Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет18/51
Дата17.06.2018
өлшемі4,3 Mb.
#43153
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
281-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда,

Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді

және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы

заңнамасын бұзу
1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарын, сондай-ақ мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:

1) темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;

2) темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін жабдықта өндіру;

3) лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмау түрінде жасалған бұзушылық -

тиісті қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер

тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы шарттарын:

1) этилдендiрiлген бензиннің және (немесе) қанықпаған мұнай өнiмдерiнің айналымы, сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы;

2) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы;

3) өндірушілер мен мұнай берушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;

4) бақылайтын есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда темекі бұйымдарының айналымы (экспорттан басқа);

6) мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден тыс орындарда өткізу;

7) құрамында металл қосындылары бар (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы;

8) мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз (БЕА) не БЕА-дан айналып өтіп өткізуі және (немесе) жөнелтуі;

9) мұнай базаларының, резервуардың меншік иелерінің мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) кейіннен өткізу мақсатында сақтау үшін бір уақытта екі және одан да көп жеке (немесе) заңды тұлғаларға жалға беруі;

10) мұнай өндірушілерден және берушілерден мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізбейтіндерге немесе түпкілікті емес тұтынушыларға мұнай өнімдерін өткізуі түрінде жасалған бұзушылық –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен

алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың

айналымы саласындағы заңнамасын бұзу
1. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін декларациялау қағидаларын, этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарын ұсынбау не уақтылы ұсынбау -

жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы қағидаларын:

1) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген орындарда сақтау және өткізу;

2) этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орындағы айналымы (экспорттан басқа);

3) алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстарда, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон қаптамада және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетінде өткізу, сол сияқты анық сынған белгiлерi бар, тұрқы бұзылған ыдыста, зақымдалған тығындармен тығындалған шөлмектерде бөлшек сауда арқылы өткізу;

4) алкоголь өнімін (шарап материалынан, сырадан және күштілігі он екі пайызға жетпейтін градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасын) қаңылтыр ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда сату;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бағалардан төмен бағаларда алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан басқа);

6) екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, нақ сол стационарлық үй-жайларда, этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретінде арналған денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін сақтауы және өткізуі;

7) шыққан жері белгісіз, сәйкестік сертификаттары (және белгілері) жоқ, жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарынсыз этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған бұзушылық

алкоголь өнімін кейіннен жойып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер

алкоголь өнімін кейіннен жойып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру қағидаларын:

1) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;

2) этил спиртін спирт өлшейтін аппараттармен жарақтамай не өнімділік көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен өндіру;

3) этил спиртін ақаулы спирт өлшейтін аппараттармен, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулармен өндіру;

4) спирт өлшейтін аппараттарды және фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе оларға уәкілетті орган салған пломбаларды этил спиртін өндіру кезінде алып тастау;

5) алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) ауызсу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес келмеген кезде суды кондициялауға арналған жабдықпен жарақтамай өндіру;

6) алкоголь өнімін (қос тотықты көміртегімен қанықтырылғаннан және шарап материалынан басқа) бақылайтын есепке алу аспаптарымен жарақтамай не өнімділік көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын бақылайтын есепке алу аспаптарымен өндіру;

7) алкоголь өнімін (қос тотықты көміртегімен қанықтырылғаннан және шарап материалынан басқа) ақаулы бақылайтын есепке алу аспаптарымен, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулармен өндіру;

8) бақылайтын есепке алу аспаптарын (қос тотықты көміртегімен қанықтырылғаннан және шарап материалынан басқа) және фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе оларға уәкілетті органдар салған пломбаларды алкоголь өнімін өндіру кезінде алып тастау;

9) екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, сол бір стационарлық үй-жайларда, сол бір жабдықта этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретінде арналған денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін өндіруі және сақтауы түрінде жасалған бұзушылық

тиісті қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы шарттарын:

1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;

2) тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен, сол сияқты денатуратталған этил спиртінен (этанолдан) алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық

тиісті қызмет түріне лицензиядан айыруға әкеп соғады.

8. Алкоголь өнімін балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға жүз метр радиуста іргелес жатқан аумақтарда өткізу

тиісті қызмет түріне лицензиядан айыруға әкеп соғады.


283-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен

және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен

таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу
1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы

тиісті қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Акцизделетін тауарларды акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы

жеке тұлғаларға – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемесінің бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


284-бап. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану

тәртiбiн бұзу
1. Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша салық органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру –

ескерту жасауға әкеп соғады.



4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



5. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын немесе тауар чектерінің кітабын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін, сондай-ақ салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған кезде салықтық өтініш беру мерзімдерін бұзу

ескерту жасауға әкеп соғады.



6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



7. Бақылау-кассалық машинаның бақылау чегінде мынадай деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін:

1) салық төлеушінің атауын;

2) сәйкестендіру нөмірін;

3) бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірін;



4) бақылау-кассалық машинаның салық органындағы тіркелу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақытын;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;

8) фискальдық белгіні көрсетпеу не компьютерлік жүйелердің бақылау чегінде (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелерді қоспағанда) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелерді көрсетпеу

ескерту жасауға әкеп соғады.



8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



9. Бақылау-кассалық машинаны пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырмау не ауысымдық есеп көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының деректеріне сәйкес келмеуі не қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын бақылау-кассалық машинада жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында жазба жүргізбеу

ескерту жасауға әкеп соғады.



10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



11. Салықтық тексеру барысында анықталған, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есеп көрсеткіштерінің қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес, қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомалары ескеріле отырып, фискальдық есепті алу кезінде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келмеуі

ескерту жасауға әкеп соғады.



12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



13. Ауысымдық есепті, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын, тауар чектерін, бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасын жою немесе қайтару чегін, сондай-ақ жою немесе қайтару операциясы сол бойынша жүргізілген бақылау чегін сақтаудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу

ескерту жасауға әкеп соғады.



14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



15. Қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын, өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге бақылау чегінің түпнұсқасынсыз
бақылау-кассалық машинада жүргізу

ескерту жасауға әкеп соғады.



16. Осы баптың он бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



17. Салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны салық органына ұсыну мерзімін бұзу –

ескерту жасауға әкеп соғады.



18. Осы баптың он жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
285-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген

түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан

Республикасының салық заңнамасында белгiленген

мiндеттердi орындамауы

1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi:

1) салық органдарының, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеушi – заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын ашқаны туралы олар ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау;

2) клиенттердің төлем құжаттарындағы (вексельді және банктің қолма-қол ақша қабылдауы және беруі соның негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда) сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоттары бойынша операциялар жүргiзу;

3) салық төлеушiнің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тапсырмасын, салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдар өндіріп алу туралы салық органдарының инкассолық өкімдерін – салық төлеушінің не салық органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет