«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары



бет6/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі

Иммунитет пайда болуына әсер ететін факторлар:

Жеке фактор- әр адамның физиологиялық өзгешеліктері, ерекше иммунитет түзу қабілеті.

Жасына байланысты фактор- өте жас нәрестелерде және егде жастағы адамдарда иммунитет кештеу қалыптасады.

Ауа-райына байланысты фактор- жылы климат қалыптасқан аймақтарда иммунитет тез пайда болады, суық аймақтарда- керісінше.

Құнарлы, витаминді тамақтандыру иммунитттің тез, тұрақты түзілуіне оң әсерін тигізеді.
9.Сальмонеллездің этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы. Жіктемесі. Туындайтын асқынулары (инфекциялық-уытты шок, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, инфекциялық-уытты миокардит). Шок кезінде жасалынатын реанимациялық іс-шаралар негізі.Емі. Алдын алу.

Сальмонеллез- нәжіс- ауыз механизмімен берілетін Enterbacteriaceae тегіне Salmonella тобына жататын қоздырғыштардың ішке түсуінен пайда болатын, клиникалық белгілері бактерия тасымалдаушылықтан бастап аурудың асқынған түрі сепсис пайда болуымен сипатталатын, тез өрбитін полиэтиологиялы, зооантропонозды, бактериалды жіті ішек инфекциялық ауру.

Сальмонеллез көбіне тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтеді.

Тарихи мәліметтер. Көп жылдар бойы бұл ауруды тамақтан улану тобына кіргізген. 1885 жылы американдық ғалымдар Д.Е.Salmon және Т.Smith ауырған шошқаның денесінен алғаш рет Bacterium suispestifer қоздырғышын бөліп алды. Ал 1888 жылы G.Gaertner «еттен ұшыну» ауруның себебі бактериялар екендігін дәлелдеді. Ал кейінгі жылдары осы бактериялар тобына кіретін көптеген қоздырғыштарашылып, сипатталып жазылды. Қоздырғыштарды алғаш алғашқы ашқан ғалымның құрметіне сальмонелла деп атады.

Қазіргі кезде сальмонеллез кеңінен таралған аурулардың бірі, ішек инфекцияларының ішінде 30-40% құрайды.

Этиологиясы. Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ

термобильді талшығы бар Н-АГ

термобилбді соматикалық Vi-АГ

эндотоксин



Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты

топырақты және суда 1-5 айдай сақталады

нәжісте 25 күнге дейін

тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін



киімде 2 аптаға дейін сақталады

Аурудың қоздырғышы – бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5 – 10 күндей, сары май мен етте 1 – 3 айға, қыздырғанда 50С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.

Сальмонелезбен жас бұзаулар 20-60 күндік кезінде, ал қозылар 5-20 күндік кезінде жиі ауырады. Паратиф негізінен жіті және созылмалы екі түрге өтеді.

Аурудың жіті түрімен ауырған бұзаулардың азыққа деген тәбеті төмендейді, ден қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі. Ауру малының нәжісі сұйылады, кейде қан аралас іші өтеді. Мұндай бұзауларға дер кезінде шығу емдеу шараларын жасамаса олар 5-7 өлуге ұшырайды.

Ал індет созылмалы түрге өтетін болса, онда бұзаулардың дене қызуы 39-40° аспай, шамалы іш өтеді, нәжісінің түсі сарғыш болып іріктеніп, көпіршікке айналады.

Ауруға буаз саулықтар шалдыққанда, алғашқы күндері бірен-саран қойлар іш тастайды, ал шамамен он күнене соң отардағы саулықтар жаппай қозы тастайды немесе төл өлі тастайды.

Індет басталған саулық отарларында жаңадан туған қозылар трапиттен ауыра бастайды. Олардың іші өтеді, ет алмай нашарлап, өкпесі қабынады. Онда қозыларға жедел емдік шаралар жасалынбаса олардың 60%-тейі шығынға ұшырайды.

Міне сальмонолездің осындай өзіндік белгілерімен ерекшеліктерін, эпизоотологиялық деректеріне және ең бастысы бактериологиялық зертеулердің қорытындысын ескере отырып диагноз қояды. Парафитті әсіресе дисперция, лезинтерия, калибактериоз, ал саулықтар жаппай іш тастағанда сарып аурулырынан дұрыс ажырата білген абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет