Дене белсенділігі – денсаулық негізі


Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды. Олар



бет3/9
Дата08.10.2022
өлшемі383,9 Kb.
#152208
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды. Олар:

  • 1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кесектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
  • 2. Соматикалық денсаулық – ол адам ағзаларының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
  • 3. Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Ағзасында функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үдерістердің келсімді түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
  • 4. Рухани денсаулық — ол адамдардың ақпаратты қабылдау қабілеттілігі мен түрткілік (мотивациялық) іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Денсаулық критерийлері

  • Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:
  • 1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі Мен бәрін "өзім жасай аламын” деп көрсететін критерий;
  • 2. Психикалық денсаулықтың критерийі — Маған қажет заттардын бәрін "өзім тауып аламын”;
  • 3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — Менің «өзім жасауым керек».

Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер:

  • 1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда болып қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатыны; 2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;
  • 3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
  • 4) Әр түрлі ақауларға (дефекттерге) байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;
  • 5) Моралды еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет