Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 324-баптан қараңыз.
МАЗМҰНЫ
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін
құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар
мен кепілдіктерді айқындайды,
кәсіпкерлік субъектілері мен
мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.