Ќазаќстан республикасыныњ



бет15/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128
Байланысты:
касипкерлик
Глоссарий
Толық серіктестік (ТС)

25 АЕК

Құрылтай құжаттарымен анықталады

Құрылтайшылары тек жеке тұлғалар бола алады

2

Коммандитті (сенім)серіктестігі (КДС)

50 АЕК

Құрылтай құжаттарымен анықталады

Салымшылар үшін 50% артық емес

3


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)

100 АЕК

Тіркеу уақытында –жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 25% кем емес, ал бір жыл ішінде – қалған бөлігі

ЖШС –тің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды

4


Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС)

100 АЕК

Тіркеу уақытында – жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 25% кем емес, ал бір жыл ішінде – қалған бөлігі

Қатысушылардың жауапкершілігі енгізілген капиталға еселенген мөлшерде Жарғымен анықталады

5

Акционерлік қоғам (АҚ)

50000 АЕК

Тіркеу күнінен бастап 30 күн ішінде

Дивидендтер алынған пайдаға сәйкес акционерлер арасында үлестіріледі

6

Мемлекеттік кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы)

10000 АЕК

Тіркеу кезінде 100% қалыптасуы керек

Мемлекет негізгі меншік иесі болып табылады

Толық серіктестіктің қызметі тоқтаған жағдайда серіктестік өз қызметін тоқтатқанға дейін өз үлесін алған қатысушылардан басқасы, серіктестік қызметін тоқтатқан күннен кейінгі 2 жыл бойы, қатысушылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады. Серіктестік қатысушыларының құрылтай келісімшартымен басқаша жауапкершіліктер қарастырылмаса, серіктестік мүлкіндегі үлесіне байланысты толық серіктестік қызметінен алынған табыстан пайда алуға құқығы бар.

Коммандитті (сенім) серіктестік – бұл серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен (толық серіктестермен) қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды (салымшыларды) да енгізетін серіктестік.

Коммандитті (сенім) серіктестіктің жарғылық капиталы толық серіктестер мен салымшылардың (коммандистер) салымдарынан тұрады және 50 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталдағы коммандиттің үлесі 50% аспауы тиіс.

Басқару жүйесі толық серіктестермен жүзеге асырылады. Коммандитті серіктестікті басқару мен жұмыс жүргізу тәртібі толық серіктестік туралы ережелер бойынша жүргізіледі. Салымшылардың басқаруға қатысуға, сондай-ақ оның атынан сенімхат болмаса әрекет жасауға құқығы жоқ. Толық серіктестер өзінің барлық мүлкімен бірлескен қосымша жауапкершілікте болады. Ал салымшылар серіктестіктің жарғылық капиталына салынған салымдары шегінде ғана жауапты болады.

Коммандитті (сенім) серіктестік салымшыларының құқықтары:


  • құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жарғылық капитал мен мүлкіне үйлесімді түрде серіктестік пайдасының бір бөлігін алып отыру;

  • серіктестіктің жылдық есебі мен балансымен танысу. Сонымен қатар оларды жасаудың нақтылығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап ету;

  • заңнамалық актілермен және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен қарастырылған тәртіпте мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беру;

  • қаржылық жыл біткен соң серіктестіктен шығу;

  • заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттарымен қарастырылған басқа да құқықтары болу мүмкін.

Коммандитті (сенім) серіктестік салымшыларының міндеттері:

    • серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын ұстану;

    • серіктестіктің құрылтай құжаттарымен қарастырылған мөлшерде және тәсілде, тәртіпте салымдарды салу;

    • серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестікке өз қызметін жүзеге асыру барысында көмек көрсету, оның ішінде серіктестікке қызмет көрсету;

    • заңнамалық актілермен немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында қарастырылған басқа да міндеттемелерді ұстануы мүмкін.

Коммандитті серіктестікке жаңа толық серіктестер мен салымшыларды қабылдау тек барлық толық серіктестердің келісімімен ғана мүмкін болады. Жаңа толық серіктестерді немесе салымшыларды қабылдау барысында коммандитті серіктестіктің құрылтай құжаттарына келесідей өзгерістер енгізілуі мүмкін:

  • серіктестік мүлкіндегі қатысушылар үлестерінің жаңа мөлшері;

  • серіктестікті басқару тәртібін өзгерту;

  • серіктестіктің жарғылық капиталына жаңа толық серіктестермен және салымшылардың өз салымдарын салудың мөлшері, тәртібі, мерзімдері мен тәсілі;

  • жаңа қатысушыны қабылдаумен байланысты басқа да қажетті өзгерістер.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бұл бір немесе бірнеше тұлғалардан құрылған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады және өз мүлкі шегінде ғана барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Ал қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі заңмен тыйым салынбаған, серіктестік көздерінен алынған құрылтайшылардың (қатысушылардың) табыстарынан алынған салымдары есебінен қалыптасады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады және 100 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталға салым ретінде ақша, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді иелену құқығы және интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен басқа да мүлікке деген құқықтар болуы мүмкін. Жеке мүліктік құқық және басқа да материалдық емес игіліктер түрінде салымдар салуға жол берілмейді.

Жарғылық капиталдың көбеюі келесідей жолдармен жүзеге асырылады:


  • серіктестіктің меншікті капиталы есебінен, оның ішінде резервтік капитал есебінен жарғылық капиталдың көбеюі;

  • нақты құны баланстық құннан асатын серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталды) қайта бағалау. Қайта бағалау тек тәуелсіз сарапшылармен жүргізілуі мүмкін;

  • қалған қатысушылар келісім берген жағдайда бір немесе бірнеше қатысушылармен қосымша салымдарды енгізу;

  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жасалатын қосымша пропорционалды салымдар;

  • серіктестік құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.

Жарғылық капиталдың азаюы келесідей жолдармен жүзеге асырылады: серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының пропорционалды азаюы; жеке қатысушылар үлестерінің қарыздарын толығымен немесе жартылай өтеу.

ЖШС жоғары органы ретінде қатысушылар мен құрылтайшылардың жалпы жиналысы болып табылады, алқалы орган ретінде басқарма болады.



Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – бұл қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде, өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.

Қатысушылардың жауапкершілігінің шекті мөлшері серіктестік жарғысында көрсетіледі. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына сәйкес бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады.



Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларды) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы керек. Кооператив мүшелері заңнамалық актілермен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрімен айналысуға құқылы.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет