Бөж тақырыбы: Популяциядағы генетикалық процестер


Эволюциялық факторларға мыналар жатады



бет5/6
Дата17.10.2023
өлшемі72,39 Kb.
#185981
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бөж эволюция

Эволюциялық факторларға мыналар жатады:

1) мутациялық процесс;

2) популяциялық толқындар;

3) оқшаулану;

4) миграция(гендер ағыны);

5) гендер дрейфі;

6) табиғи сұрыптау.

Гендер дрейфі


Гендер дрейфі (шайқалуы) немесе генетикалық автоматты процестер популяциядағы аллельдер жиілігіне әсер етеді. Бұл құбылысты 1931 жылы бір-біріне байланыссыз түрде бұрынғы Кеңес одағында Н.П.Дубинин мен Д.Д.Ромашов және Англияда С.Райт анықтады. Гендер дрейфі дегеніміз кездейсоқ себептерден, мысалы, популяция санының азаюына байланысты болатын, келесі ұрпақтарда қайталанып отыратын аллельдер жиілігінің өзгерісі. Гендер дрейфінің мәні популяция мөлшерінің генотиптік құрылымына әсер ете алатындығында, популяцияның саны күрт өзгерген жағдайда, мысалы қыста қатты суық болғанда, дарабастар жаппай қырылған кезде, кездейсоқ себептермен сирек кездесетін кейбір ауытқуларды алып жүретіндері сақталып қалуы мүмкін. Олар популяция санының одан ары қарай артуы үшін бастама болып табылады және дарабастардың сыртқы ортаға кеңінен таралып бейімделуіне ықпал етеді.

Миграция

Табиғи популяциялар,әсіресе адам популяциялары ,еш уақытта да абсолютті оңашаланбайды.Популяциялар арасында үнемі миграциялық (көші-қон) үдерістер орын алып отырады.Бұл,популяциялардың генетикалық өзгеріштігін күшейтеді және гендер жиілігінің өзгеруіне алып келеді.Осылайша,миграция (көші-қон)өз эффекттері бойынша гендер дрейфіне қарама қарсы әсер етеді.

Миграция және тиесілі гендер ағыны кейде бір бағытта жүруі мүмкін.Мысалы, ХIII-XIV ғасырларда көптеген еуропа елдерін монголдар жаулап алғанда,гендер ағыны шығыстан батысқа қарай бағытталған.Қазіргі кезде байқалатын В(III) қан тобының Еуропа елдеріндегі жиілік градиенті,яғни Азиялықтардағы 25% жиіліктің бірте-бірте азайып Францияда,Скандинавия елдерінде 10-%-ға дейін төмендеуі осының айғағы болуы мүмкін.

Мутациялық үдеріс

Ағзалардың жыныс жасушаларында үнемі гендік,хромосомалық не геномдық мутациялар пайда болып тұрады.Олар жыныс жасушаларының тұқым қуалаушылық материалын өзгертеді.Осы мутациялардың ішінен жиі кездесетіні және маңыздысы гендік мутациялар.Гендік мутациялар көптеген аллельдерінің пайда болуына алып келіп биологиялық ақпараттың көптүрлілігін қалыптастырады.Адамдарда да мутациялық құбылыс басқа тірі ағзалардағыдай болады.Бірақ,қазіргі кездері адам генофондында мутациялық құбылыстың қысымы күшеюде.Оған бірден-бір себеп-ғылыми техникалық революция жағдайларында адамдардың қызметтік-кәсіб іс-әрекеті нәтижесінде индукцияланған мутациялардың көптеп пайда болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет