Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия


сурет. КТУА азықтаратқышы жұмысының технологиялық схемасы



бет14/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс

сурет. КТУА азықтаратқышы жұмысының технологиялық схемасы
абүйір жағына таратқанда екі жағына таратқанда бір жағына таратқанда бартжағынан түсіргенде.
Берілетін азық нормасын таратқыштық бойлық транспортерінің жылдамдығын және трактордың алға жүрген жылдамдығын өзгертіп реттейді. Бойлық транспортер жылдамдығын өзгерту храповикті механизмді белгілі бір күйіне келтіру арқылы орындалады. Мұнда бойлық транспортер жылдамдығы, шатун бір рет қозғалғанда, шүріппелер храповикті дөңгелектің тістерінің қаншасын ұстап қалғанына байланысты. Шүріппе ұстап қалатын тістер санын, ал бұл бойлық транспортер жылдамдығы деген сөз /реттеу үшін храповикті дөңгелектің тістерін қорғағыш қаптамамен жауып, қаптаманы осы күйінде секторға бекітеді (сурет).

сурет. Храповикті механизм құрылысы /а/, таратқыш өнімділігін реттегенде шүріппелердің тұратын күйі /г/ және бойлық транспортерді алға /б/ немесе артқа /в/ жүргізуді реттеу Iмаксимальді өнімділік IIминимальді өнімділік кривошип , шатун тісті дөңгелек жақ саусақ шүріппе серіппесі ,, шүріппелер қаптама қаптаманы бекітетін тетік бекіткіш.


Бір шаршы метр ұзындыққа азықтаратқыш мынадай азық массасын бере алады . . . кг сүрлем, . . . кг көк балауса, . . . кг пішендеме, . . . ірі сабақты азық.
Бойлық транспортердің қозғалысын алға не артқа қарай өзгерту үшін шүріппелерді (б, в) суреттерде көрсетілгендей күйде бекіту қажет.
Жылжымалы кішігабаритті РММФ азықтаратқышы (сурет) КТУА азықтаратқышы орындайтын жұмыстарды орындауға арналған, бірақ қоралардағы ені тар (, метрден кем емес) азық жолдарында жұмыс істей алады.

сурет. Кіші габаритті РММФ азық таратқыш


рама қорап битер бойлық бергіш транспортер кардан білігі домкраттіреуіш жүріс бөлігі түсіргіш транспортер.

Таратқыштың түсіргіш және бойлық бергіш транспортері, битерлер блогі, жетектер жүйесі және берілістерінің құрылысы КТУА таратқышына ұқсас. РММФ таратқышы ДТ және Т тракторлармен агрегатталады, жұмыс органдары трактордың қуат бергіш білігімен қозғалысқа келтіріледі.


Тіркемелі азықтаратқышараластырғыш РСП және ЗИЛ автомобилінің шассиіне орнатылған азықты таратқышараластырғыш АРС суретте көрсетілген. Бұл таратқыштар мал рационындағы азық компоненттерін (күшті жем, қоспалар, ұсатылған шөп, пішендеме, сүрлем, гранул және т.б.) қабылдап алады, тасымалдайды, араластырады және алынған қоспа азықты ірі қара мал фермаларының қорасында немесе алаңдарында біркелкі қылып оттықтарына салып береді.
Таратқыштарға азық түрлері азық цехінің таразысы бар бункерінен немесе тиегішпен артылады. Тиеген кезде және тасымалдау процесінде азық компоненттері жақсылап араластырылады. Агрегат оттықтарға жақындаған кезде, тракторшы кабинасынан тиегіш транспортердің бағыттағыш науасын түсіреді. Осы кезде түсіргіш тесік ашылады және автоматты түрде түсіргіш транспортер жұмысқа қосылып, азықты науаға береді. Азық таратылып болған соң түсіргіш тесік жабылады, бағыттағыш науа транспорт жағдайына көтеріліп, таратқыш азық компоненттерін тиейтін орынға барады.
Қорап ішіндегі азықтар шнектермен араластырылады. Төменгі шнек кузов түбінде жатқан азық массасының қабатын жоғары шығарады, ал үстіңгі екі шнек азықтың жоғарғы қабатын қораптың ортасынан оның екі жақ шетіне қарай және төмен қарай жылжытады. Осыдан барып қорап ішінде азық араластыратын екі контур пайда болады да, біркелкі қоспа азық массасы дайындалады.



сурет. Азық таратқышараластырғыштардың технологиялық схемалары


атіркемелі РСП бавтомобильді АРС жүріс бөлігі жетек механизмі қорап жапқыш жоғарғы шнектер төменгі шнек рама салмақ өлшегіш құрылыс түсіргіш транспортер.
Орта және ірі фермалар үшін үлкен салмақты КТУФ азықтаратқышы ұсатылған шөп, сабан, тайланған және рулондаған азықты тасымалдап мөлшерлеп таратуға арналған. Сонымен бірге таратқышты азықжинағыш комбайндардан массасы тасымалдауға және басқа да ауылшаруашылық жүктерін тасып артқы жағынан түсіруге, ұсатылған азықтарды азық қоймаларына беруге қолдануға болады. Таратқыштың жүргіш бөлігі тандем схемасына сәйкес бір осьті оң және сол дөңгелек қосарланып істеліп, үлкен габаритті шиналар және тежегіш жетегі пневматика түрінде орындалған. Әмбебап битер механизмінің жұмыс элементтері сына түріндегі тіс және сегментті пышақ болып орындалған. Көлденең транспортер ені  мм. Бойлық транспортердің жетегі жұдырықты кривошип және реттелетін эксцентриситеттен тұрады.
Азық бір және екі жағына таратылады, жылдамдығы  ,. . ., м/с, бір сағаттағы өнімділігі сүрлем таратқанда,  тонна, көк балауса таратқанда, , тонна, ұсатылмаған шөп тонна бір жағына таратқанда, ал екі жағына бірдей таратқандағы өнімділігі  тонна.
Қазіргі уақытта шошқа фермалары үшін құрғақ және жартылай сұйық қоспа азықтарды тасымалдап және тарату үшін трактормен агрегатталатын КУТА, автомобильге орнатылған КУТ, ОБМ және электрлендірілген РСА, КС,, КЭС, және КСП, жылжымалы таратқышараластырғыштар шығарылады.
КУТ,А азықтаратқышының жүк көтергіштігі  тонна. Таратқыш күшті жем, ұсақталған көк балауса, сүрлем, тамыр-түйнекжемісті және қоспа жемді тасымалдап, араластырып таратуға арналған. Ол жүріс бөліктен, бункер және жұмыс органынан тұрады /сурет/.


сурет. Әмбебап КУТА азықтаратқы


кардан берілісі редуктор аралық білік науаның гидроцилиндрі шнек жетекші білік ысырма жапқыш транспортер басқару рычагі тартқыш білік дөңгелек айналма қырықаяқ бағыттағыш шнекті қосқыш рычаг рама домкрат.
Қырғышты транспортер түйық контур бойымен жұмыс істейді және араластырғыш қызметін атқарады. Транспортердің негізгі жұмыс бөлігі алдыңғы көлбеу бөлігі. Ол азықты тасымалдап және түсіргіш терезе арқылы шнекке береді, ал шнек азықты науаға беріп одан әрі оттыққа салынады. Азықты беру нормасы түсіргіш терезеге орнатылған ысырмажапқыш көмегімен орындалады. Таратқыш азықты бір және екі жаққа тарата алады. Барлық жұмыс органдары трактордың қуат таратқыш білігінің көмегімен жүргізіледі.
Таратқышараластырғыш РСА (сурет) шошқа қораларында ылғалдылығы  пайыз жартылай сұйық азық қоспасын араластырып таратуға арналған. Таратқыш құрамына бункер, қалақшалары бар араластырғыш механизм, жетекші механизм, таратқыш механизмі, басқару механизмі және электржабдығы кіреді.

сурет. РСА таратқышараластырғыш


бункер былғауыш тірек былғауышты қосатын рычаг басқару шкафы түсіргіш шнектерді қосқыш рычаг шибер рычагі жетекші доңғалақтарды қосқыш рычагі отырғыш электрдвигатель тежегіш педалі рама жетекші дөңгелек червякті редуктор конусті редуктор  таратқыш шнек шнек қаптамасы.
Таратқыш бункері цилиндр формалы және горизонталь бағытта орнатылған. Оның жоғарғы жағында азық салынатын қабылдағыш тесік бар. Бункердің төменгі орталығында екі тесікте патрубкалар және түсіргіш шнектер бар. Тесік пен шнек мойындары қосылған жерде жапқыштар орнатылған. Жапқыштарды жылжытып азық нормасын реттейді. Бункер ішінде екі тірекке қалақтары бар винт тектес былғауыш орнатылған. Былғауыштың қалақтарының винті бір жағынан оң орау, екінші жағынан сол орау түрінде орындалған. Бұл азықты сапалы араластыруға және бункердің төменгі жағының ортасындағы тесікке жылжытуға жағдай жасайды. Таратқыштың электржабдығы электрдвигатель, қосқыш, қорғағыш аппараттар және басқару аппараттарынан тұрады. Таратқыш бункерінің сиымдылығы , м, араластырғандағы өнімі , т/сағ., ылғалды азықты таратқандағы өнімі  т/сағ., қозғалыс жылдадығы , м/с, электрдвигателінің қуаты  кВт.
Электрлендірілген жылжымалы КС, азықтаратқыш (сурет) репродукторлы және бордақыланатын шошқа фермаларындағы барлық жастағы шошқалар үшін қоспа жем дайындап таратуға арналған. Азықтаратқыш өздігінен жүретін арба, электрдвигатель, бункерараластырғыш, екі таратқыш шнек, мөлшерлегіш құрылыстан, төрт жылдамдықты бергіш қорап, оператор тұратын орын және басқару пультінен тұрады. Бункерге азық компоненттерін салып, содан кейін шнекбылғауыш пен қалақты былғауышты . . . минут бойы жұмысқа қосып араластырады.

сурет. КС, азықтаратқышы.


ажалпы көрінісі бөлгіш қорап азықтаратқышты автоматты тұрде тоқташқыш тетік рама моторредуктор ,түсіргіш шнектер қалақты былғауыш бункер траверс шнекбылғауыш тегістегіш басқару пульті электржабдығы азық беру нормасының кестесі шкала штурвал.
бтехнологиялық схемасы бункер шнекбылғауыш қалақтыбылғауыш шиберлі жапқыш түсіргіш шнек.

Таратылынатын азық нормасы шнектегі шиберлі ысырма және таратқыштың жүру жылдамдығын өзгерту көмегімен атқарылады. Бұл үшін шиберлі ысырманың ашылу шамасы мен таратқыш жылдамдығы кесте анықталады. Бункерінің сиымдылығы м, араластырғандағы өнімділігі , т/сағ., құрғақ азықты таратқанда  т/сағ., ылғалды азықты таратқанда  т/сағ, қозғалыс жылдамдығы ,. . ., м/с, электрдвигательдерінің саны , қуаттары , кВт.


Мегежін шошқаға және емшек еметін торайларға арналған КСП, азықтаратқышы суретте көрсетілген.

сурет. КСП, азықтаратқыш схемасы негізгі бункер қосымша бункер былғауыш құрғақ азық шнек  қоректендіргіші түсіргіш шнек шиберлі жапқыш реверсті электр жетегі түсіргіш шнектер электр жетегі арба былғауыш электр жетегі шынжыр беріліс жеңі жұдырық ілініскен муфта.


Арбаның үстінде қоспа жемге арналған негізгі бункер және үстеме құрғақ жемге арналған екі қосымша бункер орнатылған. Сыйымдылығы , м негізгі жетегімен істейтін былғауыш, ал бункердің төменгі жағында фланецтерге екі көлбеу түсіргіш шнегі орнатылған. Фланецтер аралығында шиберлі жапқыш қойылған.
Әрбіреуінің сыйымдылығы , м екі қосымша бункердің шнекқоректендіргіштері түсінгіш шнектермен эластикалы жең арқылы жалғасқан. Қосымша бункерлер астында былғауыш білігімен бір осьте шнекқоректендіргіштер және жұдырықтар ілініс муфталары орналастырған.
Таратқыштың жетекші доңғалақтары реверсті электр жетегінен жүреді. Көк сүтті торайларға таратқышта орнатылған екі шелектен қолмен алып береді.
Азық, таратқышпен шошқаға автоматты түрде немесе қолмен таратылады. Автоматты түрде жұмыс үшін уақыт релесі көмегімен берілетін ылғалды азық нормасы қойылады. Таратқыш мегежінге арналған оттыққа келгенде, ондағы тірек автоматты режимнің рычагіне әсер етіп, таратқыш тоқтайды. Осы кезде түсіргіш шнектер іске қосылып азық екі жақтағы науаға беріледі. Белгілі азық нормасы берілгеннен кейін уақыт релесі түсінгіш шнектерді тоқтатып, таратқышты келесі оттыққа жылжыту үшін арбаның двигателін іске қосады.
Қосымша бункерлерден құрғақ үстеме жемді емшек еметін торайларға беру үшін оператор шнекқоректендіргіштердің ілініс муфтасын қосады, қайтақосқышты азық тарату режиміне ауыстырып, азықтаратқышты автоматты жұмыс режиміне қосады. Жұмысқа қосытқыш және қосымша бункер шнектері қосылып, белгіленген уақыт ішінде торайлар науасына үстеме жемді түсіреді. Таратқыштың ылғалды азық беру өнімділігі т/сағ., азық таратқандағы жылдамдығы , м/с, электрдвигательдерінің саны , ал олардың барлығының қуаты , кВт.
КЭС, азықтаратқыш құрғақ, түйіршіктелген және ылғалды азықтарды шошқалар топталып күтілетін қораларда қолданылады. Ол өздігінен жүретін екі осьті арба түрінде (сурет) жасалып, өзінің катокторімен эстакада үстіндегі рельс бойымен жүріп, екі қатарлы оттыққа азық таратады.

сурет. Электрожылжымалы КЭС, азықтаратқышының тех нологиялық схемасыбункер троллейлі кабель каток бағыттағышрельстүсіргіш шнек оттық.


Арба үстінде сыйымдылығы , м бункер орнатылған. Бункер ішінде екі шнек бар. Олар азықты жапқыштары бар тесік арқылы оттыққа түсіреді. Арбаның рамасындағы бірбіріне байланыспаған үш электр жетегі бар. Біріншісі азықтаратқышты жылжытуға, қалған екеуі шнектерді айналдыруға арналған.
Таратқыштың құрғақ азық таратқандағы өнімділігі , т/сағ., ылғалды жем таратқанда, т/сағ., жылдамдығы , м/с, электрдвигательдерінің қуаты , кВт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет