Аннуитет пренумерандоның келтiрiлген құны
Аннуитет постнумерандоның келтiрiлген құнын анықтау кезiнде соңғы төлем
төлемдердiң жалпы санына тең кезендер санына дисконтталған болатын.
Аннуитет пренумерандоның келтiрiлген құнын анықтау кезiнде дисконттау
кезеңi бiреуге аз болады. Оны график түрiнде былайша көрсетуге болады:
Аннуитет постнумерандо мен аннуитет пренумерандоның келтiрiлген
құндарын салыстыру
12%
ставка кезiндегi 1долларлық аннуитеттiң келтiрiлген құны
Аннуитет постнумерандо - Төлем кезеңнің аяғында жасалынады
Кезең 1 Кезең 2 Кезең 3
Кезең 4
Кезең 5
дисконт дисконт дисконт
дисконт
дисконт
0,89286 1,69005 2,40183 3,03735 3,60478
Аннуитет пренумерандо - Төлем кезеңнiң басында жасалынады
Кезең 1 Кезең 2
Кезең 3
Кезең 4
Кезең 5
Дисконт
жоқ
дисконт
дисконт
дисконт
дисконт
1,00000 1,89286 2,69005 3,40183 4,03735
Аннуитет пренумерандоның келтiрiлген құнында ақша қаражаттарының легi
дәл бiр кезеңге ерте келетiн болғандықтан, ақша легiнiң келтiрiлген құны
аннуитет постнумерандоның келтiрiлген құнынан 12% жоғары болады.
Сондықтан, аннуитет пренумерандоның келтiрiлген құны факторы аннуитет
постнумерандоның келтiрiлген құны факторын 1 қосылған пайыздық
ставкаға (1+r) көбейту жолымен анықталады. 12% күрделi пайыздық
ставкамен 5 кезеңге аннуитет пренумерандоның келтiрiлген құны факторын
анықтау үшiн аннуитет постнумерандоның 5 кезеңге есептелiнген келтiрiлген
құны факторын (3,60478) 1,12-ге көбейтсек болғаны 3,60478*1,12=4,03735
Мысалы, «Арман» компаниясы байланыс құралын 4жыл мерзiмге әрбiр
жылдың басында 4800 доллар мөлшерiнде төлем жасау келiсiм-шартымен
жалға алды. Жалдық мiндеттеменiң келтiрiлген (ағымдағы) құны 11%-дық
ставка кезiнде қандай болады?
37
|