Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру



бет155/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін Ұлттық палата қамтамасыз етеді.
2-параграф. Инвестициялық омбудсменнің құқықтық мәртебесі
314-бап. Инвестициялық омбудсмен
1. Инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам болып табылады.
2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
315-бап. Инвестициялық омбудсменнің функциялары
1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында инвестициялық омбудсмен:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
3) инвестициялық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
2. Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдары хаттар және инвестициялық омбудсмен өткізген кеңестердің хаттамалары түрінде ресімделеді.
3. Инвестициялық омбудсмен инвесторлардың соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен туындайтын мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен консультациялар және хаттамалық кездесулер өткізеді.
4. Егер инвесторлардың мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілмейтін жағдайда, инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен
міндеттері
1. Инвестициялық омбудсменнің:
1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының кідіріссіз қабылдауына;
3) инвесторлардың өтініштері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдауға;
4) инвестициялық омбудсменге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.
2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне қатысты инвесторлардың өтініштерін қарауға, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
3) өтініштерді қарау кезінде объективті және бейтарап болуға;
4) өзін қорғау үшін жүгінген инвестордың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін қандай да бір әрекеттерді жасамауға міндетті.
317-бап. Инвестициялық омбудсменнің қызметін ұйымдастыру
Инвестициялық омбудсменнің қызметін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Инвестициялық омбудсменнің қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет