Ғ. Сланов атындағы орта мектебі Өтеген Елдос 9- сынып оқушысы


Аннотация Зерттеу жұмысының мақсаты



бет2/7
Дата03.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160993
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
. Сланов атында ы орта мектебі теген Елдос 9- сынып о ушысы

Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты
Математиканың адам өміріндегі басқа саладағы маңызын анықтау, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі мен математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін дәлелдейтін мәліметтер іздестіру, математиканы өмірде қолдана білуге үйрету, математиканың басқа салалардағы орны ерекше. Математикасыз өмір сүру мүмкін емес. Уақытты алтынға балап, әр сағатын санап жүретін адам, математика амалдарына ұшыраспай қоймайды. Сағатпен еңбек етеміз, уақытпен демаламыз, тамақты өлшеп пісіреміз, есептеп сауда жасаймыз. Математика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігін зерттеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттерді басшылыққа аламыз:
1. Математиканың шығу тарихы
2. Математиканың адам өміріндегі рөлі
3. Математиканың басқа салалардағы алатын орны
Міндеті:
· Өмір мен математиканың байланысын қарастыру;
· Математикасыз өмір сүру мүмкін емес екенін дәлелдеу.
Зерттеу болжамы:
Егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжаймын.
Зерттеу әдістері:
Іздену, анықтау,сұхбаттасу, қорытындылау, тұжырымдау.
Жұмыстың өзектілігі
Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, басқа салалар бойынша математиканың алар орны ерекше екендігін ұғыну. Математиканың тұрмыста және түрлі салаларда аса қажеттілігін дәлелдеу. Қазіргі оқушылар математиканы тек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады, ал, математиканы тереңдетіп оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сондықтан да, сол қызығушылықты оятып және дамыту үшін «Математика өмірде» атты ғылыми жобаны бастап отырмыз.
Мазмұны:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Математиканың шығу тарихы
2.2. Математиканың адам өміріндегі рөлі
2.3 Математиканың медицинадағы қажеттілігі
2.4. Математика асханада
2.5. Математика тігін саласында
2.6.Математика құрылыс саласында
2.7. Математика бизнесте(саудада)
2.8. Математика құранда
2.9. Математика табиғатта
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет