«Денсаулықты клиникалық бағалау және мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары


Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру



бет6/8
Дата24.01.2023
өлшемі40,81 Kb.
#166213
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-12 сұрақтар (1)

Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру



Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.

Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.

Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.

Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.

Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады.

Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады.

Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау

Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.

Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі [6, 7, 29, 32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет