Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 4. Анестезиология-реанимация бөлімшелерінің (тобының) штат нормативтері



бет5/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 4. Анестезиология-реанимация бөлімшелерінің (тобының) штат нормативтері
31. Анестезиология-реанимация дәрігерлерінің лауазымдары 1 лауазым есебінен белгіленеді:
кардиохирургиялық, торакалды хирургиялық, туберкулез өкпе хирургиясы бөлімшелерінде - 25 төсекке;
ересектер үшін күйік және хирургиялық бөлімшелерде - 50 төсекке;
нейрохирургиялық, онкологиялық, микрохирургиялық бөлімшелерде - 75 төсекке;
хирургия бейініндегі ересектерге арналған басқа атаулардағы бөлімшелерде (гинекологиялық, бет-жақтық, отоларингологиялық, офтальмологиялық және басқа) - 100 төсекке;
балаларға арналған хирургия бөлімшесінде - 40 төсекке;
перзентханаларда әйелдер мен жаңа туған сәбилер үшін (оның ішінде басқа да медициналық ұйымдар ішінде ) - 100 төсекке;
хирургия бейіні және басқа да бөлімшелерде балаларға 50 төсекке белгіленеді.
Тамыр хирургиясындағы науқастарды трансторакалды және трансабдоминалды емдеуге пайдаланатын төсектер торакалды хирургиялық бөлімшелердің төсектері ретінде есептеледі.
32. Стационарлық көмек көрсететін қалалық және облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының хириругиялық бейінінен 75 төсек, ал орталық аудандық ауруханада, онкологиялық ауруханада және онкология диспансерінде хирургиялық бейін 50 төсек, анестезиология-реаниматология дәрігері лауазымы 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.
33. Құрамында хирургия бейінінен 150-ден кем емес төсегі бар медициналық ұйымның анестезиология-реанимация бөлімшесінің штатында шұғыл көмек көрсету үшін анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді. Шұғыл жәрдем көрсететін көпбейінді ауруханаларда әрбір ересектерге арналған 200 және балаларға арналған 150 хирургиялық төсекке анестезиолог-реаниматологтан қосымша тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
34. Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерінің тәулік бойы жұмыс істейтін бір пост мына медициналық ұйымдарда белгіленеді:
онкология диспансерлерінде - 250-375 төсекке;
инфекциялық ауруханаларда 400 және одан да көп төсекке немесе қалада бірнеше аурухана болған жағдайда инфекциялық ауруханалардың бірінде 400-ден кем түспейтін төсегі бар инфекциялық ауруханасының біреуіне 200 төсекке;
қаланың балалар инфекциялық ауруханасының бірінде 100 және одан да көп төсекке;
ережеге сәйкес жіті терапия және реанимация палаталары ұйымдастырылмайтын, бірақ балалар инфекциялық бөлімшесі бар қалалық немесе балалар қалалық ауруханасында қалада 150-ден кем емес инфекциялы балалар төсектері болған жағдайда. Көрсетілген төсектер санына балалар инфекциялық ауруханалары мен жіті терапия және реанимация палаталары бар қала ауруханаларының 100 немесе одан да көп төсектері кірмейді;
терапевт және педиатриялық бейінді ауруханаларда, хирургия бөлімшесінің болуына қарамастан 250-375 төсекке;
перзентханаларда 100 және одан да көп төсекке.
35. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер лауазымының саны 6 төсекке - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен, кардио-хирургия реанимация бөлімшесінің әр бір 3 төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан және жаңа туған сәбилер мен шала туған балалардың әрбір 4 төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді;
36. Детоксикацияның экстракорпоралды әдісін қолданатын денсаулық сақтау ұйымдарында анестезиология және реанимация бөлімшелерінде экстракорпоралды детоксикациялық 3 төсекке реаниматолог-дәрігер 0,5 лауазым есебінен белгіленеді.
37. Ауруханада бөлімше және жіті терапия палатасы болмаған жағдайында хирургиялық төсек санына қарамастан 1 анестезиолог-реаниматолог дәрігер лауазымы енгізіледі.
38. Денсаулық сақтау ұйымдарында 12 және одан да көп анестезиолог-дәрігер лауазымына операция жасайтын бөлмелерде жұмыс істеуге 2 және одан да көп анестезиология және реанимация, оның ішінде мамандандырылған бөлімшелерді де (инфарктан кейін, кардиохирургиялық және т.б) ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
39. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ететін дәрігер-зертханашы лауазымы 6-12 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
40. Анестезиология-реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы бөлімшеде кемінде 3 анестезиолог-реаниматолог дәрігер лауазымы болған жағдайында мына тәртіпте белгіленеді:
лауазымдар саны 3-тен 6-ға дейін болғанда 0,5 лауазым орнына;
лауазымдар саны 6-дан астам болған жағдайда көрсетілген саннан жоғары;
Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің лауазымы 3-тен кем белгіленген ұйымдарда анестезиология және реаниматология бойынша жұмыс жетекшілігі ұйым басшылығымен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің біріне жүктеледі.
41. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдарында анестезист-мейірбике лауазымы әрбір анестезиолог- реаниматолог дәрігерге 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
42. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері жоқ денсаулық сақтау ұйымдарында анестезист-мейірбике лауазымы әрбір анестезиолог- реаниматолог дәрігерге 2 лауазым есебінен белгіленеді.
43. Күйік бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша 1 анестезист-мейірбике лауазымы белгіленеді.
44. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ететін орта медициналық персонал лауазымдары:
мейірбикелер - 3 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді;
фельдшер-зертханашылар (зертханашылар) - 6-15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
45. Мейірбикелер лауазымы 33-тармақта аталған анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері лауазымына сәйкес белгіленеді.
46. Емшара мейірбике лауазымы бөлімшеде экстракорпоралдық детоксикация әдісін жүргізуге арналған 12 төсектен кем емес болмаған жағдайда, егер басқа топ қарастырылмаған болса.
47. Жараны таңушы мейірбике лауазымы медициналық ұйымда хирургиялық көмек көрсететін 150 бала мен 200 ересекке және одан көп төсек болған жағдайда белгіленеді.
48. Бөлімшенің аға мейірбикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді. Бөлімшеде жіті терапия мен реанимация палаталары болмаған жағдайында бұл лауазым 1 анестезист-мейірбике лауазымының орнына белгіленеді.
49. Науқастарды күтетін кіші мейірбике лауазымы ересектердің 6, балалардың 3 төсегіне - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
50. Шаруа-бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
51. Бөлімшедегі төсектер санына қарамай науқастарды тамақтандыру үшін қосымша кіші мейірбике лауазымын енгізуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет