Ғаламның құрылысы туралы түсініктер. Галактикаларды топтастыру элементар бөлшектер.Ғаламның қәзіргі жағдайындағы физикалық бейнесі



бет3/14
Дата03.06.2020
өлшемі340,56 Kb.
#72088
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ғаламның құрылысы туралы түсініктер.Галактикалар.галактикаларды топтастыру.элементар бөлшектер.Ғаламның қәзіргі жағдайындағы..

2.Ғарышкерлер:

Рысгүл - Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.



1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

Айдайсұлу - 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған. Ол американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге ұшты. 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.

Мейрамгүл - Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш,  Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқыш, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқыштың жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

Айкөркем - 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.

Райхан - 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

Балауса - Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленскоблысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) –КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961). 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.

Татьяна - Валентина Терешкова - 1963 жылдың 16-шы маусымында Совет ғарышкері Валентина Терешкова бірінші әйел косманавт ретінде ғарышқа көтерілген. Ол “Восток-6” ғарыш кемесімен орбитаға көтеріліп, ғарышта барлығы үш күндей болған.



Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов - 27.07.1972 Талдықорған облысында дүниеге келген. 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында дайындығын аяқтаған. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын.

Жерге сәтті қондық. Оның үстіне туған жерім қосымша күш берді. Дархан даламның хош иісі аңқып тұр. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Ғарыш саласындағы жұмысымды одан әрі жалғастырамын”, -деген Айдын Айымбетов.



- келесі планеталар туралы мағлұмат тыңдайық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет