Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2-1) бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2-2) негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2-3) жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 327 (01.09.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2016 № 292 (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|
|
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;
2) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы байланысты жасайтын процесс;
3) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
4) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
5) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірлесіп белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
6) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған әрекеттің бір түрі;
7) мектепке дейінгі ұйымда балалардың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру – балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау;
8) заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі;
9) күн тәртібі – бұл баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты ұтымды бөлу және түрлі әрекет түрлері мен демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы;
10) үлгілік оқу жоспары – стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативтік құжат.
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;
4) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;
2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) үлгілік оқу жоспарларын;
2) баланың қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске асыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын және қосымша бағдарламаларды әзірлеуге негіз болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын;
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) мектепке дейінгі ұйымдарда олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру процесін жүзеге асыруды;
5) мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-дидактикалық құралдар мен әдістемелік ұсынымдарды;
6) мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтардың қызметін мемлекеттік аттестаттау талаптарын;
7) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар (психикалық және физикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар) балаларға арналған білім беру бағдарламасын;
8) балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін дамыту бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын;
9) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. "Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде әрбір баланың жетістіктерінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі мен режимдік процестер арқылы іске асырылатын білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер көрсетілген.
6. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде мектепке дейінгі білім берудің мақсаты, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында балалардың міндетті түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
7. "Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде жас кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы және оларды санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізу көрсетілген.
2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:
1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;
2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;
3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;
4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;
5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;
6) жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;
7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген.
10. Баланың қалыптасқан дағдылары:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) белсенді;
4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
12. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
1) балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға;
2) халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге, фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға;
3) ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
4) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педагогикалық консультациялық қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған.
13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.
14. "Денсаулық" білім беру саласы.
Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды дамыту, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін дамыту және дене бітімі қасиеттерін қалыптастыру.
"Денсаулық" білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды.
"Денсаулық" білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.
"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) дене шынықтыру;
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
15. "Коммуникация" білім беру саласы.
Мақсаты: айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сөйлеуді дамыту;
2) көркем әдебиет;
3) сауат ашу негіздері;
4) қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;
5) драма.
16. "Таным" білім беру саласы.
Мақсаты: қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
"Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек жасы топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) – сенсорика;
2) құрастыру;
3) жаратылыстану.
17. "Шығармашылық" білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
"Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сурет салу;
2) мүсіндеу;
3) аппликация;
4) музыка.
18. "Әлеумет" білім беру саласы.
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге, айналасындағыларға жағымды мінез-құлықты және қайырымды қатынасты тәрбиелеу.
"Әлеумет" білім беру саласы қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуді қамтиды.
"Әлеумет" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) өзін-өзі тану;
2) қоршаған ортамен танысу;
3) экология негіздері.
19. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:
1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;
2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
20-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі – 5 (6) жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай:
1) бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).
4. Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар
21. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.
22. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлері үшін оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:
ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут;
мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;
мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың және білім беру ұйымдарындағы мектепалды сыныптардың педагог қызметкерлерінің айлық еңбекақысын есептеу үшін оқу жүктемесінің апталық ең жоғарғы көлемі 24 сағатты құрайды (МЖМБС-ның бес білім беру саласының мазмұнын іске асыруға бағытталған негізгі оқу жүктемесіне 20 сағат, мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.) 4 сағат көзделген).
|
Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына қосымша
|
1-кесте
Денсаулықты сақтау дағдылары
Р/с №
|
Дағдылар тізбесі
|
1 жастан бастап 2 жасқа дейін
|
2 жастан бастап 3 жасқа дейін
|
3 жастан бастап 4 жасқа дейін
|
4 жастан бастап 5 жасқа дейін
|
5 жастан бастап 6 жасқа дейін
|
6 жастан бастап 7 жасқа дейін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Мәдени-гигиеналық дағдылар
|
Ересектердің көмегімен жуынудың, киінудің, шешінудің қарапайым дағдыларын орындайды
|
Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгерген
|
Жеке бас гигиенасының қағидаларын біледі және сақтайды
|
Гигиеналық шаралардың орындау ретін біледі
|
Гигиеналық шараларды өздігінен орындайды
|
Гигиеналық шараларды орындау кезінде өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын меңгереді, шынықтырудың барлық тәсілдерін біледі және орындайды
|
2
|
Дене тәрбиесі
|
Белгілі бір бағытта жүріп, жүгіре алады
|
Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгерген
|
Негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгерген
|
Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалысты өздігінен орындай алады
|
Негізгі қимыл-қозғалысты орындау кезінде шығармашылық танытады
|
Жас ерекшелігіне сай сандық және сапалық көрсеткіштерге жете отырып, негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін орындай алады
|
3
|
Дербес қимыл белсенділігі
|
Қатар ойнай алады, кеңістіктегі ашық, зейінді тартатын заттарды өз бетінше таба алады
|
Шағын топта бірге ойнай алады
|
Бірлескен ойындарда қарапайым ережелерді сақтай алады
|
Өз бетінше түрлі ойындар ойнай алады, барлық ойын ережелерін сақтай алады
|
Балалар тобымен қимыл ойындарын ұйымдастыру дағдыларына біледі
|
Қимылдарын еркін меңгеріп, саналы түрде ойын ережесін сақтай алады. Қозғалыс қызметінде қарапайым өзін-өзі бақылау қалыптасқан
|
4
|
Салауатты өмір салты
|
Күнделікті шынығу тәсілдерін біледі
|
Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.
|
Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен дене шынықтыру элементтерін орындайды
|
Балабақшада өзін ұстаудың қарапайым ережелерін біледі және сақтайды. Өсімдіктерге, жануарларға, жәндіктерге қарым-қатынас жасай біледі.
|
Қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде орындайды. Дене шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді
|
Ағзаны шынықтыру және дене сымбатын сақтау тәсілдерін біледі. Күн тәртібін сақтайды
|
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |