Дәріс тақырыбы: Ес және зейін Жоспары


Естің процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі23,36 Kb.
#96106
1   2   3   4   5
Байланысты:
6- сабақ. Ес және зейін

Естің процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту. Есте қалдыру процесі адамның өмір тәжірибесін байытады. Ес әрекеті есте қалдырудан басталады. Қабылдау процесінде тітіркендірген нәрсенің ми қабығында ізі қалады, сол нәрсемен адамның өмір тәжірибесінің, білімінің және нәрсенің өз құрамындағы бөлшек, элементтерінің арасында байланыстар жасалады. Есте қалдырудың әдістері бар. Алға мақсат қоймай, сәтті ететін тәсіл қолданбай есте қалдырсақ, ырықсыз есте қалдыру болады. Алға мақсат қойып, арнаулы тәсілдер қолданып, есте қалдырсақ, ырықты есте қалдыру болады. Оқу процесінде оқу материалының есте қалдырылуы үйреніп алу болады. Үйреніп алу дегеніміз – қайталап, пысықтау.
1. Механикалық есте қалдыру. Материалдың ішкі мазмұнвн қадағаламай, сыртқы байланыстарын түсінбей есте қалдыру механикалық болады. Механикалық есте қалдырғанда үйреніп отырған материалдың бөлшектерінің қалай ұштасқаны, сөздің, қимылдың, алдыңғысының соңы, кейінгісінің алды қалайша түйіскені есте қалады.
2. Мағыналы есте қалдыру. Материалды жақсы ұғынып, терең түсініп, мағыналы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтай отырып, еске түйіп қалу мағыналы есте қалдыру болады. Есте қалдыруды мағыналы ететін – ойлау.
Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - ми қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздердің жандануы. Қайта жаңғырту кезінде іздерді жандандыру ассоциациялар негізінде өте алады. Есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі – уақытша байланыстар. Олар психологияда ассоциация деп аталады. Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану - бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Ӛмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына кӛп кӛмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді.
3. Егер адам не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса, бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біз бір затқа қарасақ, оны байқамауымыз немесе нашар көруіміз мүмкін. Өз ойына терең шомған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөзін естіседе, мән-мағынасын түсінбейді әрбір жерінің ауырып отырғанында сезінбеуі мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңіл аударса, оның егжей-тегжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет