Дамыту ойындары және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру


Мақсаты: Дамыту ойындар көмегімен баланың танымдық біліктілігін қалыптастыру. Тапсырмалар



бет6/48
Дата07.02.2022
өлшемі141,84 Kb.
#86367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
танымдық оқиға

Мақсаты: Дамыту ойындар көмегімен баланың танымдық біліктілігін қалыптастыру.
Тапсырмалар:
Танымдық үрдісін дамыту.
Мәдени ойлануды жоғарлату.
Шығармашылық қиялын дамыту.
Жеке тұлға қасиетін қалыптастыру:
- байқағыштық,
- талпынушылық,
- білімге құмарлық.
Өзіндік баға мен өзіндік бақылауды дәл қалыптастыру.
Өнімді іс-әрекет түрі арқылы баланың жеке тұлғасын дамыту
Танымдық қызығушылықтың бет бұрысы
Танымдық және білімділік адамның қызықты қабілеттерінің бірі, ол қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді.
Танымдылық ол тума біткен талант емес, ол тәрбиелеу мен оқыту барысында қалыптасады, қоғамдық тәжірибе арқылы бала қалыптасады, жалпы білім мен барлығы әсер етеді. Танымдылық пен білімділікті дамыту ол тәрбиешімен балаға байланысты. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуына әлеуметтік өмір, басқаның өмір тәжірибесі және жеке тәжірибесі әсер етеді.
Танымдық қызығушылық көбінесе өмірдің белгілі бір түріне бағытталады. Танымдық қызығушылық интелектуалды белсенділіктің эмоционалды қатынастарын өзіне қосады.
Д.Ушинский оқуға деген қызығушылықта «қызықты, толық ой» деп атаған. Ол баладан қызығушылық оятып, оның қуанышын бірге бөлісіп жатады. Қызығушылық баланың еңбекқорлығын арттырады, ол ең қызықсыз жұмыстың әрін келтіреді. Танымдық қызығушылық қоғамға деген белсенді қатынасты көрсетеді, сондай-ақ білімді қабылдау немесе жұмысты қиыншылықсыз орындау.
Танымдық қызығушылық мүмкіншілігіне қарай мидың жұмыс істеуін қалыптасуының негізі бола алады.
Танымдық қызығушылық қалыптасуы толық оқыту үрдісі кезінде және тәрбиелеу барысында жүзеге асады.
Білімділікті және танымдық қызығушылық ойды дамыту сабақтарында, ойында, еңбекте және қоғамда қалыптасады.
Танымдық қызығушылықтың негізгі сипаттамасы мыналар: көпжақтылық, тереңділік, тұрақтылық, динамикалық, әрекеттілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет