Бекітілген қазақстан Республикасының мәдени саясатының


) музей-қорықтардың жұмысы тұжырымды жаңа форматта қалыптасады



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі97,3 Kb.
#122039
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7. 8.09.2017 =F5 F8O kaz

6) музей-қорықтардың жұмысы тұжырымды жаңа форматта қалыптасады;
7)салалық көркемдік кеңестер құрылады;
8) жетекші халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИСЕСКО және басқалар) жобаларына ықпалдасу күшейтіледі;
9) бизнеспен әріптестікті дамыту шеңберінде:
әлемдік деңгейдегі демалыс ойын-сауық орталықтарын құрудың және ұлттық мәдени брендтерді қалыптастырудың салалық кешенді бизнес-жоспары әзірленеді;
дарынды ауыл жастарын қолдаудың және ілгерілетудің жол картасы әзірленеді;
мәдени туризмнің трансұлттық маршруттарын дамыту бойынша стартап жобасы әзірленеді;
10) 2020 жылға дейін еліміздің барлық кітапхана қорын кешенді цифрлауды аяқтау жөніндегі салалық іс-қимыл жоспары іске асырылады;
11) бірыңғай репертуар, кадр саясатын қалыптастырудың және гастрольдік қызметті ұйымдастырудың нақты тетіктері пысықталады;
12) ауқымды республикалық және халықаралық имидждік іс-шаралар сериясы іске асырылады;
13) БҰҰ-ның алты тілінде оны одан әрі әлемге таныстыру үшін қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің үздік авторлар мен шығармалардың парақтарының шорт - лонгі қалыптастырылатын болады;
14) ауылдар мен моноқалалар үшін мәдениет саласындағы менеджерлер қажеттігінің тұрақты мониторингі қамтамасыз етіледі;
15) Алматы қаласында мәдениеттердің үндестіру орталығын құру туралы мәселе қаралды;
16) ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламаларын кешенді дайындау және іске асыру қамтамасыз етілді.
Бірінші кезеңнің түйінді индикаторлары:
1) 2014 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай ұлттық кітапханалық кітап қорын 100% цифрлауға қол жеткізілетін болады, сандық форматты аударуға жататын қолданыстағы заңнамаға сәйкес;
2) кітапханаларға келу саны 2 есе көбейеді;
3) музейлерге келу саны 3 есе көбейеді;
4) театрларға келу саны 2 есе көбейеді;
5) халықтың мәдениет сапасында көрсетілетін қызметтердің сапасымен қанағаттануы кемінде 70%-ды құрайды.
Екінші кезеңде жаңғырту контекстінде– экономика, саясат және институционалдық және инфрақұрылымдық саланы қайта құруда жалпыұлттық сананы жаңғырту жалғастыру үш базалық салаларын жаңғырту болып табылады. Үштағанды Қазақстандық жаңғыртудың міндеттерін ескере отырып, бірінші кезеңінде қазақстандықтардың ұлттық кодын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, шығармашылық ресурстардың әлеуетін нығайту мәдениет пен туризмде кластерлік индустрияның симбиозын дамыту, креативті индустрия аймағын құру, сондай-ақ бастамаларды қолдау асында өзінің кіші отанының алады өзінің практикаларын іске асыру. Сонымен қатар елдің ұлттық нышандары мен мәдени бренді , Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі, мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылар жаһандық әлемде өзінің аса бір ілгерілетуін алады.
Қазақстан 2030 жылға қарай:
1) әлемдік мәдениет пен өнерді дамыту орталықтарының біріне;
2) дамыған инфрақұрылымы бар әлемдік ойын-сауық және демалыс орталықтарының біріне;
3) тарих ғылымын, археология мен өнертануды дамытудың халықаралық орталықтарының біріне;
4) кәсіби шеберлікті арттыру мен шығармашылық өсудің халықаралық жетекші мектебіне;
5) халықаралық жетекші ұйымдардың ірі өңірлік орталығына айналады.
Алдағы уақытта мынадай бағыттар бойынша жұмыс жалғасады:
1) заманауи өнердің жаңа бағыттарын қолдау, жастар субмәдениетімен өзара іс-қимыл жасасу;
2) киноны, анимацияны, бейнелеу, театр, музыка өнерін, әдебиетті және тағы басқаларды қоса алғанда, барлық салаларда әлеуметтік бағдарланған, рухани-адамгершілік және отансүйгіштік бағыттағы мәдени өнімдер өндірісінің кешенді жоспарын іске асыру;
3) мәдениеттің экспорттық әлеуеті бар брендтік өнімін жасау;
4) еліміздің тарихи-мәдени ландшафтының туристік логистикасын, ішкі және сыртқы туристер легіне қызмет көрсететін трансұлттық бағыттарды кеңейту;
5) мәдени туризмді дамытудың аса маңызды киелі жерлердің объектілері «темірқазық» жобалары ретінде еліміздің айтулы мәдени кешендерін толық реставрациялау және реконструкциялау және басқалары.
Екінші кезеңнің түйінді индикаторлары, 2019 жылмен салыстырғанда:
1) ұлттық кітапханалық кітап қорына түскен жаңа кітаптарды цифрлау 100% деңгейде қамтамасыз етілетін болады;
2) кітапханаларға келу саны 20%-ға дерлік көбейеді;
3) мұражайларға келу саны 2 есе көбейеді;
4) театрларға келу саны 3 есе көбейеді;
5) халықтың мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасымен қанағаттануы кемінде 75%-ды құрайды.
Елдің бірыңғай мәдени кеңістігін, ұлттық символикасын, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеулерін құру жөніндегі іс-қимылдың жаңа ауқымы мен жүйелі шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухани жаңару және қоғамдық сананы жаңғырту жалпы ұлттық идеясының негізінде ұрпақтардың рухани сабақтастығы мен өзіндік біртектілігін қамтамасыз етеді. Мәдени өрістің шекаралары мен форматын айтарлықтай кеңейту: шығармашыл капитал, мәдени кластерлер мен бизнес, бәсекеге қабілетті ментальділік, мәдениет мекемелерінің қызметтерін бөлудегі аумақтық диспропорцияларды бөлуге, креативті индустрия секторы, туризмді дамыту және мәдениет обьектілер мен киелі жерлер бойынша жаңа туристік маршруттарды енгізу, заманауи қазақстанның үздік шығармаларын аудару және халықаралық аренаға шығару, мәдени брендтерді дәріптеу, мәдениетке экономикалық және геосаяси мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, елдің бірыңғай мәдени кеңістігі экономиканың нақты секторындағы өнердің барлық бағыттарының орнықты дамуын қамтамасыз етеді: 2030 жылға қарай мәдениет секторы ІЖӨ көлемінде, мәдениетте жұмыспен қамтылған халықтың көлемінде, мәдени өнімнің экспорттық әлеуетінде әлемнің дамыған елдерінің орташа көрсеткішіне ұмтылады.

6. Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет