Бағдарламасы «Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы»



бет8/8
Дата12.09.2020
өлшемі46,69 Kb.
#78162
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА ӘСЕМ 2020

Тақырыптық оқу жоспары




Сабақтың ұзақтығы

Апталық

реті

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1 оқу жылы

2 сағат

2 рет

4 сағат

144 сағат

















«Әдеби өлкетану» үйірмесінің тақырыптық жоспары
Барлығы:144 сағат ҚББП Ибраева Асемгуль Сагиновна

I оқу жылы



р/с

Тақырыптар

Сағат саны

барлығы

теориялық

практикалық

1

Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2

2




2

«Туған қала тарихы» .

Оқу – жаттығу экскурсиялары, жорықтар.



12

2

10

3

Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері, мәтін оқу.

8

4

4

4

Ауыз әдебиеті – сарқылмас тарих.

12

4

8

5

Туған жер-тұнған шежіре.Жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы.

20

6

14

6

Ақтөбе қаласындағы мұражай, кітапхана, театрларға экскурсия.

16




16

7

Қисынды сөз ойлау қабілетін дамыту,өлең эссе құру.

10

4

6

8

«Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте»

10

4

6

9

Ақын – жазушылар шығармалары, нақышына келтіре өлең оқу.

20

10

10

10

Интеллектуалды тренингтер.

6




6

11

Мәнерлеп өлең оқу сайысы.

4

2

2

12

Қаланың мәдени ескерткіштеріне экскурсия.

10




10

13

Ақтөбедегі тарихи-мәдени орындарға сипаттама.

10




10

14

Қорытынды есеп. Үйірме жұмысын қорытындылау (поэзия кеші,шығармашылық есеп, қорытынды бақылау т.б)

4




4




Барлығы:

144

38

106

 

«Әдеби өлкетану» үйірмесінің күнтізбелік - тақырыптық жоспары



I оқу жылы



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2

2




1

Қауіпсіздік ережесі. Өмір қауіпсіздігінің негіздері, танысуға арналған тренингтер.

2

2




2

«Туған қала тарихы» . Оқу – жаттығу экскурсиялары.

12

2

10

1

Еліміздің тарихына байланысты қаланың қалануы мен дамуы.

2

2




2

Қаладағы белгілі көшелер бойынша шолу сипатындағы жаяу жүру экскурсиясын өткізу.

Абылхайыр хан даңғылы, Ә.Молдағұлова даңғылы. ағайынды Жұбановтар көшесі бойымен т.б.жүру.



4




4

3

Есет батыр кесенесіне кешенді жорық.

6




6

3

Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері, мәтін оқу.

8

4

4

1

Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация / сөз сазы/.

2

2




2

Шығарманың астарлы ойы және оның интонацияны құбылтудағы қызметі.

2

2




3

Сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші.

2




2

4

Көркем сөз оқушы білім алушының өзін ұстауы, дауыс ырғағы, тұрысы.

2




2

4

Халық ауыз әдебиеті.

12

4

8

1

Ауыз әдебиеті – сарқылмас тарих. Ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өлең, толғау, дастандары мен шешендік сөздері туралы мәлімет беру. 

2

2




2

Шешендік өнер.(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би). Ұрпақтан-ұрпаққа  ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты жалғастыратын, елдік пен ерлік дәстүрін  ұқтыратын шығармаларын насихаттау.

4

2

2

3

«Туған өлке соқпақтарымен» атты жаяу жорық

6




6

5

Туған жер-тұнған шежіре.

20

6

14

1

Жергілікті ақын-жазушылар.

Н.Байғанин ат.облыстық балалар кітапханасына бару.



4

2

2

2

Н.Байғанин ат.облыстық балалар кітапханасына экскурсия.

4




4

3

Қаламгерлердің ұлт санасын оятудағы ізденістері мен тарихи және туған жерге байланысты жазған шығармаларына шолу.

4

2

2

4

Әдеби жанрдағы ұлттық құндылықтардың дәріптелуі.

2

2




5

Жергілікті ақын-жазушылар өлеңдерін мәнерлеп оқу.

2




2

6

Шаңғы жорығы.

4




4

6

Ақтөбе қаласындағы мұражай, кітапхана, театрларға экскурсия.

16




16

1

Т.Ахтанов атындағы драма театры.

2




2

2

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.

2




2

3

С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана.

2




2

4

Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі.

2




2

5

Ақтөбе облыстық көркем сурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі.

2




2

6

Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану музейі.

2




2

7

С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапхана.

2




2

8

Ақтөбе облыстық «Алақай» куыршақ театры.

2




2

7

Қисынды сөз ойлау қабілетін дамыту, өлең, эссе құру.

10

4

6

1

Диалог. Монолог.

2

2




2

Пікірталас.Талқылау.

2




2

3

Сөз құдіреті. Сөз бен ойдың байланысы.

2

2




4

Тіл тазалығы.

2




2

5

Практикалық сабақтар.

2




2

8

«Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте».

10

4

6

1

Өлкеміз туралы не білетіндері жайлы ой толғау және өлкені бейнелейтін суреттер салып, жеке жұмыстар атқарады.

2




2

2

Өз өлкеміздің тарихы туралы мәліметтер жинақтау

2




2

3

Өлкемізден шыққан белгілі тұлғаларымыздың өмір  жолына тоқталып, еңбектерін насихаттау және шығармаларының елдің рухани дамуына әсерін дәріптеу.

4

2

2

4

Ұлы тұлғалардың  тарихи  және мәдени мұраларын оқыту. Туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларын насихаттау.

2

2




9

Ақын – жазушылар шығармалары, нақышына келтіре өлең оқу.

20

8

12

1

Ақын – жазушылар шығармалары.

М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов шығармашылығы.



6

2

4

2

Мәнерлеп өлең оқу. Өлеңнің оқылу ерекшелігі. Өлең өлшемдері: шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас.

4

2

2

3

Мәтін – негізгі қарым-қатынас құралы.

2

2




4

Мәтін түрлері.

4

2

2

5

Мәтінмен жұмыс.

4




4

10

Интеллектуалды тренингтер.

6




6

1

Ребус шешу, құрастыру.

2




2

2

Сөзжұмбақ құрастыру, шешу.

2




2

3

Өтірік өлең шығару.

2




2

11

Мәнерлеп өлең оқу сайысы.

4

2

2

1

Интонация. Сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші.Өлеңді оқу ерекшелігі.

2

2




2

Мәнерлеп өлең оқу сайысы.

2




2

12

Қаланың мәдени ескерткіштеріне экскурсия.

10

2

8

1

Ескерткіштер туралы білім алушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру.

2

2




2

Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысу.

«Қан мен тер» ескерткішіне экскурсия.



2




2

3

Т. Ахтанов, Қ.Шаңғытбаев ескерткішіне экскурсия.

2




2

4

Ә.Молдағұлова ескерткішіне экскурсия.

2




2

5

Әбілхайыр хан ескерткішіне экскурсия.

2




2

13

Ақтөбедегі тарихи-мәдени орындарға сипаттама.

10




10

1

Тарихи – мәдени орындармен танысу. «Жұбановтар әлемі» экскурсия.

2




2

2

Қобда ауданы, Абат Байтақ кесенесіне жорық

2




2

3

Қобда ауданы ,Қобыланды батыр кесенесіне жорық.

6




6

14

Қорытынды есеп. Үйірме жұмысын қорытындылау (поэзия кеші, шығармашылық есеп, қорытынды бақылау т.б)

4




4

1

Үйірме жұмысын қорытындылау.Шығармашылық есеп.

2




2

2

Қорытынды бақылау.

2




2




Барлығы:

144

38

106


«Әдеби өлкетану» бағдарламасының мазмұны

I – ші оқу жылы

Тақырып  1. Кіріспе.Қауіпсіздік ережесі. Өмір қауіпсіздігінің негіздері, танысуға арналған тренингтер. (2 сағат)

Тақырып 2. Туған қала тарихы.Еліміздің тарихына байланысты қаланың қалануы мен дамуы. Туған өлке тарихының негізгі кезеңдері. Туған қаланың тарихи ескерткіштері. Оларды қорғау. Қаладағы белгілі көшелер бойынша шолу сипатындағы жаяу жүру экскурсиясын өткізу.(12 сағат)

Практикалық жұмыс: Қаладағы белгілі көшелер бойынша шолу сипатындағы жаяу жүру экскурсиясы, Есет батыр кесенесіне кешенді жорық.



Тақырып 3.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация / сөз сазы/. Шығарманың астарлы ойы және оның интонацияны құбылтудағы қызметі. Сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші. Көркем сөз оқушы білім алушының өзін ұстауы, дауыс ырғағы, тұрысы.(8 сағат)

Практикалық жұмыс:Топтық сайыс



Тақырып 4.. Ауыз әдебиеті – сарқылмас тарих. Шешендік өнер.(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би). Ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өлең, толғау, дастандары мен шешендік сөздері туралы мәлімет беру.  Ұрпақтан-ұрпаққа  ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты жалғастыратын, елдік пен ерлік дәстүрін  ұқтыратын шығармаларын насихаттау.(12 сағат)

Практикалық жұмыс: өзіндік жұмыс, ақпарат жинақтау, «Достық» лагеріне жорық.



Тақырып 5. Туған жер-тұнған шежіре .(Жергілікті ақын-жазушылар). Қаламгерлердің ұлт санасын оятудағы ізденістері мен тарихи және туған жерге байланысты жазған шығармаларына шолу.Әдеби жанрдағы ұлттық құндылықтардың дәріптелуі. Ел тарихындағы іргелі оқиғалардың, Ақтөбе жерінің, өңіріміздің тарихи уақиғаларының  көркем шығармаларда бейнеленуі.(20 сағат)

Практикалық жұмыс: Н.Байғанин ат.облыстық балалар кітапханасына экскурсия, шаңғы жорығы.



Тақырып 6.Ақтөбе қаласындағы мұражай, кітапхана, театрларға экскурсия.Т.Ахтанов атындағы драма театры. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы. С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана. Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі,Ақтөбе облыстық көркем сурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі,Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану музейі.(16 сағат)

Практикалық жұмыс: Т.Ахтанов атындағы драма театрына, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап кітапханасына, Ақтөбе облыстық «Алақай» куыршақ театрына т.б.серуен.



Тақырып 7. Қисынды сөз ойлау қабілетін дамыту. Диалог.Монолог.Пікірталас.Талқылау. Сөз құдіреті. Сөз бен ойдың байланысы. Тіл тазалығы.Практикалық сабақтар.(10 сағат)

Практикалық жұмыс: Пікірталас, рөлдік оқылым.



Тақырып 8.«Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте». Өлкемізден шыққан белгілі ғұламаларымыздың өмір  жолына тоқталып, еңбектерін насихаттау және шығармаларының елдің рухани дамуына әсерін дәріптеу.Ұлы тұлғалардың  тарихи  және мәдени мұраларын оқыту және туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларын насихаттау.(10 сағат)

Практикалық жұмыс:Мәнжазба, дәріс, деректер жинау.



Тақырып 9.Ақын – жазушылар шығармалары, нақышына келтіре өлең оқу.Мәнерлеп өлең оқу. Өлеңнің оқылу ерекшелігі. Өлең өлшемдері: шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас. мәтін – негізгі қарым-қатынас құралы.Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді соны анықтау бір мақсат болса, екінші мақсат – өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы біліге ұмтылдыру, ынталандыру.

Бұдан басқа да мәтін оқығанға дейінгі, оқығаннан кейінгі әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады.

(20 сағат)

Практикалық жұмыс:Поэзия кеші, рөлдік ойындар



Тақырып 10.Интеллектуалды тренингтер. Ребус, сөзжұмбақ, өтірік өлең құрастыру, шешу.

(6 сағат)

Практикалық жұмыс:топтық жарыс, ойын түрлері

Тақырып  11. Мәнерлеп өлең оқу сайысы. Интонация. Сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші.Өлеңді оқу ерекшелігі.(4 сағат)

Практикалық жұмыс: Мәнерлеп өлең оқу сайысы



Тақырып  12. Қаланың мәдени ескерткіштеріне саяхат. Ескерткіштер туралы білім алушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру.Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысу. Ескерткіш –елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді /құрылыс, ғимараттарды / қамтиды.

(10 сағат)

Практикалық жұмыс: Т.Ахтанов, Қ.Шаңғытбаев, Ә.Молдағұлова, Әбілхайыр хан, «Қан мен тер» ескерткіштеріне экскурсия.

Тақырып  13. Ақтөбедегі тарихи-мәдени орындарға сипаттама. Ақтөбенің мәдени өмірінде балалар мен жасөспірімдердің қалалық оқушылар сарайы, шығармашылық академиясы, мемлекеттік филармония, мұражайлар т.б. маңызды рөл атқаруда.Тарихи – мәдени орындармен танысу.(10 сағат)

Практикалық жұмыс:«Жұбановтар әлеміне» экскурсия, «Достық» бассейніне серуен, Қобда ауданы Ә.Молдағұлова атындағы облыстық орталығына кешенді жорық



Тақырып 14. Қорытынды есеп. (шығармашылық есеп, поэзия кеші,қорытынды бақылау т.б.)(4 сағат)

Практикалық жұмыс: қорытынды бақылау жұмысы (тест тапсырмасы)






















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет

  1. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Түрлі үлгідегі мектептен тыс ұйымдарға арналған қосымша білім беру бағадарламалары»

  2. Есназарова Ұ.Ә. Жалпы орта білім беретін мектептегі өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру. – Алматы: 2013. – 16 бет.

  3. Қалиұлы С. Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу құралы). –Алматы, Білім, 2003 ж.

  4. М. Мырзағұл «Ақтөбем – алтын бесігім» Алматы-2000 ж.

  5. М. Тәжібаев «Ақтөбе облысының тарихы» Ақтөбе – 1999 ж.

  6. А.Ш.Пангереев, З.У.Имжарова «Туған өлкемнің атауы» Ақтөбе,

2013 ж.

  1. «Ақтөбе энциклопедиясы». Ақтөбе,«Отандастар – Полиграфия»,2001ж.

Қосымша әдебиет

1. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. – Алматы, «Мектеп», 1997 ж.

2. Абай. Қалың елім қазағым. – Алматы, «Атамұра», 2002 ж.

3. Қ.М.Жүсіпов «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Павлодар,2000 ж.



Анықтама әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 13сәуірдегі «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.

  2. Ахметова К. Жайна Қазақстан. – Алматы, 2006.

  3. Ақатай. С. Қазақ даласының ойшылдары. – Алматы, 2003.

  4. Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр. – Алматы, 2004.


Қалалық жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогі

Ибраева Асемгуль Сагиновнаның

«Әдеби өлкетану» үйірмесінің білім беру бағдарламасына

ПІКІР
Қазіргі кезде оқушылардың өлкетанушылық қызығушылығының өсуі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туады.Туған өлке туралы оқушының білімі неғұрлым толық, терең, мазмұнды болса, бойында туған жер мен оның табиғатына, өз халқының салт-дәстүріне, әдебиетіне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырады.

Ұсынылып отырған «Әдеби өлкетану» бағдарламасы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие береді, азаматтық талғамды қалыптастыру, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызады, көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын оятып, жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Әдеби өлкетану білім алушылардың шығармашылық бастамасын дамытуға, оның еркіндігін қалыптастыруға, өз бетінше ізденуге тұлғалық бағыттау болып табылады.

Бағдарламаның өзектілігі – мынадай компоненттерден, яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, нәтижеге жету. Үйірме жоспары барысында түрлі ұжымдар мен мекемелермен тығыз байланыс жасау арқылы өз өлкенді тануда саяхаттық, топтық, жеке бақылау, әдебиеттермен жұмыс жасалған. Әдебиеттер оқу арқылы әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу.

Бағдарлама жаңалығы – әдеби өлкетану жұмысы оқушыларды өз өлкесіне деген сүйіспеншілігіне тәрбиелеп, жаңа нәрсені танып білуге қызығушылығын арттырады, практикалық білім мен білік дағдыларын қалыптастырып оқып білуге үйретеді.

«Әдеби өлкетану» үйірмесінің қосымша білім беру бағдарламасы барлық талаптарға сай, мазмұнды, жүйелі орындалған деп санаймын.




Пікір жазған:

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Ақтөбе облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институтының

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қ.Дүйсенбаев

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет