Дәріс №15 Жаралар Дәріс жоспары


 Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата23.01.2022
өлшемі244,86 Kb.
#113427
1   2   3   4   5
Байланысты:
15 дарис (1)

4. Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек 

Алғашқы көмек көрсету кезіндегі негізгі міндеттср мыналар: қанның кетуін тоқтату, 

жараны  ластану  мен  жұктырудан  қорғау,  кан  кеткен  кезде  пайда  болатын  ауруларды 

еекертуге  бағытталған  шараларды  жүргізу.  Жараларды  дәрігерлік  көмек  көрсету  үшін 

хирургиялық стационарға жеткізу. 

Жарақаттанудан кейіңгі алғашқы сәтте қанның кетуі айырықша қауіпті, сондықтан да 

кез келген ықтимал әдіспен қанды тоқтатуға тырысу керек: күйдіргі, тамырды қысу, қатты 

таңғыш байлау. 

Қан кеткен кезде жарақаттанушыны мидың анамизациясынан (қанның азаюы) ескерту 

мақсатында  тегіс  жерге  жатқызу  қажет.  Адамды  талықсытатындай  қан  көп  кеткен  кезде 

оның екі аяғын көтеріп жатқызады.  

5. Қан кетуі 

Қанның  кетуі  жарақаттың  ушығуы,  адам  өмірі  үшін  аса  қауіпті  болып  табылады. 

Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты канның кетуі күре (артериялық) тамырлық, 

ұсақ  (капилярлық)  тамырлық,  көк  тамырлық  (веналық)  және  паренхиматоздық  болып 

бөлінеді. 

Күре тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, 

өйткені қысқа мерзімде организмнен өте көп қан кетеді. Белгілері: қан алкызыл түсті, қан 

баяу ағады немесе атқылайды. 

Көк тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу 

шығады, түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл. 

Ұсақ  тамырлардан  қан  ағу  дененің  жұмсақ  ұлпаларының  ұсақ  тамырлары 

зақымданғанда  байқалады.  Зақымданған  ідікі  органдардағы  ұсақ  қан  тамырларының 

қанның агуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады. 

Паренхиматоздық қан ағу, яғни адамның ішкі қуычына қан кету болып табылады. Бұл 

бауыр,  бүйрек,  асқазан  ішектен  және  т.б.  іш  қуысына  аққан  қандар  өте  қауіпті  және  қан 

кетуін анықтауы қиын. 

Күре  тамырдан  аққан  қанды  тоқтату  алғашқы  медициналық  көмектің  негізгі 

міндеттерінің  бірі.  Күре  тамырдап  ақкан  қайды  уақытша  тоқтатудың  ең  белгілі  және 

жылдам әдісі — зақымдалған күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу.  

Ұйқы  күре  тамырын  оны  зақымдалған  жерден  төмен  (жүрекке  жақын)  мойынның 

жүлынына қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан 

соң  жараға  тазартылған,  қысатын  таңғыш  қойып,  оның  үстіне  бинттің,  салфетканың, 

мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нығыз кесіндісін салып орайды. 

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағынан қан аққан кезде дене мүшелеріне қан 

тоқтататын күйдіргіні (жгут), басқа қатты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқтатуға 

болады. 


Қан тоқтататын күйдіргі(жгут) ені (1,5 -2 см) жалпақ иілмелі резина кесіндісі. Оның 

бір шетіне ілгек, екінші шетіне ілмегі бар жүзікше бекітілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет