Факультет: тарих-педагогика Кафедра: Қазақстан тарихы


 Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет14/14
Дата20.12.2021
өлшемі55,83 Kb.
#103898
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
СИК метод семинар

3. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар

Қазақстанның бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі және 1916 ж. үлт азаттық көтеріліс тарихын талдау барысында ең басты әдебиеттерді талдаудан бастау керек. І д.ж. соғыс Қазақстан Ресей колониясы ретінде қатысуы, одан тудырған халық ахуалы осыдан кейін өлкенің әлеуметтік – экономикалық дағдарысы. Бұның бәрі халықтың ашуын тудырды. Қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісінің өрбуі басталды. 1916 жылы үлт азаттық көтеріліс барысы, сипаты мен негігі ошақтарын және көтерілістің негігі зардаптарын қарастыру қажет.

Семинар басталар алдында терминдер мен ұғымдарды айқындап алу керек, ал семинар сабағындағы дискусиялар аяқталғаннан кейін қатысушыларына ортак және дұрыс пікірге келуге көмек ету керек. 1917 жылы ақпан төңкеріліс қазақ қоғамына әсері. Жаңа органдарының пайда болкуы. Соның ішінде уақытша үкімет сайланушылардың әлеуметтік – этникалық және діни топтарының үкімет билігіне ұмтылу қарым – қатынастары. Халықта пайда болған әлеуметтік – саяси процесстерді қарастырыңыз. Алаш партиясы мен «Үш жүз» партиясының бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасаңыз. Бағдарламалардың негігі мақсаттарын анықтаңыз. 

Пікір таласта Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері және Қазақстан Азаматтық қарсылыктың басталуы тақырыбын қарастыра отырып, кеңес өкіметімен оған қарсы билікке ұмтылушылардың мақсаттарын объективті түрде саралауға себепші болады және сабақ өткізу барысында студенттің белсенділігін нығайтады. Ресейдегі Октябрь революциясы. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы. Совет үкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы. Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары.

Қазақстанның азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы.Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. "Соғыс коммунизм" саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің құрылуы, оның құрамы. Қазревкомның мақсаты мен міндеттері. Алашорда үкіметінің жойылуы. Орталық биліктің "Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық республикасын" құру туралы шешімі (1920 ж. 26 тамыз). Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы (1920 ж., 4-12 қазан). Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы мәселелеріне назар салып, саралау қажет.

20 ғасырдың 20-30 ж. Қазақстанның қиын кездерінің бірі, ол кезде экономика, саясаты, мәдениетте көп өзгерістер болды. Қазақ өлкесін билейтін арнайы орган жұмысын қарастырып, Кеңестік кезеңде қазақ ұлтының мемлекеттік атауы мен қазақ автономиясын құрудығы, киррефкомның құрылуы туралы талдап беріңіз.

20 ғасыр республикадығы саяси-идеалистік өмірді сипаттаудың, партияның оппозициялармен күресі және проблемаларда әскери, коммунистік араласу болғанын, «Кіші Қазақн» доктриансының мағынасын, негізгі кезеңдері экономикалық күрестегі реформалар туралы қарастырыңыз.

Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы (1925-1933ж.ж.). "Кіші Октябрь" идеясы, комитетінің V-конференциясының шешімі (1925, желтоқсан), оның отарлық мазмүны.

Қазақ зиялыларының (Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев т.б.) Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Орталықтың биліктегі түрлі топтар арасында "тепе-теңдік" сақтау саясаты. Ұлттық нигилистерді қолдау саясаты. Т.Рысқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі (Рыскуловское совещание националов. 1926,12-14 қараша). Қазақ Өлкелік Партия Комитетінің ІІІ-Пленумы (1926, 25-30 қараша). С.Сәдуақасов, С.Қожанов және Ж.Мыңбаев мәселесі.

Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927-жылдың соңында басталған сот. процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1932).

Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу. Кеңестендіру саясаты. Бай қожалықтарын тәркілеу, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Ауқатты шаруалар қожалығын жою. Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру шаралары.

Ұжымдастыру алдында қазақ ауылдарында ЖЭС-тің арқасында көптеген жақсы жақтары көріне бастады. Бірақ тоталитарлық режимдегі мемлекеттің

Эконамкаға араласуы қазақ ауылдарында кері әсерлер әкелді. «Кіші Қазанның» салдарын атап, ұжымдастыру үшін шаруашылықты ұйымдастыруын суреттеп беріңіз. «Кооперативтендіру» сөзін анықтап, Қазақстандағы оның күштеп ұжымдастыру мен аллмасуын түсіндіріңіз. Тақырыпты ашқанды: ұжымдастыру тепмтерін, еркіндік принциптерін бұзу, колхоздардың пайда болуы, Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 1929-1931 ж.ж. Қазақстандағы көтерілістер. Олардың себебі, қозғаушы күштері, барысы және күшпен басылуы. Босқыншылық. Шет елге ауа көшулер. Босқындардың қайғылы тағдыры. 1931 ж. Аштық туралы сипаттама жасаңыз. Қорытындысында экономикалық, саяси, этнодемографиялық салдарға сипаттама жасаңыз.

1931-1933 ж.ж. аштық. "Бесеудің хаты". Т.Рысқұловтың И.Сталинге жолдаған хаты. Демографиялық апат және оның салдары мен тарихына және бағыттарына мән беріп, анықтап алу қажет.

Қазақстанды "индустрияландыру" саясаты. Индустрияландырудың отарлық мазмұны. Индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа қайраткерлердің индустриялаңдыруға байланысты пікірлері. Кеңестік тарихнаманың "индустрияландырудың" нәтижелерін асыра бағалауы.

Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі. 1937-1938 ж.ж. жаппай репрессиялау шаралары. Ауқымы. Қазақ зиялыларының алдыңғы белсенді бөлігі - репрессия құрбаны. Бұл процестің ауыр салдары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы.

Мұстафа Шоқайұлы - эмиграциялық саяси қызметтің негізін қалаушы. Оның "Яш Түркістан" журналы, "Кеңестер билігіндегі Түркістан" және басқа еңбектері талдау жасалуы тиіс

Қазақстан егемендігінің процесі қарастырылғанда, 80 жылдардағы саяси өмірді қарастыру қажет. Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің дағдарысы. Орталықтың ұлт саясатына наразылықтың күшеюі. Вильнюс, Рига, Баку, Тбилиси оқиғалары. Жаңа Одақтық шартқа даярлық. 1991 жылғы тамыздағы бүлік. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ГКЧП). Кеңестер одағының ыдырауы. Беловежье кездесуі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін сайлау (1991, желтоқсан). Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Республика парламентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңы. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік символдары жөнінде заңдардың қабылдануы. Кеңестердің таратылуы.

Ішкі саяси жағдай. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси тұрақтылық үшін күрес. Тілдер туралы заңнын қабылдануы. Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы (1992, қазан). Қазақстан халықтарының құрылтайы (1992, желтоқсан). Қоғамның идеялық ауызбірлігі - Қазақстанның үдемелі дамуының алғы шарты.

Қазақстан Коммунистік партиясының бұрынғы ауқымдағы өз қызметін тоқтатуы. Саяси аренада жаңа саяси партиялардың (Қазақстан Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық Конгресі, т.б.) және қоғамдық қозғалыстардың ("Азат", "Желтоқсан", т.б.) пайда болуы.

Қарулы күштерді жаңа талапқа сай қайта құру. Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және соғыс-теңіз күштерін құруға бағытталған шаралар.

Нарықтық экономикаға жасалған алғашқы қадамдар. Көп укладты экономиканың қалыптаса бастауы. Ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Кредит-қаржы жүйесінің, ұлттық банктің құрылуы. Қазақстан Республикасының валюта және алмаз, дербес алтын қорларының жасалуы.

Жекешелендіру процесінің және экономикадағы мемлекеттік секторға монополияны жоюдын басталуы. Ауыл шаруашылығын реформалауды, өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жоюды, инфрақұрылымды одан әрі жетілдіре түсуді көздеген шаралар. Жаңа экономикалық жүйе қалыптастыру жолындағы қиындықтар мен қайшылықтар.

Россия және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді және тең қатынас қалыптастыруға бағытталған шаралар. Қазақстан жаңа тарихи жағдайда біртұтас ортақ экономикалық кеңістікті сақтауды жақтаушы. Орталық Азия елдерімен өзара пайдалы жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Россиямен арада экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту.

Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Россиядан және Қытайдан қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу.

Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар ұйымына қабылдануы.

Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы, Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы.

Қазақстанның халықаралық экономикалық, және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау Қазақстан Республикасының әлемдік мемлекеттер қауымдастығына кіруіне жол ашты. Бұл процестің этаптарын, халықаралық дәрежеде Қазақстанның болуы, оның сыртқы саясаттағы концепцияларын көрсетіңіз.Қазақстанның символдарының маңызы мен мағынасын айтып беріңіз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларындағы мәселелерге көбірек мән беру қажет. Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің 10 негізігі міндеттеріне көңіл аударыңыз. Келесі сұрақты қарастырғанда жаңа кезеңнің негізігі міндеттерін шешудің саяси жүйенің дамуындағы бағытын қарастыру керек. Демоктариялық реформа дамуының негізгі бағыттарын ашып, негізгі міндеттерді анықтаңыз. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы, Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы. Қазақстанның халықаралық экономикалық, және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.



Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет