«Қаржылық статистика» курсы экономикалық бағыттағы мамандарды қалыптастыратын оқу пәндерінің арасында ерекше орын алады.
Аталған курс болашақ мамандардың статистикалық ақпарат, бухгалтерлік, қаржылық және банктік есепті жүзеге асыру және ұйымдастыру сферасындағы мақсатты теориялық және практикалық бағытталған кәсіби білімді алуына арналған.
Пәнді зерттеудің мақсаты
студенттерді Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесіндегі процестердің, өзгерістердің көлемін, құрамын, экономикадағы қаржының тұрақтылығын, қоғамдық өндірістердің қаржымен қамтамасыз етілуін ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық әдістемені қолдану арқылы талдауға, зерттеуге үйрету
Қаржы-несие сферасын статистикалық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен сандық сипаттау, динамикадағы түрлі экономикалық айнымалылар арасындағы арақатынастарға талдау жүргізу;
Қаржы нарықтарының, төлем балансының, салықтық-бюджеттік статистикаларының көрсеткіштер жүйесін жетілдіру. Әлеуметтік экономикалық үдерістердің динамикасын талдауда банктік статистикалық әдістерді қолдануға, өндіріс тиімділігі деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторлардың ықпалын бағалауға дағдылану.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі.
Алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша ситуациялық есептер шешу мен есептеу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады.
Есептер шешумен қатар студенттерге бір жеті минуттық ғылыми баяндама дайындау ұсынылады, ол баяндаманы ауызша тапсырады немесе реферат форматында жазбаша түрде көрсетеді.
-Банк жұмыстарының сенімділік және тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі: банк балансы жағдайының көрсеткіштері, банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері, табыс және табыстылық көрсеткіштері, банктердің пайда және пайдалылық көрсеткіштері;
-Ссуданың бір айналымының орташа ұзақтығын индекстік талдау. Халық депозиттерін индекстік талдау. Халық салымдарының орташа мөлшеріне әсер ететін факторларды корреляциялық-регрессиялық талдау.
Банк статистикасында қарастырылатын мәселелер:
Сақтандыру статистикасы
Сақтандырудың формалары және түрлері, сақтандыру іс-әрекетін статистикалық зерттеу. Әр түрлі сақтандыру көрсеткіштерін есептеудің ерекшеліктері: мүліктік, жеке басты, әлеуметтік сақтандыру.
Сақтандыру сомасының зияндылығын факторлық индекстік талдау. Жеке басты сақтандыру тәуекелін есептеудің статистикалық әдістері. Тарифтік ставкасының, әлеуметтік қамсыздандыруды сақтандырудың, жәрдемақы төлеудің статистикалық көрсеткіштері.
Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі: бағалы қағаздарды шығару, бағалы қағаздардың айналымы және тарату көрсеткіштері, бағалы қағаздардың табыс және табыстылық көрсеткіштері. Қор индексі. Қор индексін есептеудің әдістері: Ласпейрес формуласы бойынша Доу-Джонс индексі.