Қазақ ұлттық Абай атындағы педагокикалық университеті
Баяндама
Тақырыбы: « Арт-индустрия өнімдерін құруға жане іске асыруға жүйелік және жүйеден тыс тәсілдері
Орындаған: Төреқан Дана Бағдатқызы (102-1 тобы)
Тексерген: Болатхан Назымгүл
ХХl ғасыр экономикасында креативті индустриялар маңызды, ал кейбір елдерде жетекші салаға айналуда. Қазіргі жағдай шығармашылық индустриялардың ерекше мәртебесі көркемдік өндірістің негізгі сипаттамасымен де мәдениет пен де өнердің дамуындағы әлемдік тендециялармен де байланысты болып келеді. Арт-индустрияның өсіп келе жатқан рөлі халықаралық форумдар ғылыми зерттеу жұмыстары, статистикалық деректер куәландырылады. Сонымен қатар, ООН тің шығармашылық индустрияға арналған баяндамасында:2008 жылы қаржылық және экономикалық дағдарыс әлемдік сұраныстың төмендеуіне әкелді. Алайда креативті тауарлар мен қызметтердің әлемдік экспорты сол 2008 жылы 592миллиард долларға жетіп өсуді жалғастырды бұл 2002 жылғы деңгейден екі есе көп, бұл алты жыл ішінде шығармашылық индустрияның жыл сайынғы өсу деңгейін 14% құрайды. Қазіргі халықаралық еңбек бөлінісінде елдер аграрлық және индустриалды емес, индустриалды және постиндустриялы болып бөлінеді. Техника мен өнеркәсіптік өндірісті тудырған ғылым индустриялық революцияның қозғаушы күші болды. Мәдениет шығармашылық ресурстардың жиынтығы ретінде постиндустриалды революцияның қозғаушы күші болып табылады. Мәдени тұтынудың негізі және дәстүрлі мәдени институттардың: мұражайлардың, театрлардың, кітапханалардың және концерт залдарының басты қызметі жанды мәдени өнімнің жанды бұқарамен кездесуін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |