ХІІІ-ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. І.Моңғол шапқыншылығы ІІ.Алтын Орда. Ақ Орда ІІІ. Моғолстан.Әмір Темірдің жорықтары. ІҮ. Ноғай Ордасы. Батыс Сібір хандығы. Ү. Әбілқайыр хандығы. МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ Моңғол империясының құрылуы: 1. Моңғол империясының негізін қалаған Шыңғысханның туған жылы: 1155(1162)
2. Шыңғысханның бала кезіндегі аты: Темүжін
-Шыңғысхан Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған, Шыңғысхан моңғолдың боржігін (*қият) тайпасынан шыққан. Темүжін 9 жасқа толғанда әкесі татарлар қолынан қаза табады.
3. Моңғол ханы Шыңғысханды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген керей ханы: Торы (Тоғырыл, Ван );
4 .Керей хандығы мен моңғол тайпаларының арасында жақсы қарым –қатынас орнағандығы туралы баяндайтын тарихи еңбек: «Моңғолдың құпия шежіресі»
-/1206 жылы моңғол шонжарларының құрылтайында ұлы хан болып Шыңғысхан сайланып Моңғол мемлекеті құрылды/
-/ Жеке дара билікке жету үшін Шыңғысхан 20 жыл күрес жүргізді.
5. Моңғол империясының негізін қалаған: Шыңғыс хан;
6. Моңғол империясының құрылған жылы: 1206жылы;
7. Шыңғысхан әсери феодалдық Моңғол мемлекетін құрды: ХІІІ ғ.басы
8.Шыңғыс ханның ел билеуі: 1206- 1227жж.
9.Шыңғысханың тұсындағы Моңғол империясының астанасы: Қарақорым
Қоғамдық құрылысы -Моңғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болған.
10. Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы бөлінді.: 3 қанатқа * Оң қанат-Барунгар, орталық қанат- Кул, Сол қанат –Жоңғар 11. Моңғол импреиясындағы (үш қанат) әкімшілік түмендер саны: 92 *Түмендер аймаққа бөлінді.
12. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскер саны: 10 000 13. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл: Кешіктен 14. Моңғол мемлекетінің басты заңы: «Жасақ» (Яса) І.Бөлімде: Шыңғыс ханның нақыл сөздері ІІ.Бөлімде: Әскери, азаматтық істердегі орындауадғы жалпы заңдар және жазалаудың түрі ережелері.
15. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы: Құрылтай *Құрылтай жылына бір рет, жаз айында шақырылды.
Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. 16. Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын бағындырған Шыңғысханның баласы: Жошы (1027-1208жжылдары жаулап алды) 17. Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, Тұрфан кнәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды
бағындырды: 1207- 1209 18. Шыңғысхан әскерінің Қытайды басып алған уақыты: 1211-1215(Солтүстік аймағын- Құбылай) 19. Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді: соғыс техникасын 20. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттандырды: Жебе ноян 21 .Жебе ноян бастаған моңғол әскері Жетісу халқын өзіне тарту үшін: Діни қысым көрсетпеу ұрнанын желеу етті 22. Моңғолдар Жетісу жерін бағындырды: 1218ж 23. Моңғол шапқыншылығынан кейін Жетісудағы 200- ден астам елді мекенінен қалғаны: 20 * «Жуас қала» атанған қала: Баласағұн 24. Шыңғысханның Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жорық жасауына түрtкі болған оқиға: Отырар апаты 25. «Отырар апаты»- 1218 жылы 500 түйе мен 450 адамды Қайыр хан тыншылар деп айыптап өлтіруі
*Моңғол шапқыншылығы қарсаңында Орта Азия мен оңтүстік Қазақстанда ірі (күшті) мемлекет: Хорезм
26. Шыңғысхан 150 мыңға жуық қолымен Ертістен Сырдарияға қарай бет алды: 1219 жылы күз 27. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер қоршауға алған қала: Отырар *Бұхарға беттеген Шыңғыс хан Отырарды алуды жүктеді: Шағатай мен Үгедей 28. 1219 жылы Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған: Жошы 29. 1219 жылы Бұқара қаласыHа бет алған Шыңғысханның кіші баласы: Төле 30.Отырар қаласы моңғолдарға неше ай берілмеді: 6 ай (5 ай- Рабад, 1 ай- Цитадель 31.Отырар билеушісі Ғайыр ханның моңғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: Жақтастарының сатқындығы (Қараша қажип) 32. Шыңғысхан әскеріне үш ай бойы қарсылық көрсеткен қала: Сығанақ 33. Шыңғысхан әскеріне 15 күндей берілмеген қала: Ашнас 34. Сыр бойындағы қалалардың толығымен моңғолдардың иелігіне өту уақыты: 1219-1220жж *Қазақстан аумағы толығымен Шыңғысханның империясының құрамына кірді: 1224ж