Бизнес сабақтары



Pdf көрінісі
бет15/149
Дата23.12.2021
өлшемі5,44 Mb.
#127958
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   149
Байланысты:
biznes-uroki
Лекция 10, biznes-uroki, ат қою
 
лицензиялауға   
жатады,  сондықтан  сіз
 
ҚР  2014  жылғы  16 
мамырдағы  «Рҧқсаттар және хабарламалар туралы
»
 
Заңына 
сәйкес  лицензиялауға  
жататын кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыру үшін лицензия алуыңыз тиіс.
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бизнестің нысаны 
Сізге  болашақ  кәсіпкер  ретінде  ӛз  бизнесіңізді  қалай  жүргізетініңізді  анықтау  қажет.  Бұған  кӛп 
нәрсе  тәуелді:  бизнесті  тіркеу  және  жүргізу  ерекшеліктері;  бухгалтерлік  есептілік;  қаржылық 
тәуекелдер кӛлемі; салықтар; пайда; құқықтық жауапкершілік. 
Кӛптеген  бизнесмендер  ӛздерінің  кәсіпкерлік  жолдарын  жеке  кәсіпкер  (ЖК)  ретінде  бастаған, 
одан  әрі  бизнестің  дамуына  қарай  компаниялар  құрған,  мысалы  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестіктер (ЖШС). 
Кәсіпорынның  оңтайлы  нысаны  жоқ!  Жекелеген  аспектілерді  дара  бағалау  түрлі  шешімдер 
қабылдауға  алып  келеді.  Сонымен  қатар,  кәсіпорынның  ұзақ  мерзімге  арналған    құқықтық 
нысаны  да  жоқ,  себебі  басында  нысан  таңдау  себептері  алуан  түрлі,  ерте  ме,  кеш  пе  олар 
ӛзгеруі  мүмкін.  Қызметтің  басында  жеке  кәсіпкер  ретінде  жұмыс  істеуге  болады,  ал  дамыған 
кезде  басқа  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысанға,  мысалы  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестікке (ЖШС) кӛшуге болады. 
Патенттермен  және  соған  ұқсас  біріктірілген  шешімдермен  сақ  болған  дұрыс.  Тӛмендегі 
материал  алдын  ала  таңдауға  негіз  бола  алады.  Кәсіпорынның  «дұрыс»  нысанын  таңдау 
кезінде  құқық,  экономика,  салық  салу  саласындағы  сарапшылар  мен  мамандармен  бірге  Сіз 
үшін маңызды аспектілерді қарастыруға, тек содан кейін іске кірісуге кеңес беріледі. 
Егер жоспарыңызды ӛзіңіз іске асырғыңыз келсе, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеуіңізге немесе 
дара  құрылтайшы  ретінде  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  ашуыңызға  болады.  Сіз  кейін 
кӛретіндей, мұның бәрі мұқият тексерілуі тиіс. 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы         У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
 
 
 
www.palata.kz
                                             
                             
 
контакт-центр 59-79-60
 
20
 
Жеке кҽсіпкерлік 
Жеке кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, азаматтардың ӛздерінің меншігіне 
негізделген  және  азаматтардың  атынан  олардың  тәуекелімен    жауапкершілігімен  (мүліктік) 
жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі.  
 
Жеке кҽсiпкер ҿз қызметiн жҥзеге асыру кезiнде 
iскерлiк қҧжаттаманың дербес бланкiлерiн, мҿрдi, 
мҿртабандарды пайдалануға қҧқылы  
(бірақ міндетті емес). 
 
Жеке  кәсiпкерлiкті  (ЖК)  заңды  тұлға  құрмастан,  бір  азамат  дербес  түрде  немесе  азаматтар- 
жеке кәсiпкерлер тобы (бірлескен кәсіпорын)жүзеге асыруы мүмкін. 
Келесі шарттардың біріне жауап беретін жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады: 

 
тұрақты негізде жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланады;  

 
жеке 
кәсiпкерлiктен 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында жеке 
тұлғалар 
үшiн белгiленген салық  салынбайтын  жылдық  жиынтық  табыстың  мӛлшерiнен  асатын 
мӛлшерде  Қазақстан  Республикасының  салық заңнамасынасәйкес  есептелген  жылдық 
жиынтық табысы бар. 
Жеке кәсіпкерлерге салық салу заңнамаға сәйкес оңайлатылған тәртіпте жүзеге асырылады. 
Егер  қаржылық  пайымдауларға  байланысты  немесе  басқа  себептермен  серіктестерді 
тартқыңыз келсе, шаруашылық серіктестік құру мүмкіндігі ұсынылады. 
Толық серіктестік 
Толық 
серiктестiктiң 
мүлкi 
жеткiлiксiз 
болған 
жағдайда 
қатысушылары  оның  мiндеттемелерi  бойынша  ӛзiне  тиесiлi  барлық 
мүлкiмен  ортақтасып  жауап  беретiн  шаруашылық  серiктестiгi  толық 
серiктестiк  (заңды  тұлға)  деп  танылады.  Бұл  ретте  азамат  тек  бір 
толық серіктестіктің (ТС) қатысушысы бола алады. 
Толық серiктестiктiң құрылтайшылық құжаттарында оның фирмалық 
атауы кӛрсетілуі тиіс, сонымен бірге  

 
барлық  қатысушылардың  аты-жӛні,  сонымен  қатар,  «толық 
серiктестiк» сӛзі, немесе  

 
бір  немесе  бірнеше  қатысушылардың  аты-жӛні  «және 
компания» сӛзімен, сонымен қатар, «толық серiктестiк» сӛзі. 
Толық 
серіктестіктің 
жарғылық 
қорының 
мӛлшерін 
оның 
құрылтайшысы  белгілейді,  бірақ  жиырма  бес    айлық  есептік  кӛрсеткіштен  кем  болмауы  тиіс. 
Толық  серіктестіктің  жарғылық  қорын  азайтуға    оның  барлық  кредиторларына  хабарлағаннан 
кейін жол беріледі. Соңғылары мұндай жағдайда тиісті міндеттерді орындау немесе мерзімінен 
бұрын тоқтату  және  залалды  ӛтеуді  талап  етуге  құқылы.  Белгіленген  тәртіпті  бұзып,  жарғылық 
қорды  азайту  мүдделі  тұлғалардың  арызы  бойынша  сот  шешімімен  толық  серіктестікті  жоюға 
негіз болып табылады. 
Толық серіктестіктің жоғарғы органы қатысушылардың жиналысы болып табылады. 
Егер  құрылтайшылық  шартта  немесе  қатысушылардың  келісімінде  ӛзгеше  кӛзделмесе,  толық 
серіктестіктің  пайдасы  мен  залалы  қатысушыларының арасында  олардың  жарғылық  капиталға 
салымдарының мӛлшеріне барабар бӛлінеді. 
 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы        У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
www.palata.kz
 
                                                 
                                 
контакт-центр 59-79-60
21
 
 
Сенім  серіктестігі 
Серiктестiктiң  мiндеттемелерi  бойынша  ӛзiнiң  бүкiл  мүлкiмен  (толық  серiктестерiмен) 
ортақтасып  жауап  беретiн  бiр  немесе  одан  да  кӛп  қатысушылармен  қатар,  жауапкершiлiгi 
серiктестiктiң  (салымшылардың)  жарғылық  капиталына  ӛздерi  салған  салым  сомасымен 
шектелетiн  және  серiктестiктiң  кәсiпкерлiк  қызметтi  жүзеге  асыруына  қатыспайтын  бiр  немесе 
одан да кӛп қатысушылардан тұратын шаруашылық серiктестiгi (заңды тұлға) сенiм серiктестiгi 
деп танылады.  
Сенім  серіктестігіне  қатысатын  толық  серіктестердің  құқықтық  жағдайы,  серіктестіктің 
міндеттемелері  бойынша  жауапкершіліктері  толық  серіктестіктің  қатысушылары  туралы 
қағидаларда  белгіленеді.  Азамат  тек  бір  сенім  серіктестігінің  мүшесі  бола  алады.  Сенім 
серіктестігіндегі  толық  серіктес  толық  серіктестіктің  қатысушысы  бола  алмайды.  Сенім 
серіктестігіне Азаматтық кодекстің толық серіктестік туралы қағидалары қолданылады. 
Олардың  жарғылық  капиталы  қатысушыларының  салымдарынан  құралады  және  елу  айлық 
есептік кӛрсеткіштен кем болмауы тиіс. 
 
 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
 
Бір  немесе  бірнеше  адам  құрған,  жарғылық  капиталы  құрылтай  құжаттарымен  белгіленген 
мӛлшерде  үлестерге  бӛлінген  серіктестік  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  (ЖШС)  деп 
танылады;  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестікке  қатысушылар  оның  міндеттемелері  бойынша 
жауап  бермейді  және  серіктестіктің  қызметіне  байланысты  зияндарға  ӛздерінің  қосқан 
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.  
 
Серіктестіктің  жарғылық  капиталға  салымдарын  толық  енгізбеген  қатысушылары  оның 
міндеттемелері  бойынша  әрбір  қатысушының  салым  енгізбеген  бӛлігінің  құны  шегінде  ортақ 
жауапты болады. 
 
Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  қатысушыларының  саны  жүзден  аспауы  тиіс.  Егер 
жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  қатысушыларының  саны  жүзден  асқан  жағдайда  ол  бір 
жылдың  ішінде  бӛлінуге,  не  ерекшеленуге,  не  басқа  шаруашылық  серіктестікке,  акционерлік 
қоғамға  немесе  ӛндірістік  кооперативке  ӛзгертілуге  жатады,  ал  бұл  мерзім  аяқталғаннан  кейін 
қатысушылар  саны  жүзден  азаймайтын  болса,  мемлекеттік  тіркеу  жүргізген  органның  немесе 
басқа мүдделі тұлғаның арызы бойынша сот тәртібімен жойылуға жатады. 
 
Тек  орта  және  ірі  кәсіпкерлік  субъектілерге  жататын  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің 
жарғылық капиталы 100 айлық есептік кӛрсеткіштен кем болмау тиіс. 
Шағын кәсіпкерлік субъетіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы 
100 теңгеден кем болмауы тиіс. 
 
Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  жалғыз  қатысушысы  ретінде бір  адамнан тұратын  басқа 
шаруашылық серіктестігі бола алмайды. 
 
Бір  қатысушыдан  тұратын  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестікте  қатысушылардың  жалпы 
жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды және 
олар жазбаша ресімделеді. 
 
Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің жарғысы серіктестіктің  заңды  тұлға  ретіндегі  құқықтық 
мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады. Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы 
бірауыздан  бекітуге  тиіс  және  оған  барлық  құрылтайшылар  немесе  олардың  уәкілетті  ӛкілдері 
қол қояды және нотариалдық куәландыруға жатады. 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы         У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
 
 
 
www.palata.kz
                                             
                             
 
контакт-центр 59-79-60
 
22
 
 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір жыл ішіндегі ӛз 
қызметінің  нәтижелері  бойынша  алған таза табысын  бӛлу  серіктестіктің  тиісті  жылдағы 
қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жиналысының  
шешіміне сәйкес жүргізіледі.  
 
Кҽсіпорынның негізгі нысандарына шолу 
 
 
 
 
 
 
Қатысушы 
ның қайтыс 
болуынан 
кейін 
жалғастыру 
 
Кәсіпорынның  Жарғылық 
Жауапкершілік 
Басшылық 
Бақылау 
құқығы 
Пайданы 
бӛлу 
Фирмалық 
атауы 
нысаны 
капитал 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жеке 
Тӛменгі 
мӛлшері жоқ 
Шектеусіз 
иесі 
иесі 
иесі 
жоқ 
Кәсіпкердің тегі 
кәсіпкер 
барлық жеке 
мүлкімен жауап 
береді 
 
 
 
 
/
шаруа 
 
 
 
 
 
қожалығы/ 
 
 
 
 
 
 
Толық 
серіктестік 
Кемінде 
Қатысушылар  
барлық мүлкімен 
бірге жауап 
береді 
Қатысушылар
дың жиналысы 
Қатысушыла
рдың 
жиналысы 
Үлес 
мӛлшеріне 
барабар 
Қызметі 
тоқтатылады 
«Толық 
серіктестік» сӛзі, 
қатысушыларды
ң аты-жӛні 
25 АЕК 
 
 
 
 
 
 
Сенім 
серіктестігі 
Кемінде 
Толық 
серіктестер 
Полные 
Полные 
Үлес 
мӛлшеріне 
барабар 
мүмкін 
Барлық толық 
серіктестердің 
аты-жӛні және 
«сенім 
серіктестігі» сӛзі 
50 АЕК 
барлық жеке 
мүлкімен 
сенімділер 
енгізген 
салымымен 
жауап береді 
товарищи 
товарищи 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жауапкершіліг
і шектеулі 
серіктестік 
(
ЖШС) 
Орта және ірі 
кәсіпкерлік 
субъектілерге 
жататын100 
АЕК-ден кем 
емесШағын 
кәсіпкерлік 
субъетіне 
жататын100 
теңгеден кем 
емес 
Енгізген салымы 
шегінде 
директор 
Қатысушыла
рдың 
жиналысы 
Үлес 
мӛлшеріне 
барабар 
мүмкін 
«ЖШС» атауы 
және 
абревиатурасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша 
жауапкершілігі 
бар серіктестік 
(
ҚЖС) 
Кемінде 
Енгізген 
салымдарымен, 
жеткіліксіз 
жағдайда енгізген 
салымдарына 
еселенген 
мүлкімен 
директор 
Қатысушыла
рдың 
жиналысы 
Үлес 
мӛлшеріне 
барабар 
мүмкін 
Атауы және 
«Қосымша 
жауапкершілігі 
бар серіктестік» 
сӛзі немесе 
«ҚЖС» 
аббревиатурасы 
 
100 АЕК 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ӛндірістік 
жоқ 
Пай құны 
мӛлшерінен кем 
емес қосымша 
(біріккен) 
жауапкершілік 
Басқарма 
және тӛраға 
(кооператив 
мүшелері) 
Мүшелердің 
жалпы 
жиналысы 
Еңбекке 
қатысуына 
сәйкес 
мүмкін 
Атауы және 
«ӛндірістік 
кооператив» 
сӛзі 
 
 
 
кооператив 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы        У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
www.palata.kz
 
                                                 
                                 
контакт-центр 59-79-60
23
 
 
 
 
 
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік 
Қатысушылары  серіктестік  міндеттемелері  бойынша  жарғылық  капиталға  қосқан  ӛздерінің 
салымдарымен,  ал  бұл  сомалар  жеткіліксіз  болған  жағдайда  ӛздері  енгізген  салымдардың 
еселенген 
мӛлшерінде 
ӛздеріне 
тиесіліқосымша мүлікпен 
жауап 
беретін 
серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚЖС) деп танылады.  
Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мӛлшері жарғыда кӛзделеді. 
Қатысушылардың  бірі  банкрот  болған  жағдайда қосымша жауапкершілігі  бар  серіктестік 
міндеттемелері  бойынша  оның  жауапкершілігі,  егер  құрылтай  құжаттарында  жауапкершілікті 
бӛлудің  ӛзгеше  тәртібі  кӛзделмесе,  қалған  қатысушылар  арасында  олардың  салымдарына 
бара-бар бӛлінеді. 
Ҿндірістік кооператив 
Азаматтардың  бiрлескен  кәсiпкерлiк  қызмет  үшiн  мүшелiк  негiзде,  олардың  жеке  еңбегiмен 
қатысуына  және  мүшелерiнiң  мүлiктiк  жарналарын  (пайларын)  бiрiктiруiне  негiзделген  ерiктi 
бiрлестiгi 
ӛндiрiстiк 
кооператив 
(ӚК) 
болып 
танылады. 
Ӛндiрiстiк 
кооперативтiң 
құрылтайшылары  екеуден  кем  болмауға  тиiс.  Ӛндiрiстiк  кооператив  мүшелерi  кооперативтiң 
міндеттемелері  бойынша  Ӛндірістік  кооператив  туралы  заңда  кӛзделген  мӛлшер  мен  тәртіпте 
қосымша (біріккен) жауапкершілікте болады. 
Кооперативтiң жоғары 
органы 
оның 
мүшелерiнiң 
жалпы 
жиналысы 
болып 
табылады. Ӛндірістік 
кооперативте 
кооперативтің 
атқарушы 
органдарының 
қызметін 
бақылайтын  қадағалау  кеңесі  құрылуы  мүмкін.    Қадағалау  кеңесінің  мүшелері    ӛндірістік 
кооперативтің атынан әрекет етуге құқылы емес.   
Шаруа қожалығы. 
Адамдардың  жеке  кәсiпкерлiктi  жүзеге  асыруы  ауыл  шаруашылығына  арналған  жерлердi 
ауыл  шаруашылығы  ӛнiмiн  ӛндiрумен,  сондай-ақ  осы  ӛнiмдi  ұқсатумен  және  ӛткiзумен  тығыз 
байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi шаруа қожалығы (ШҚ) деп танылады.  
Заңды  тұлға  құрмай кәсiпкерлiк  қызметпен  айналысатын  адамдар  шаруа  немесе  фермер 
қожалығы субъектiлерi болып табылады. 
 
Шаруа қожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлары, жақын 
туыстары,  ата-аналары,  балалары  және басқа  да  адамдар  болып  табылады.  18  жасқа  толған, 
Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті азаматы шаруа немесе фермер қожалығының 
басшысы  бола  алады.  Шаруа  қожалығы  басшысының  жеке  және  заңды  тұлғалармен 
қатынастарда  шаруа  қожалығының  мүдделерін  білдіруге,  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар. 
 
 
 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы         У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
 
 
 
www.palata.kz
                                             
                             
 
контакт-центр 59-79-60
 
24
 
Жеке кҽсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы 
куҽлікті қалай алуға болады? 
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу органына немесе халыққа қызмет кӛрсету 
орталығына келесі құжаттарды ұсыну қажет: 
     
1) ӛтініш; 
     
2)  жеке  кәсіпкерді  мемлекеттік  тіркеу  үшін  алым  сомасының    бюджетке  тӛленгенін 
растайтын құжат; 
     
3) жеке кәсіпкердің  орналасқан жерін растайтын құжат. 
Жеке  кәсіпкердің    орналасқан  жерін  растайтын  құжат  мекенжай  анықтамасы  немесе 
жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын құжат болып табылады. 
Осы  тармақта  кӛрсетілген  құжаттарды  ұсынған  кезде  жеке  тұлға  жеке  басын  куәландыратын 
құжатты ұсынады. 
Салық ӛтінішін «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде ұсынған кезде жеке 
кәсіпкердің    орналасқан  жерін  растайтын  құжат  талап  етілмейді.  Жеке  кәсіпкерді  мемлекеттік 
тіркеу  үшін  алым  сомасының    бюджетке  тӛлеу  «электронды  үкімет»  тӛлем  шлюзы  арқылы 
жүргізіледі. 
Мемлекеттік  тіркеу  үшін  алым  сомасының   бюджетке  тӛлеу банктер немесе  жекелеген  банктік 
операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізілгенде электронды түрде ұсынылған 
салық  ӛтінішіне  сұрауда  тӛлем  құжаты  деректемелерін  кӛрсеткен  кезде  «электронды  үкімет» 
веб-порталында құрылатын «электронды үкімет» тӛлем шлюзы хабарламасы қоса тіркеледі. 
Егер  ӛтініш  беруші  кәмелеттік  жасқа  толмаған  жағдайда  жоғарыда  аталған  құжаттарға  заңды 
ӛкілдердің келісімі қоса тіркеледі, мұндай келісім жоқ болса, неке қию (ерлі-зайыптық) куәлігінің 
кӛшірмесі немесе қамқорлық  органы  шешімінің  кӛшірмесі  немесе  кәмелетке  толмаған  тұлғаны 
толық әрекетке қабілетті деп жариялаған соттың шешімінің кӛшірмесі қоса тіркеледі. 
 
Басқа қҧжаттарды талап етуге тыйым салынады. 
 
 
 
 
 
 
 
Заңды тҧлғаны қалай тіркеуге болады? 
 
Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып саналады. 
Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ұсынылатын құжаттар: 
1) 
ӛтініш; 
2) 
бауланған,  нӛмірленген  үш  данадағы  қазақ  және  орыс  тіліндегі  құрылтайшылық 
құжаттар; 
3) 
заңды  тұлғаның  басшысы  мен  құрылтайшылары  жеке  куәліктері,  олардың  ЖСН  
мәліметтері кӛшірмелері; 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы        У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
www.palata.kz
 
                                                 
                                 
контакт-центр 59-79-60
25
 
 
4) 
заңды тұлғаның мекенжайын кӛрсететін құжат; 
5) 
заңды  тұлғаның  мемлекеттік  тіркеу  үшін  алым  сомасын  тӛлеу  туралы  түбіртек  немесе 
құжат. 
 
Коммерциялық  заңды  тұлғалар  ҚР  Үкіметінің  Қаулысында  белгіленген  үлгі  жарғының  негізінде 
заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай қызметін жүзеге асыра алады. 
 
Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары үлгі жарғының негізінде тіркелуге шешім қабылдаса,  
жарғыны тіркеуге ұсыну талап етілмейді. Бұл ретте әділет органдарына ҚР Әділет министрлігі 
белгілеген  нысандағы  ӛтініштің  нотариалды  куәландырылған  3  данасы  ұсынылады  (шағын 
кәсіпкерлік субъектілері үшін нотариалды куәландыру талап етілмейді). 
 
Заңнама актілерінде кӛзделген құжаттардан басқа құжаттарды талап етуге тыйым салынады. 
Толық емес құжаттар пакетін ұсынғанда, құрылтай құжаттары бойынша сарапшы қорытындысы 
қажет болғанда, сонымен қатар, ҚР заңдарында кӛзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеу 
мерзімі үзіледі.  
Заңды тұлға тӛмендегі құрылтай құжаттары негізінде әрекет етеді: 
•  құрылтай шарты (ұйымды бір тұлға құратын болса жасалмайды); 
•  жарғы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шағын бизнеске салық салудың 
ерекшеліктері қандай? 
 
Дербес  жұмыс  жасайтын  кәсіпкерлер  бекітілген  салық  салынатын  және  бекітілмеген  салық 
салынатын кәсіпкерлер болып бӛлінеді. Екеуінің айырмашылығын қарап кӛрейік:  
Арнайы  салық  режимi  шағын  бизнес  субъектiлерi  үшiн  тӛлем  кӛзiнен  ұсталатын  салықтарды 
қоспағанда,  әлеуметтiк  салықты  және  корпоративтік  немесе  жеке  табыс  салығын  есептеу  мен 
тӛлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.  
Патент  немесе  оңайлатылған  декларация  негізінде  арнайы  салық  режимін  қолданатын  салық 
тӛлеушілер үшін ҚР аумағында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын) барлық кіріс 
түрлерінен тұратын салық кезеңіндегі кіріске салық салынады. 
Шағын бизнес субъектілері салықты есептеу мен тӛлеудің, сонымен қатар олар бойынша салық 
есептілігін ұсынудың тӛменде келтірілген тәртібінің бірін ғана таңдауға құқылы: 
 1. 
шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі, оған кіретіндер  : 

 
патент негізінде арнайы салық режимі; 

 
оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі. 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы         У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
 
 
 
www.palata.kz
                                             
                             
 
контакт-центр 59-79-60
 
26
 
1. 
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі; 
2. 
ауыл  шаруашылығы  ӛнiмдерiн,  балық  шаруашылығы  ӛнімін  ӛндiрушi  заңды  тұлғалар 
және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнайы салық режимі; 
3. 
жалпы белгіленген режим. 
Салық  тӛлеуші  ҚР  Салық  кодексіне  сәйкес  тәртіппен  жалпыға  бірдей  белгіленген  тәртіпті 
немесе арнайы салық режимін таңдауға құқылы.  
 
Арнайы салық режимі
 -
 
салық  тӛлеушілердің  жекелеген  санаттары  үшін 
белгіленетін және жекелеген салық түрлері (әлеуметтік салық, корпоративтік немесе жеке кіріс 
салығы,  тӛлеу  кӛзінен  ұсталатын  салықтарды  қоспағанда)  мен  жер  учаскесін  пайдаланғаны 
үшін тӛлемақыны есептеу мен тӛлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің 
оңайлатылған тәртібін қолдануды кӛздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   149




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет