Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет2/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

Экологиялық химияның маңызы
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.
Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егерде, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық баяу жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр.
1. Табигат пен қоршаған ортаға адамның XX ғасырдағы антропогендік әсер етуініц шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине, мұның көріністері әр түрлі:
- бұзылмаған жер көлемінің курт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан да кедейленуі (азуы);
- тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
- XX ғ. орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр;
- құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;
- ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсіреп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.
Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.
Сондай-ақ, адамның табиғатқа жағымсыз эсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалауы» деген сөз.
2. Өсіп отырған антропогендік қысымға табигат бұрын-соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:
- ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және
жаңа биологиялық түрлердің пайда 
болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге де ие;
- микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.
- ландшафтардың антропогендік тұрғыдағы қайта кұрылуымен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп-қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін бақылауға еш келмейтін салдары да жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам табиғатына тікелей қатысы бар.
3. Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір суру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше е се асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат (энергия) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырды.
- адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділігі, сондай-ақ егде адамдардың созылмалы аурулары да кең етек алып отыр. Адам экологиясының проблемалары денсаулықтың проблемаларына көп ұқсап барады.
- адамзат XX ғ. өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр. Экономика екінші қажеттіліктің ұлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған ортамен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.
Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.
Ғылым ретінде қазіргі таңдағы экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.
Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологияның жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осыған сәйкес қоршаған орта туралы ілімнің жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей тұжырымдауға болады:
1) ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан-жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;
2) биосферасы ең маңызды өнім әлеуетінің табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай- күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау;
3) табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау, эксцентризм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркэсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологияланды руға бағытталған шаралар;
4) оңтайландыру критерийлерін орындау - экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді таңдау мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі (бағдары);
5) адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемінқалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды.
3. Қоршаған ортаға химиялық қосылыстардың тигізетін әсері 
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты калдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға. суға және топыраққа тусіп, бір трофикалық тізбсктен екіншісінс өте отырып, адам организміне келіп туседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердін әр турлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына. шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қыска мерзімде болса да адамға әсері - адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтеледі. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өндейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына. шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болсада адамға әсері - адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтеледі. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өндейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктін құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жакканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зияның тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыккан цемент шандары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен корғасын бар металлургия зауытынын қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар коректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін.
Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мүхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан су" қаупін туғызары сөзсіз.
Мұхиттардың денгейінің көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема. осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн.
«Озонның жұқаруы». XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында байкалып озоннын мөлшері күрт азайып, (космостык станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км2 аумақты камтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.
Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, онын негізгі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені аныкталды. химиялық косылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон умолекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің елердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көсір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар тұмандыктар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды.
Сол сияқты отынды жаккан кезде де күкірт қышкылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет