Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет380/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.5.7. ҚАН ЖҮЙЕСІ
И.А. Кассирскийдің анықтамасы бойынша қан жүйесі деген ұғым қанның өзін, қан
жасалу мүшелерін және қан бұзылу мүшелерін қамтиды. Бұл, автономды емес, біріккен,
организммен тығыз байланысты барлық жүйелердің нервті-гуморальдық және
эндокриндік факторлардың күрделі әсеріне бағынышты болып келетін жүйе. Қан,
қозғалғыш ткань болғандықтан, оның қан клеткалары мен плазма арқылы зат алмасу
процессіне қатысуын қамтамасыз етеді. Қан жасалу, айналымы және қан бұзылу процессі
жан-жақты, физиологиялық механизмі дәл анықталмаған құбылыс.
Қан жүйесін төмендегідей бөлімдерге бөледі. 
1. Қан жасалу қан клеткаларының полиферациясы және олардың жіктелуі. 
2. Эритроциттердің, лейкоциттердің және тромбоциттердің қан айналымына түсуі. 
3. Қан клеткаларының организмдегі айналымы және олардың организмінің зат
алмасу қызметіне қатынасуы. 
4. Қанның
 
бұзылуы.
Адамдағы қан жасалу процессін зерттеу төрт ғасыр бұрын басталғанына қарамастан,
тек XIX ғасырдың аяғында ғана бірінші ғылыми болжам — қан жасалу клеткаларының
шығу тегі туралы теория құрылды.
Қан жасалу адам ұрығында, өте ерте, ұрықтық кезеңінің 2-3 аптасының аяғында
басталады. Тамырлар және қан элементтері мезенхимадан дамиды. Алғашқыда сары уыз
қапшығында (ұрықтық дененің сыртында), кейін дене мезенхимасынан дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет