Дәріс тақырыбы: Педагогика пәні мен міндеттері



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,53 Kb.
#86365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 лек, 1-2 практ сабак

Тапсырмалар:
1.Педагогика - тәрбие туралы ғылым.
Шарты: студенттердің жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық мәселелері бойынша білімдерін пайдалану іскерліктерін қалыптастыру, оларды педагогика ғылымының негізгі құрамды бөліктерін модельдеуге үйрету. Өткізудің формасы: интеллектуалдық ойын – ңҒылымның жаңа саласын жасаушыларң.
Жұмыстың мазмұны: Оқытушының кіріспе сөзі: Алғашқы жоғары оқу орындары – орта ғасырлық университеттер Қайта өрлеу дәуірінде Европада пайда болған. Шығыста медреселер – жоғары діні оқу орындары болған. Оларда студенттерге білім берудің құнды, әрі бай тәжірибесі жиналған. Көрнекті педагогтар болашақ маманды оқыту мен оны тәрбиелеу туралы прогрессив идеяларды ұсынған. Болашақ педагогтарды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, мазмұны, формалары мен әдістері туралы шынайы білімдерге деген сұраныстарына қарамастан ғасырлар бойы оған жауап іздейтін ғылым болмаған. XX ғасырда жоғары мектеп ғылым мен техника, өндіріс, мәдениет және қоғамдық алға басудың барлық салаларын дамытудың құдіретті факторына айналды. Жоғары мектеп мемлекеттің беделін анықтайтын болды. Сонымен қатар, жоғары мектеп педагогикасы деп аталатын ғылымның дербес саласы ретінде шығуына қажетті объективті және субъективті себептер пайда болды. Сіздерге осы ғылым саласының негізін қалаушы рөлін орындау жүктелген деп елестіңіз. Сіздердің маңдайыңызға осы ғылым саласының ңәкесің болу жазылған.
Тура XVІІ ғасырда Я.А.Коменскийге педагогиканың дербес ғылым саласы ретінде мойындалуын қорғау міндеті жүктелгендігі сияқты, сіздерге жоғары мектеп педагогикасы дербес ғылым саласы ретінде негіздеу (әрине оқу) міндеті жүктеледі. Қазір біз топтарға бөлінеміз (студенттерге бірдей сандағы әр түсті карточкалар таратылады). Карточкалардың түсіне қарай студенттер топтарға жиналады. Әрбір топ өзіндік ғылым саласын – жалпы педагогиканы модельдейді. Оның үшін ойын қағидаларын ескеру керек: Өзіндік дербес ғылым саласы болуы үшін жалпы педагогика: а) өзіндік зерттеу нысанасына; б) өзіндік зерттеу пәніне; в) өзіндік зерттеу міндеттеріне; г) өзіндік заңдары мен қағидаларына; д) өзіндік зерттеу әдістеріне; е) өзіндік ұғымдарына ие болуы керек. 1 сағат көлемінде сіздер ватман парағына жалпы педагогиканың ғылым ретінде сипаттайтын осы компоненттерін жазуларыңыз керек. Қиындықтар кездескен жағдайларда әдебиеттерден пайдалануға рұқсат етіледі. Жобалар қорғалады. Ең үздік жоба иесі болған командаға «Жалпы педагогика ғылымының үздігі» атағы беріледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Стефановская Т.А.Система и методика преподавания педагогических дисциплин в вузе. Москва ,2000
2. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е.Жоғарғы мектепте білім берудің дидактикалық негіздері.Алматы,2003
3.Өстеміров К.,АйтбаеваА.,қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет