Бөж белтемірге тартылу



Дата24.04.2022
өлшемі193,85 Kb.
#140625
Байланысты:
советбеков физра сро 11


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ»
Инженерлік-технологиялық факультеті
(факультет атауы)


Техникалық физика және жылуэнергетика
(кафедраның атауы)
6В07103 - «Жылыуэнергетика»
(шифр, мамандықтың атауы)

Жылу техникасының теориялық негіздері
(пәннің атауы)


БӨЖ


Белтемірге тартылу
(жұмыстың тақырыбы)

Орындаған:
ТЭ-001 тобы

Тексерген:

__________
(қолы)

Советбеков.А.К.
(студенттің Т.А.Ж.)

Оқытушы: Сахаев.Б.Т
(оқытушының Т.А.Ж.)

__________
(баға)

__________
(күні)

__________
(қолы)

__________
(күні)

Семей
2022



Белтемірге (турникке) тартылу – физикалық жаттығудың қарапайым және айрықша түрі. Бұл адам қолын, көкірек және арқа бұлшықеттерін шынықтырады. Яғни, адам денесінің жоғарғы бөлігін физикалық шынықтыру үшін бұл таптырмас жаттығуБелтемірдегі жаттығуларды жасаудың маңыздылығы: адамның қол бұлшықеттерінің күшті болуына, омыртқаның дұрыс қалыптасуына, адам бойының өсуіне, дене бітімінің жақсы қалыптасуына пайдасы зор.
Қолды қосып тартылу
Екі қолды белтемірде қосып тартылу қол мен арқа бұлшықеттері үшін – ең пайдалы жаттығу. Жаттығу арқаның жалпақ және үлкен бұлшықеттерін өсіруге көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар иық бицепсі мен иық, қолдың ромб тәрізді бұлшықеттерін сымбаттандыра түседі.


Жаттығуды орындау: Екі қолды белтемірде қосып, бір-біріне кедергі келтірмейтіндей жағдайда ұстау керек. Тартылудың ең биік нүктесі – қол кеудеден төмендеу ғана болады.Белтемірге тартылуды ең бірінші осыжаттығудан бастаған дұрыс. Бастамасында 8-12-ден 3 қайтара, кейіннен 15-20 тартылған жөн.

Тура тартылу
Белтемірде қол ара қашықтығын сақтай отырып тартылу бицепс пен қолдың үлкен бұлшықеттеріне, иықтың баспен жалғанған бұлшықеттерін ширатады. Сонымен қатар арқаның жалпақ және түзу болуына өз септігін тигізеді.
Жаттығуды орындау:
Тартылу алдында қол ара қашықтығы иықтың ара қашықтығынан сәл ғана кеңдеу болған дұрыс. Тартылғанда кеуде белтемірге дейін жету керек. Бірнеше тартылғаннан кейін жылдамырақ тартылған пайдалырақ.


Бір қолмен тартылу
Бұл жаттығу қолдың күшін арттыруға үлкен көмегін тигізеді. Қол күресімен айналысатын спортшылар осы жаттығуды көбірек орындайды. Дегенмен жаттығуды аптаның 3 күнінде 2 айналымнан 10 рет тартылған дұрыс. Жаттығуды орындау: Бір қолмен белтемірге асылып, екінші қолды бос ұстап тартылады. Сонымен бірге екінші қолды ұстап тұрған қолыңыздың білегінен ұстап тартылу жолы да бар.







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет