Зачет (сынақ) -
қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір
тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн
бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра
қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасы-ның негізгі
бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру,
тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан -
оқушылардың білімін қорытынды тексеру-дің және
бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың
білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша
оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің
шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |