Екінші кіші топ Қуыршақтарға қонаққа



бет9/23
Дата07.02.2022
өлшемі192,16 Kb.
#92370
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
ҚИМЫЛДЫ ОИЫН КАРТОТЕКА 2кіші топ

14.Айдарлы-мекиен тауық.
Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) – мысық. Мысық
шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Тәрбиеші:
Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,
Қыт-қыт», - дейді ауық ауық.
Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:
Тұрған жолдың бойында
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам, ойында
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Мысық көзі ашады,
Балапандар қашады.
Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, - «үйіне», тауық-мамаға қашқан
балапандарды қуа жөнеледі.Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: «Кет,
мысық, балапандарымды саған бермеймін!», - дейді. Ойын қайталанғанда, мысықтың
рөлі басқа балаға тапсырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет