Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»


Дәрістің мақсаты: Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметін, басқа ғылымдармен ықпалдаса даму ерекшеліктерін ашу



бет8/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020

Дәрістің мақсаты: Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметін, басқа ғылымдармен ықпалдаса даму ерекшеліктерін ашу.


Сюжет те, композиция да көркем шығарманың мазмұнын ашып, көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің жолы.

Сюжет (французша - зат) дегенді білдіреді. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл-әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді.

Сюжет дегеніміз көркем шығарманың мазмұнына айналған өмірлік оқиғаның өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі екенін даусыз. Бір-бірімен қарым-қатынастағы адам тұлғалары осынау өзекті оқиғалар араында, қимыл-әрекет үстінде шиеленіскен, шытырман күрес, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады.

Тартыс (латынша қақтығыс, айқас, кейде – алауыздық, талас) - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереағар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі.

Олай болса, әдеби шығармалардағы табиғи тартысының сюжеті мен композициясын өрбітер, қозғаушы күш екені белгілі. Бұдан шығатын қорытынды: сюжеттің жаны мен жүрегі тартыс, ал тартыстан сюжет құрап, қалыптастыратын – композиция.

Сюжет пен композиция өзара бірлікте бола тұра, бір-бірінен өзгешелігін де білген жөн.

Сюжеттің өрбу кезеңдері:

Сюжеттің басталуы (лат. Экспозиция – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.

Сюжеттік байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттердің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға шиеленістерге байланысты.

Шарықтау шегі (лат. шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы: адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалыфқ тартыстың өрістеп шыққан биігі.

Шешім (орысша развязка) – шығарма сюжетінің шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарға үкімі, адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың , күрделі күрестің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақрығы хал-күйі; күллі құбылыс көріністердің соңғы сахынасы.

Сонымен қорытар болсақ, сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе шығарманың композициясы. Ал композициялық шеберлі шығ-ғы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға бағындыру.

Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжетте тыс нәрселер де кіреді.

Бірі, пролог (грекше алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі. Пролог кейде негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады. Кейдебас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың ой өзегінен аздаған сыр айтылады.

Енді, бір нәрсе – эпилог (грекше соңғы сөз) – көркем шығарманы қорытудың бір түрі. Тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін келіп, басты қаһармандардың одан арғы хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.

4. Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары.

1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.

2. Образ және оның түрлері.

3. Тип және типтердіру, тип және прототип арақатиынасы, типтік бейне ерекшелігі.

4. Көркем бейне жасаудағы негізгі тәсілдер.

5. Портреттік тәсіл, оның түрлері.

6. Психологиялық портрет сыры.

7. Әдеби мінездеудің түрлері / тура және жанама мінездеу/.

8. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог.

9. Психологиялық паралелизм.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет