Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

 
 
 
 
 
 
 
2 зертханалық жұмыс. Майқышқылды бактерияларының 
жинақтаушы
дақылын алу
 
Майқышқылды бактериялар табиғатта кең таралған, мысалы топырақта 
(топырақ үлгілерінің 90% осы бактериялардан тұрады), көңде, ластанған су 
қоймаларында, ыдырайтын қалдықтарда, сүтте, өсімдіктер бетінде және т.б. 
болады. Майқышқылды ашуды тудырушылар – клостридиялы типті 
споратүзетін қозғалмалы таяқшалар, қатал анаэробтар. Споралар бірнеше 
минут бойы 100
0
C темературада қаздыруға төзімді келеді. Майқышқылды 
бактерияларға тән ерекшеліктің бірі – спора түзілу кезеңінде клеткаға 
гранулеза жинақталуы. Крахмал, декстриндер типті суда еритін 
көмірсутектер, ди- және моносахаридтер, органикалық қышқылдар (сүт және 
пирожүзім қышқылы) және маннит, глицерин спирттері майқышқылды 
бактерияларға энергетикалық материал ретінде қызмет етеді. Олардың өсуіне 
қолайлы температура 35-40 
о
С. 
Майқышқылды бактериялардың элективті дақылдарын алу (қоректік 
ортада 
жинақтау) 
олардың 
анаэробтілігінің 
жоғары 
дәрежесіне, 
спораларының термотөзімділігіне, қолайсыз жағдайда май қышқылдарын 
өндіретін көптеген бактериялардың және олардың жоғары температурада 
жақсы даму қабілеттілігіне негізделген. 
Элективті жағдайлар келесідей факторлардың қатысуымен жасалады: 
амилаза ферменті бар микроорганизмдер ғана пайдаланатын крахмал 
(көміртек көзі); пастеризация; анаэробизм - пробиркадағы ұзын бағаналы 
сұйықтық және ауаны ығыстыратын, ашу үрдісінде бөлінетін СО
2
мен Н
2
.
Майқышқылды ашуды зерттеуге арналған тәжірибелер картопты ортада 
жасалады. Пробиркаларға (1/3 көлемді) ұсақ туралған картопты салып 
(қабығымен), пышақтың ұшымен бор қосады да үстіне құбыр суын құяды. 
Пробиркаларды су моншасына орналастырып, 80
о
С температурада 10 минут 
қызыдрады. Содан кейін оларды суытып, термостатқа 30
о
С қалдырады. 
Келесі сабақта майқышқылды бактерияларды микроскоптайды. Препарат 
даярлау үшін пробиркадан тамшуыр көмегімен ашыған сұйықтықтың 


ортаңғы қабатынан қоректік ортаны картобымен бірге алады. Тамшыны 
заттық шыныға тамызады. Жинақтаушы дақылдың үстіне Люголь ерітіндісін 
тамызады да оны жабындық шынымен жауып, оның үстіне иммер майын 
тамызады. Препаратты микроскоптау кезінде клостридиалды пішінді 
бактерия клеткаларын байқалады.
Клеткалардан жарықты қатты шағылыстыратын сопақша денешіктерді 
байқауға болады. Бұл споралар. Клетканың гранулеза болатын жерлері көк 
түске боялады. Майқышқылды бактериялар тобына жататыны айқын, тек 
қана боялған клеткаларды ғана суреттейді.
Май қышқылының болуын белгілеп алады. Ол үшін келесі сапалық 
реакцияларды жүргізеді: 
1.
 
Майқышқылды темірді алу
(FeCl

–мен реакция). Майқышқылды 
тұздардың 
бейтарап 
ерітінділерін 
FeCl
3
–пен 
қыздырғанда 
майқышқылды темірдің түзілуі салдарынан қоңыр түске боялады. 
Реакция мынадай теңдеу бойынша жүреді: 
3Ca(CH
3
CH
2
CH
2
COO)
2
+2FeCl
3
=2Fe(CH
3
CH
2
CH
2
COO)
3
+3CaCl
2

Бұл реакцияны жүзеге асыру үшін пробиркаға 3-5 мл ашыған 
сұйықтықтан құйып алып, үстіне 5%-дық 1-2 мл хлорлы темірді қосып, от 
жалынында қыздырады. Майқышқылды темір шағылысқан жарықта 
қоңырқай қызыл түске боялса, ал өтпелі жарықта қою қызыл түске боялады.
2.
 
Майлыэтилді эфирді алу
(ананас эссенциясы). Пробиркадағы 3-5 мл 
дақылдық сұйықтыққа 0,5 мл 96%-дық этил спирті мен 1-2 мл күшті 
күкірт қышқылын қосады. Шайқап, қыздыру кезінде эфирге тән иіс 
пайда болады (ананас иісі). 
Реакция мынадай теңдеу бойынша жүреді:
Ca(CH
3
CH
2
CH
2
COO)
2
+2CH
3
CH
2
OH= 2CH
3
CH
2
CH
2
COOCH
2
CH

+Ca(OH)
2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет