«Сase» сөзі ағылшын тілінен «жағдай», «жағдаят» деп аударылса, «технология» –қандайда бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Шетелдік әдебиеттерге, еңбектерге жүгінетін болсақ, оларда бұл технологияны «case study method» деп берген, ал ол сөзбе сөз аударғанда «кейс стади амал–тәсілі» деген ұғымды береді.
CASE-STUDY ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі,XX-ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс-технологялардың негізгі мақсаты
Оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;
Әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;
Оқушылар проблемамен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: -мақсаттарды анықтау; - әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау; - қажет ақпарат көздерін белгілеу; -CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау; -сараптама жасау;
Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) Кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну); 2) Негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс. 3) Жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады: - Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға. - Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері. - Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру. - Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. - Қосымшалар
Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:
Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.
Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі.
Сипаттау әдістері
Жағдайдың сипатын құру
Проблемалық әдіс
Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну.
Жіктеу әдісі
Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру.
Ойын әдістері
Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну.
«Миға шабуыл»
Жағдайға қатысты ойларды генерациялау.
Пікірталас
Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу.
Кейсті құрастыру сатысы: Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау. - Жағдай моделін құру немесе таңдау. - Сипаттауды құру. - Қосымша ақпараттарды жинау. - Ақырғы мәтінді даярлау. - Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.