«Эксперименталды психология» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Такырып 3. Психологиялық теория және оның құрылымы



бет8/39
Дата31.03.2022
өлшемі138,47 Kb.
#137487
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
Практ зан Эксп псих
Компьютерлік графика – р т рлі кескіндерді (суреттерді, сызбала, пропорция, 3 сынып ҚМЖ жаңа., 1-тапсырма ЭжМ, 2- тапсырма ЭжМ, 4-тапсырма ЭжМ, СӨЖ 1 Ортаның диэлектрлік өтімділігі, СӨЖ 1. Кулон заңы
Такырып 3. Психологиялық теория және оның құрылымы
1. Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және коопрациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді,т тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппаратарын, ғылыми ақпарат жүесін, сондай-ақ, алғышарт, құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай-ақ,қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары нысаны.
Қазіргі таңда психология өзінің ғылым екендігін дәлелдеді. Сондықтан ғылым болғаннан психологиялық әдістер ғылыми әдістер болып табылады.
Ғылым – ақиқатты анықтайтын, нәтижесі жаңа білім беретін адам іс - әрекетінің жетістігі. Ғылыми білімнің пайдалылығы, тиімділігі, тәжірибелілігі оның ақиқаттығының жетістігінен туындайды. Ғалым немесе ғылыми қызметкер – ақиқатты анықтау, шындыққа көз жеткізу критериімен өзінің іс - әрекетін қалыптастыратын маман болып есептеледі. Сондай – ақ «ғылым» сөзі қазіргі таңда ғылыми әдістерді қолдану нәтижесінде алынған білімнің жиынтығы болып табылады.
2. Ғылыми іс- әрекеттің нәтижесі құбылыстар мен процестерді түсіндіру шындықты сипаттау болып табылады. Ғылыми ізденістің идеалды формасы заңдылықты ашу оны теориялық түсіндіру. Ғылым білім жүйесі және адам іс - әрекетінің нәтижесі ретінде толықтылығымен, жүйелілігімен, сенімділігімен сипатталады және әдістерімен сипатталады. Бұл әдіс рационалды болуы керек. Ғылыми бірлестіктің мүшесі болған адам бұл ғылыми іс - әрекеттің құндылығы ғана болып қарамай, ғылыми әдісті жалғыз тәсіл деп қолдануы керек.
Зерттеудің нормасы дегеніміз не? Бұл сұраққа Т. Кунның «қалыпты ғылым» түсінігін қолдана отырып жауап беруге болады. Ол ғылымның екі қалпын революциондық фаза және қалыпты ғылым фазасын бөліп көрсетеді.
Қалыпты ғылым бұрынғы ғылыми жетістіктерге сүйенетін зерттеудің түрі. Қазіргі таңда сирек болса да оқулықтардың алғашқы формасында кездеседі. Қалыпты ғылым «парадигма» түсінігімен байланысты. Парадигма заң, теория әдіс және оны тәжірибеде қолдану нәтижесінде жалпы қабылданған ғылыми зерттеу үлгісі. Парадигманың өмір сүруінің белгісі болып табылады. Ғылыми психологияда парадигманың қалыпттары В. Вундттын жұмыстары мен оның ғылыми мектептерінде кездеседі.
Ғылыми зерттеу процесі мынадай құрылымда болады.
1. Болжамды қою.
2. Зерттеуді жоспарлау
3. Зерттеуді өткізу
4. Зерттеудің интерпретациясы
5. Болжамды растау немесе терістеу
6. Болжамның терістелуі нәтижесінде жаңа болжамның пайда болуы.
Жаңа ғылым ғылыми қағиданы немесе болжам қою нәтижесінде туындайды, ол индуктивті немесе шығармашылық түрінде дүниеге келеді. Ол эксперимент нәтижесінде дәлелденеді. Жаңа білім басқа жолмен де, эмпирикалық яғни байқау әдісі арқылы және теоретикалық индуктивті ойды рационалды зерттеу арқылы пайда болады.
Ғылыми зерттеудің талаптары:
1. Ғылыми зерттеу мәселесінің актуальдылығы (көкейкестілігі) зерттеу үшін оны таңдауға негізгі аргумент болып табылады. Зерттеудің актуальдылығы дәл қазіргі уақытта, өз уақытында, сол күнгі қажеттілікке мәселені шешу міндеттілігін білдіреді.
2. Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы мәселенің өзіне қатысты емес ұсынылған шешімге қатысты сипаттама. Зерттеудің жаңашылдығы мәселені шешуге талпыну, тексеруді кең және терең үйренудің нәтижесінде құрылады.
3. Ғылыми зерттеудің практикалық мәні дегеніміз – мәселенің шешімі қаншалықты шындықтағы іс-жағдайын жақсы, тиімді жаққа қарай өзгертетіндігімен анықталады.
Психологияда эксперимент теориялық мәліметті анықтау үшін жүргізіледі. Теория білім жүйесінде ақиқаттың қайшылықсыз жолы болып табылады. Теорияның элементтері бір – бірімен логикалық байланыста болып келеді. Оның мазмұны белгілі бір ереже бойынша көптеген пікрлермен түсініктер негізінде құралады.
Теоретикалық білімнің бірқатар түрлері кездеседі: Болжамдар, заңдылықтар, модельдер, классификациялармен типологиялар, әрбір теорияның мынандай негізгі компоненттері бар: 1. Эмприкалық негіздер (фактілер, эмпирикалық заңдылықтар) 2. Базис – теорияның идеялды обьектісін сипаттайды (аксиома, постулат, болжамдар) 3. Теорияның логикасы-логикалық қорытынды ережесі. 4. Теориялық білімдер.
Теориялық білімнің компоненттері әртүрлі жолмен дүниеге келеді. Теорияның эмпирикалық негіздері эксперимент пен бақылаудың нәтижесінен алынады. Постулаттар мен қағидалар интуиция нәтижесінде туған ойдың рационалды дәлелдейді.
Құрылымы бойынша теориялар аксиомалы және гипотетика – индуктивтік болып бөлінеді. Аксиомалық теориялар дәлелдеуді қажет ететін аксиомалар жүйесінен құрылады. Гипотетика – дедуктивтік, индуктивтік негіздегі эмперикалық негіздегі қағидалардан құралады.
Теориялар сапалық математикалық аппаратсыз, формализацияланған, формальды болып бөлінеді.
Сапалық теорияларға сапалық теорияларға психологтар А.Маслоудың мотивация концепциясын Л.Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясын, Дж.Гипсонның қабылдаудың экологиялық концепциясын жатқызады. Формализацияланған теориялар математикалық аппарат қолданылатын – Д.Хоманстың когнитивтік баланс теориясы Ж.Пиаженің интеллект К.Левиннің мотивация теориясын формальды теория кездеседі. Д.Раштың тестің стохостикалық теориясы (IRT-пункті таңдау теориясы) ол психологиялық-педагогикалық тестілеудің нәтижесін шкалалауда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет