Адам үшін дәрумендердің негізгі көзіне азық-түлік жатады. Тағамның құрамында дәрумендердің болуы әр түрлі себептерге байланысты болады: өнімнің сұрыпы мен түріне байлаысты, сақтау мерзімі мен әдісіне байланысты, өнімді технологиялық өндеу сипатына байланысты, тағамды таңдау және тамақтану әдетіне байланысты. Тағамның құрамы да маңызды рөл атқарады.
А
А
А
Д
Е
К
В2
В1
В9
В9
В2
РР
РР
В6
В6
В12
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.