Дәрістің мақсаты: Ұлттық әдебиеттанудағы көркемдік уақыт пен кеңістік мәселесі жайлы зерттеу жүргізу, келелі пікірлер келтіріп, ой-тұжырымдар жасау
Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет өмір шындғын сөз құдіреті мен адам тағыдыры арқылы көркем бейнелеп танытатын өнердің түрі. Өмір шындығы, болмыс бояуы саналуан әрі күрделі болғандықтан, оны әдебиетте бейнелеудің формалары мен тәсілдері де біреу емес, түрліше болып келуі заңды. Бұл әдеби тәсілдердің, формалардың пайда болуы мен қалыптасуы адамзаттың қоғамдық, көркемдік – рухани тарихымен тығыз байланысты. Жанрдың тарихи категория екендігі осыдан шығады.
Көне грек дәуірінде-ақ әдебиеттің үш негізгі тектері: эпос, лирика, драма пайда болды. Сонымен әдебиет үш текке бөлінеді. Лоар эпос, лирика, драма. Ал осындағы тек, түр, жанр терминдерінің мағына-мәні қолдану аясы қандай.
Көркем әдебиет – арнасы кең, көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы, мағыналық сыйымдылығы, көркемдік сипат-белгілері әр алуан бола береді. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп-топтауға, түр-түрге бөлуге үлкен мән беріледі. Көркем шығармаларды тегіне қарай және бітімі тұлғасы, өмірді бейнелеу өзгешелігі жағынан жіктеп-ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан.
Әдеби жанр (француз тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әдебиеттің тегі – жанр әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Түр дегенде біз эпикалық, драмалық немесе лирикалық шығармалардың белгілі бір формасын, үлгісін ұғамыз. Сонда, мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – повесть, поэма; ал кең көлемді эпикалық түрге - роман, эпопия тәрізділер жатады.
«Эпос жанр» десек, мұнда «жанр» термині «тек» мағынасында қолданылып жүр. Әдетте «эпостық тек» деп те, «Эпос жанр» деп те айтыла береді. Ал, «әңгіме эпос жанрына жатады» дегенде терминнің мағынасы түр деген ұғымды білдіріп тұр. Мұны «әңгіме эпостық тектің бір түрі» деп те айтуға болады.
Сонымен, әдебиеттің тектері үшеу де, жанрлық түрлері сан алуан.
№10. Тақырыбы: Эпикалық тек
1. Эпикалық тек, эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі.
2. Эпикалық баяндау үлгілері.
3. Эпикалық тектің жанрлық түрлері: ертегі, мысал, әңгіме, новелла, поэма, повесть, дастан, батырлар жыры, роман, эпопея. (Белинский, Байтұрсынов эпикалық жанр туралы) 4. Қазақ әдебиетіндегі роман жанры.
Достарыңызбен бөлісу: |