Окситоцин, питуитрин – жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігінде қолданылады.
Адиурекрин – 5мл флаконда 2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар.
Қалқанша безі гормонына арналған препараттар: Тиреоидты препараттар гипертереозда, миксидема, эндемиялық зобта, семіруде, кретинизмде, қалқанша безінің ісігінде қолданылады.
Тиреодин - 1-2 таблетка тәулігіне 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.
Тироксин – 0,0001 таблеткадан шығарылып, тәулігіне 1-2-н қабылдау ғана белгіленеді.
Қиыстырылған препараттар: «Тиреотом», «Тиреокомб», «Йодтирикс». Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі ж/е терлеу байқалады.
Эндемиялық зобта йод препараттарын қолданады.
Олар: калий йодиді, йодбаланс, йодамарин, «Антиструмин». Антитиреодтар дәрілер уытты шашыраңқы жемсауда қолданылады. Мерказолил – 1-2 таблетка тәулігіне 1-4 рет тамақтан соң белгіленеді. Пропилтиоурацил(пропицил) – 0,005 таблетка салмағы. Тәулігіне 3-6 рет тамақтан соң белгіленеді. Жанама әсері: лейкопения. Екі препарат та жүктілікте, емізулі әйелдерге және айқын лейкопенияда қолдануға болмайды.