«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік –



бет69/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушыларның жарғылық қорға салған салымдарымен шектелетін жауапкершіліктері бар, ал ол сомалар жеткіліксіз болған жағдайда салған салымдарына тең келетін өз иелігіндегі мал-мүлкімен қосымша жауапты болатын шаруашылық серіктестік. Бұл жауапкершіліктің көлемі қатысушылардың өздерімен өз бетінше жасалады да жарғылық құжаттарда белгіленеді, бірақ ол олардың жарғылық қорға салған салымдарының екі есесінен аз болмауға тиіс.

Қорпорация — бизнестің ең көп тараған және қалаулы түрі болып табылады. Корпорацияның басты артықшылығы – акционерлердің корпорация қызметінің нәтижелеріне деген жауапкершіліктерінің шектеулі болуы. Корпорацияны акционерлер сайлайтын директорлар Кеңесі басқарады. Директорлар Кеңесі Корпорацияның стратегиялық дамуына жауап береді, ал оперативтік басқарумен маман менеджерлер айналысады. Корпорацияны ұйымдастыру серіктестікті ұйымдастырумен салыстырғанда қиын шаруа болып келеді, ал жеке кәсіпкерлікпен салыстырғанда болса да қиын. Корпорацияны құру корпорация туралы ереженің дайындалып, тиісті басқару органдары тарапынан бекітілуін және корпорацияның жұмыс істейін деп жатқан жердегі барлық штаттар үшін квалификациялық құжаттардың даярлануын қамтиды.

Корпорацияны құру кезінде қажетті ұйымдық құжаттардан басқа тіркеу салымының төленуі және корпорация статусы мен корпорацияның жұмыс істейін деп жатқан жердегі барлық штаттардан сертификат алу үшін лицензия мен франчайзинктік салықтардың төленуі шарт. Корпорацияның жұмыс істеуі жыл сайын директорлар Кеңесі есеп беретін акционерлер жиналысын өткізуді талап етеді. Жылдық есеп корпорация жұмыс істеп жатқан жердегі барлық штаттардың тиісті басқару органдарына ұсынылуы қажет.

Жеке кәсіпкерлік пен серіктестікке қарағанда корпорацияда сабақтастық бар, яғни корпорация мүшелерінің (акционерлердің) бірінің кетіп басқаларының пайда болуы корпорацияның жұмыс істеуіне ықпал етпейді. Акционерлер акцияларын үшінші біреуге беруге немесе сатуға құқылы. Корпорацияның әртүрлі акциялар шығару жолымен капитал тарту мүмкіндігі кеңдеу және шығаратын акцияларының түрлері мыналар: дауыс беру құқығын беретін және дауыс беру құқығын бермейтін жай акциялар және артықшылығы бар акциялар. Айырбасталымды облигациялар сияқты әртүрлі мерзімдік міндеттемелерінің де қолданылуы мүмкін.

Салық салу тұрғысынан S -Корпорациясы серіктестікке өте ұқсас келеді. Пайда акционерлер арасында бөлістіріледі де, олар өздерінің жеке кірістеріне салық төлейді. Шығынға ұшырау кезінде ол шығындарды корпорациянның мүшелері арасында бөлістіру мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе бизнестің жиі шығынға ұшырайтын алғашқы жылдарында әлеуетті инвесторлар үшін артықшылық болып табылады.

Қазақстанда мемлекет меншігіндегі объектілерді жекешелендіруге байланысты корпорациялық қозғалыс кең өріс ала бастады. Мұндай жекешелендіру барысында ондаған мың кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналып кетті. Бірақ біздегі акционерлік қоғамдарды дамыған нарықтық экономикасы бар елдерден корпорацияларға ұқсатуға әлі ертерек. Белгілі болғандай, кез-келген акционерлік қоғамның өмір сүру тәсілі - акция, яғни номиналды бағасы бар және девидент түрінде акционерлік қоғамның тапқан пайдасының бір бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаз шығару. Акционерлер акционерлік қоғамның жұмыстарын басқаруға және жойылған кезде қалған мүліктің бір бөлігін иеленуте құқылы. Дамыған құнды қағаздар нарығының жоқ болу жағдайында біз акционерлік қоғамдар мен олардың бүгінгі таңдағы тиімділігі туралы шартты түрде айта аламыз.

Қазақстан Республикасынның 1997 жылы 5 наурызда шыққан «Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуге алу туралы» Заң мен «Құнды қағаздар нарығы туралы Заңы акциялардың айналымын және олармен жасалатын мәмілелердің тіркеуге алыну тәртібін реттейтін негізгі құжаттар болып табылады. Жарғылық қоры номиналды бағасына тең болатын акцияның белгілі санына бөлістірілген шаруашылық серіктестік акционерлік қоғам болып қабылданады. Акционерлер (акционерлік қоғамның қатысушылары) міндеттемелер бойынша жауап бермейді және қоғамның қызметіне байланысты, қолдарындағы акцияларының құны шегінде шығындалу тәуекелі бар».

Шет елдегідей бізде де жай акциялар мен артықшылықты акциялар өз дамуын тапты. Жай акция иелерінің дауыс беру құқығы бар, ал артықшылықты акция иелерінің ондай құқықтары жоқ, бірақ акцияның артықшылығы акция бойынша алатын девидентті алдыңғы кезекте алуға мүмкіндік беруінде. Бұдан басқа егер акционерлік қоғам жойылатын болса бірінші кезекте артықшылықты акция иелеріне акцияларының номиналды құны қайтарылып беріледі.

Біреуге беру әдістеріне қарай акциялар атаулы, ордерлік және ұсынылмалы болып бөлінеді. Акция иесінің куәландырылған құқықтарын басқа тұлғаға өткізуі үшін сол акцияларды оның қолына ұстату жеткілікті болады. Ордерлік акциялар бойынша құқықтардың өткізілуі акцияның үстіне индосаменттің өткізілгендігі туралы қол қоюымен жүзеге асырылады. Атаулы акциялар бойынша құқықтардың өткізілуі оның жойылуына әкеледі, ал жаңа акционерге жаңа акция беріледі.

Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғам бар. Жарғылық қоры акциялардың номиналды құнына тең келетін акциялардың белгілі санына бөлінген және тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала анықталған тұлғалар шеңберінде бөлістірілетін шаруашылық серіктестіктер жабық акционерлік қоғам деп аталады. Ол шығарылатын акцияларды ашық түрде сата алмайды немесе былайша айтқанда, шектеусіз тұлғалардың сатып алулары үшін ұсыныс жасау құқығы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет