 + Қ2

Қ= ------------

2

Қорытынды жазбасы:

I шөкімдегі (Қ1) қауыздар массасы___________________________ г.

II шөкімдегі (Қ2) қауыздар массасы___________________________ г.

Қауыздылық (Қ)______________________________________________ %


Бақылау сұрақтары:

  1. Астықтың қауыздылық мағынасы.

  2. Қарақұмықтың қауыздылығын анықтау әдісі.

  3. Неге арпаның қауыздылығын анықтамайды.

  4. Қандай аспаптың көмегімен қауыздылық анықталады.

  5. Берілген мысалдар бойынша қауыздылықты есептей білу.

10 Бидайдың типтік құрамын анықтау әдістері
Жұмыс мақсаты: бидайдың типтік құрамын анықтау және астық түрінің типін анықтау.

Әдебиет


СТРК 1046-2001; (МЕСТ 9353-90) МЕСТ 10940,
Құрал-жабдықтар: техникалық таразы, талдау тақтасы, абақ, астық типінің этолондары, химиялық стақан, 5%-ті сілті ерітіндісі.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет