Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет9/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
дәріс

Спин квант саны (mS) электронның өз осінде айналу бағытын сипаттайды (spin – «зырылдауық»).

Ось бойымен тек екі бағытта ғана (сағат тілімен бағыттас және оған қарсы) айналу мүмкін, сондықтан mS басқа кванттық сандарға тәуелсіз тек екі мән қабылдайды:  ½. Спині mS= +½ спинді электронды шартты түрде  белгілейді, ал спині mS = – ½ болса онда  белгісі қолданылады.
Бір АО екі электрон (ē) орналасқан жағдайда жұптасқан деп, егер бір электрон болса жұптаспаған деп аталады. Демек, mSбір атомдық орбитальдағы максималь электрон санын анықтайды.
Атом құрылысы теориясының қазіргі маңызды қағидасы Паулидің шектеу принципі (1925 ж): атомда төрт квант сандары бірдей екі электрон болуы мүмкін емес.
Паули принципі әрбір энергетикалық деңгейде және деңгейшеде электрондардың максималды санын есептеуге мүмкіндік береді. 2.1-кестеде бас квант санының деңгейшенің санымен, орбитальдің типімен және санымен, алғашқы төрт периодтың элементтері үшін деңгейдегі және деңгейшедегі электрондардың максималды санымен байланысы көрсетілген.

2.1-кесте. Электрондардың орбитальдар бойынша таралуы



Энергети
калық деңгейше

Деңгей
шелердің саны

Орби
таль дар

Орбитальдардың саны

Электрондардың максималды саны

деңгейшеде

деңгейде

деңгейшеде

деңгейде

K (n = 1)

1

1s

1

1

2

2

L (n = 2)

2

2s

1

4

2

8

2p

3

6

M (n = 3)

3

3s

1

9

2

18

3p

3

6

3d

5

10

N (n = 4)

4

4s

1

16

2

32

4p

3

6

4d

5

10

4f

7

14



2.3 Электрондық бұлттардың толтырылу ережелері

Көп электронды атомдардың электрондық бұлттарын толтыру үшін ең кіші энергия принципін, Хунд және Клечковский ережелерін ескеру қажет.
  • Ең кіші (минималь) энергия принципі: атомдағы электронның ең тұрақты күйіне ең кіші энергия мәні бар күйі сәйкес келеді.
Сондықтан алдымен ең кіші мәндегі энергетикалық қабаттар толтырылады. Осы принципке сәйкес, атомдық орбитальдарды электрондармен толтыру ең төменгі энергиямен басталады.



  • Клечковскийдің бірінші ережесі: n менең төменгі мәнімен сипатталатын n + ℓ қосындысының өсу ретімен жүретін деңгейлер мен деңгейшелерден басталады.

  • Клечковскийдің екінші ережесі: егер екі орбиталь үшін (n + ℓ) қосындысының мәні бірдей болса, онда бірінші кезекте атомдық орбиталь электрондармен бас квант санының (n) мәні кішісінен бастап толтырады.

Клечковскийдің ережелеріне сәйкес, атомдық орбиталь электрондармен энергияның артатын бағытында (орбитальдардың толтырылу реті) мына түрде толтырылады:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет