туралы дұрыс мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.
Кадастр мәліметтері
топографиялық-геодезиялық, аэроөғарыштық,
картографиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық,
геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу
мен іздестіру жұмыстарын
жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі
белгіленген тәртіппен жер құқығы қатнастары субъектілеріне бекітіліп
берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учакесі болып табылады.
Кадастрде әр жер учаскесінің физикалық сипаттамасы келтіріледі. Олар
учаскені кеністікте бөліп көрсетеді: оның орнын, мөлшерін анықтауға,
сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді.
Жер учаскелер туралы
мәліметтер жер кадастрлық картада көрсетіліді: оның кадастрлық нөмірі,
орны, шекарасы, жазулары белгіленеді. Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан
денегейінде жинақталады. Онда
учаскенің кадастрлық нөмірі, жеке немесе
заңды тұлғаның /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы
органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы,
бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде
шектеу туралы мәліметтер
көрсетіліп сақталады. Бұл мәліметтер меншік түрлері, жер санаттары,
аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: