Тапсырма оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес болуы керек
Тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі керек
Тапсырмалар сараланған болуы керек, яғни оқушылардың жеке ерекшеліктерін, нақты айтқанда қабылдау мен ойлау, жұмыс істеу қарқыны, пәндік және пәнүсті дағдыларының қалыптасу деңгейінің ерекшеліктерін ескеру маңызды
Тапсырмалар оқушыларды танымдық әрекетке ынталандыратындай алуан түрлі, нақты және түсінікті болу тиіс
ТАПСЫРМА ӘЗІРЛЕУ КЕЗЕҢДЕРІ
Жоспарлау кезеңінде бағалауға арналған тапсырманының әзірлеу мақсаты мен міндеттері айқындалып, қажетті құжаттар анықталады.
Құрастыру кезеңінде пәннің оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану арқылы тапсырма әзірленеді.
Сараптама жасау кезеңінде тапсырманың сапасын талдап, материал қайта қаралады, қажет болған жағдайда тиісті өзгертулер енгізіледі.
Қолдану кезеңінде белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес тапсырма қолданысқа енеді.
Талдау кезеңінде тапсырманы қолдану нәтижесі талданады, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізіледі.
ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ Жабық тапсырмалар бір дұрыс жауабын таңдау тапсырмасы
бірнеше дұрыс жауапты таңдау тапсырмасы
Салыстыру/ сәйкестендіру
Дұрыс реттілікті анықтауға берілген тапсырма
Ақиқат немесе Жалған
(FALSE/TRUE)
Ашық тапсырмалар қысқа жауапты қажет ететін
толық жауапты қажет ететін
эссе
...
ЖАБЫҚ ТАПСЫРМАЛАР Ақиқат немесе Жалған (FALSE/TRUE)
бір дұрыс жауабын таңдау тапсырмасы
бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмасы
сәйкестендіруге арналған тапсырмалар
реттілікті анықтау тапсырмалары
БІР ДҰРЫС ЖАУАПТЫ ТАҢДАУ ТАПСЫРМАСЫ КӨП ТАҢДАУЫ БАР ТАПСЫРМАНЫҢ МЫСАЛЫ